Ғылым және технология факультеті "жаратылыстану ғылымдары" кафедрасы



бет2/3
Дата08.11.2023
өлшемі36,75 Kb.
#190325
1   2   3
Байланысты:
Баяндама СРСП 3 Утебаев

Негізгі бөлім


Бүгінгі таңда сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Инклюзивті білім - бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі. Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі - олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес.
Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде.
Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны,телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Бүгінгі таңдазерде бұзылыстары бар балаларды түзету, білім беру үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды енгізу қажеттігі - айқын мәселе. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының,моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады.арналған мектептер мына қызметтерді атқаруы тиіс: оқыту-тәрбиелеу, түзетіп- дамыту, санитарлық- гигиеналық, емдеп-тәрбиел ейтін, әлеуметтік-бейімдейтін.


Соқыр және нашар көретін балалардың психикалық дамуы, компенсаторлық процестердің қалыптасуы біріншіден әлеуметтік жағдайға және біліміне тәуелді.


Елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы біім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады.


Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер үш сатыдан тұрады.


І саты - бастауыш мектеп, II саты - негізгі мектеп және толық емес орта мектеп, ІІІ саты орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.
І сатыдағы мектеп: баланың тұлға ретінде қалыптасуын оның потенциалдық мүмкіндіктерін толық дамытуды, емдеуді, көз гигиенасын сақтауды, оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепке көру арқылы қабылдау, есту, логопедиялық жаттығулар, кеңістікте бағдарлану жұмыстары жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушылары оқу іс-әрекет дағдысына, жазуға, санауға, түсінгенін айта білуге, гигиена талаптарын орындауға, өзін-өзі күте білуге үйренеді. Оқу арнайы жоспар бойынша, программамен, оқулықпен жүргізіледі.


ІІ сатыдағы мектеп: жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл- қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады.
І сатыдағы мектеп: жалпы білім беру дайындығын және кәсіптік оқу курсын тамамдауды камтамасыз етед Орта мектеп элеуметтік-психологиялық бейімдеушілікдын Осы мақсат ud. еңбектің белсенді қатысуына жағдай жасалады. жоспарына баланың өзінің қалауы бойынша тандалатын факультативт ар қосылған. Соқыр және нашар көретін балаларға арнлаған жалпы білім беру мекемесінің арнайы сыныптарының орыс тілі, математика, айналамен танысу, табиғаттану программалары жай мектептегі өтілген материалдын мазмұны мен көлемі жағынан аналогикалық программаға сәйкес келеді. Арнайы білім беру программалары көрмейтін және нашар көретін балалардың даму ерекшеліктері бойынша құрылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет