Рудольф Карнап (1891 -1970)- американ философы, логикі, неоопозитивистердің Вена үйірмесінің қайраткері, ғылым философы.
Логикалық эмпиризм — логикалық позитивизмнің 1930 жылдары кеңінен таралған атауы. Бұл бағытты ұстанушылар 20 ғасырдың 50-жылдары логикалық позитивизмнің бірқатар түпкілікті принциптерінен — верификационизмнен, ғылымның теория тілінің бақылау тіліне ауысуы тұжырымдамасынан, т.б. бас тартуға мәжбүр болды. 1960 жылдары постпозитивизмнің ықпалымен жеке бағыт ретінде жойылды.
44. Э. Гуссерль феноменологиясының негізгін салушы
Эдмунд Гуссерль (нем. Edmund Husserl, 1859 - 1938) - неміс философы, идеалисті, феноменологияның негізін қалаушысы. Оның пікірінше философия сана құбылыстары туралы ғылым. Интенционалдық (бір затқа бағытталғандығы) ұғымы арқылы субъект және объект арасындағы байланысты шешуге талпынды.
Феноменология – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.
Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859 – 1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:
субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;
танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру.
Оны Феноменология “транцендеталдық редукция” деп атайды. Бұл бағытты қолдаушылар философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын “таза мағыналарды” зерттейді, ал оның реалды шындыққа қатынасы жоқ деп білді. Феноменология идеялары экзистенционализмге (Хайдегер, Сартр), герменевтикаға (Гадамер, Шелер), т.б. батыс философиясындағы ағымдардың қалыптасуына ықпал етті. Феноменология бағытының теор. орталық болып саналатын орындар: Гусерльдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия); халықаралық феноменол. қоғам және оның “Феноменологиялық зерттеулер” атты журналы (Буффало, Нью-Йорк, АҚШ)
Достарыңызбен бөлісу: |