15.2 Кәсіпкерлерді қолдудың мемлекеттік бағдарламалары. Жоғарыда аталған барлық инвестиция іздеу нұсқаларымен қатар, кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар. Олардың кейбірін қарайық.
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Бұл бағдарламаның төрт бағыты бар:
1-бағыт. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2-бағыт. Салалық қолдау;
3-бағыт. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4-бағыт. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары.
"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламасы қаржылық емес қолдаудың мынадай түрлі құралдарын тегін пайдалануды ұсынады: бухгалтерлік қолдау; заң қызметтері; кедендік рәсімдер бойынша қызметтер; жобаны қолдау; маркетинг; ақпараттық технологиялар бойынша қызметтер; мемлекеттік сатып алу; мемлекеттік-жекеменшік серіктестік.
Бағдарлама бойынша кеңесшілер қажетті қаржыландыру көзін таңдауға көмектеседі және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша кеңес береді; банктік заемдар бойынша ішінара кепілдік (кепіл болмаған жағдайда); гранттық қаржыландыру алу; жетіспейтін өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; кәсіпкерлік субъектілеріне салалық қолдау алу.
Бизнес-мектеп бағдарлама аясында "Бизнес-кеңесші" бағдарламасы бойынша 2 күндік оқыту, "Бизнес-өсу" бағдарламасы бойынша 5 күндік оқыту және 2 айлық жобалық оқытуды жүргізеді.
"Атамекен" ҰКП "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы кәсіпкерлерге Қазақстанда 3 апталық бизнес-тренингтен және Германияда 4 апталық тақырыптық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
"Атамекеннің" барлық бағдарламалары туралы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚК), сондай-ақ Services.atameken.kz веб-сайтынан білуге болады.