Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет17/18
Дата10.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#162271
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ô-æîîêá-01 018 ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³

Қорытынды.

Бұл дипломдық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын-
да қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жаб-
дықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-
ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Екінші бөлімде мен «Кокжиде» ЖШС-нің қар-
жылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табысты- ғына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесі-дей кемшіліктер анықталды:
Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.
Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.
Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.
Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіз -
дігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шы-ғын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге ні-мен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсы-ныстар жасадық. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар не-гізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіш-
терін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шара-лар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі жә-не сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.
Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кә-сіпорындардың басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дота-циялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың ішкі көздеріне өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұрақты шығын-дар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланыл-майтын активтерді сату болып табылады.
Талдау нәтижелері кәсіпорында негізгі проблеманы анықтады: төлем қабілетсіздік және рентабельсіздік.
Осы проблеманы шешуде мен екі әдісті ұсындым:
Бірінші әдіс 25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл меншікті айналым қаражатта-рының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 0,7 пунктке, абсолюттік өтімді -
лік коэффициентінің 0,1 пунктке өсуіне алып келді.
Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл аралық өтімділік коэффициентінің 0,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,4 пунктке өсуіне алып келді.
Екі әдісті қатар пайдалану меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 1,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,8 пунктке өсуіне алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет