Эвм-нің архитектурасының негізгі түсініктері



бет5/7
Дата12.06.2022
өлшемі4,21 Mb.
#146450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ВИДЕОКАРТА

  • Видеокарта көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым жоғары сапада және түрлі түстермен бейнелейді.

ДЫБЫСТЫҚ КАРТА

  • Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.

ЖЕЛІЛІК КАРТА

  • Желілік карта компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді.
  • Желілік картаның бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және сымсыз желілер.

ДИСК ЖЕТЕКТЕР

  • Диск жетектер - бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель арқылы компьютерге қосылады.

USB-диск немеcе флеш-карта

  • Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі - жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар - сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немеcе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 16 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды.

ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ ПОРТТАРЫ

  • Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.

ЖАДЫ ТҮРЛЕРІ

ЖАДЫ ТҮРЛЕРІ

  • Ішкі жады – микропроцессормен өңдеу барысында ақпаратты сақтауға арналған.
  • Сыртқы жады – компьютерден тәуелсіз үлкен көлемді ақпаратты ұзақ сақтауға араналған.
  • Энергияға тәуелді жады – компьютерді ток көзінен ажыратқанда ақпарат жадыдан өшіп қалады.
  • Энергияға тәуелсіз жады – компьютердің жұмыс жасамағанына қарамай жадысынан өшпейді.
  • Кэш (англ. cache), немесе жоғары жылдамдықтағы жады — аз көлемдегі өте тез сақтау құрылғысы. Ол оперативті жады мен микропроцессордың арасында мәліметтерді алмасуда қолданылдаы.
  • Видеожады - бейнелерді сақтауда жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет