Термодинамиканың бірінші заңы. Жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу және айналу заңы термодинамиканың бірінші заңы деп аталады.
Термодинамикада ауырлық центрінің қалпы іс жүзінде өзгермейтін денелер қарастырылады. Денелердің механикалық энергиясы тұрақты болып қалады да, тек олардың ішкі энергиясы өзгеретін болады.
Бұған дейін біз жүйенің ішкі энергиясының не жұмыс істеу есебінен, немесе қоршаған денелермен жылу алмасу есебінен өзгеретін процестерін қарастырдық. Жалпы жағдайда жүйе бір күйден баска күйге өткенде ішкі энергия бір мезгілде жұмыс аткару есебінен де, сондай-ак жылу беру есебінен өзгеретін болады. Термодинамиканың бірінші заңы дәл осындай жалпы жағдайларға арналып тұжырымдалады.
Жүйенің бір күйден екінші күйге өткендегі оның ішкі энергиясының өзгеруі сыртқы күштердің жұмысы мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең:
Егер жүйе оқшауланған болса, онда ол жүйеде жұмыс істелмейді (А = 0) және ол қоршаған денелермен жылу алмаспайды (Q = 0). Бұл жағдайда термодинамиканың бірінші заңына сай немесе . Оқшауланған жүйенің ішкі энергиясы өзгеріссіз қалады (сақталады).
Көбінесе жүйемен жұмыс істейтін сыртқы денелердің А жұмыс орнына жүйенің сыртқы денелермен істейтін А' жұмысы қарастырылады: Ал А'= - А екенін ескере отырып , термодинамиканың бірінші заңын (6.10) былай жазуға болады:
Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы денелермен жұмыс істеуіне жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |