Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дәріс №14 Тауық райетинозы



бет51/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дәріс №14
Тауық райетинозы.

Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.

Аурудың патанатомиялық өзгерістері.

Дифференциялды диагнозы, емі, алдын-алу, күресу шаралары.

Гельминтоз тауық, күркетауық, мысыр тауығы және кейбір тауық тектес жабайы құстардың ащы ішегінде тіршілік ететін Raitinella туыстарына жататын таспа құрттардың қоздыруынан пайда болады. Бұл құрттардың аралық иесі құмырсқалар. Бұл ішқұрт ауруына душар болған құстың 80-90%-ті шығынға ұшырауы мүмкін.

Қоздырғышы. Райетиналар ірі цестодалар, ұзындығы 10-25см, ені 1-4см. Емізікшелері 8-10 қатар уақ қармақшалармен көмкерілген. Тұмсығын 100-200-ге таман ілгешектер 1-2 қатар болып қоршаған.

Өсіп-өнуі. Ішегінде паразиттері бар құстар қоршаған ортаға саңғырығымен бірге олардың пісіп-жетілген соңғы буылтықтарын мезгіл-мезгіл шығарып отырады. Сыртқы орта ықпалымен бунақтардың ішіндегі жұмыртқалары жан-жаққа шашылып, сол маңды ластайды. Жұмыртқаларға кез болған құмырсқалар құрт жұмыртқаларын илеуіне тасып, өздерінің балаңдарын қоректендіреді. Олар өскен сайын, оның дене қуысынан орын тапқан цестоданың балаң құрты да біртіндеп дами береді. Құмырсқа личинкасы ересек алтыаяққа айналып, илеуінен сыртқа шыққан шақта оның денесінде цистецеркойд сатысындағы райетиноздың қоздырғышы қалыптасады. Ал тауық тектестер осындай зарарланған құмырсқаларды шоқып, ішқұрт ауруына шалдығады. Құс ішегіне түскен соң жәндік қорытылып кетеді де, одан босанған балаңқұрт ішекке келіп түседі. Олар өзінің төртсорғышын, қармақшаларын пайдаланып, ішектің кілегей қабығына мықтап жабысады. 5-26 күн аралығында ішқұрт жыныстық жетілген тұғырына көтеріледі.

Эпизоотологиясы. Тауықтектестілер райетинозы кең таралған гельминтоз, Қазақстанның шығыс және Оңтүстік өңірлерінде жиі ұшырайды. Инвазияны негізгі таратушысы – райетинозға шалдыққан үй және жабайы тауықтектес құстар. Аурудың қоздырғыштарын жыл бойы барлық жастағы құстардан табуға болады. Бұл дертпен екі айлық жастан асқан балапандар қатты ауырады. Кеселдің өріс алуы көбінесе жаздың аяқ шенінде, әсіресе жаңбырлы күндерден кейін және күзде басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет