«Білімді студент- білікті маман» атты сайысы өтті. Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай студенттерді ойын элементтері арқылы өз мамандықтарына деген танымдық қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру, білімдерін тиімді пайдалануға баулу. Алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету, ойын элементтерін сабақта тиімді қолдана білуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту. Логикалық тапсырмалар арқылы студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту негізгі үш бағытта іске асыралды: қызығушылығын арттыру, біліктілігін кеңейту, өзіне талап қоя білуі. Шығармашылық тапсырмалар орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп қуанышқа бөленеді. Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденісін дамыту.
Жастарды өз бетімен өзін - өзі тәрбиелеуге, сыйластыққа баулу, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
- тур Таныстыру (топты таныстыру және өздерінің эмблемасын, топтың ұранын таныстырады);
2 - тур Жеті жұрттың тілін біл! (командаға мамандығы туралы сұрақтар қойылады – жауабы 3 тілде болу керек (қазақша, ағылшынша, орысша; max – 3 балл));
3 - тур Кім жылдам - топ басшылар сайысы - Қазақстан және мамандықтары туралы сұрақтар қойылады (20 сұрақтың қаншасына жауап береді?);
4 - тур Тапқыр болсаң тауып көр! - топтық сайыс: Тарихымызды және мамандығынды қаншалықты білесіз? (Шарты: Әр топқа 5 логикалық сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай);
5 - тур Әріптер сөйлейді (экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі);
6 – тур Үй тапсырмасы – өз өнеріңді көрсет! (Шығармашылық тапсырма: музыка, қойылым және т.б.).
Музыкалық пауза
Ойынға 2 топ қатысып жарысты. Нәтижесінде ОПЖД-11/16-01 тобы жеңіске жетті.
Пән оқытушысы
|
23
|
29.11.2016ж.
|
1 курс студенттері арасында |
Достарыңызбен бөлісу: |