Телехабарлар негiзiнен 50 ден 230 МГц аралығындағы толқын ұзындығында таратылады. Бұл ұзындықтағы толқындар тек тiкелей көрiнетiн аймаққа ғана тарайды. Мiне, осы себептен телехабар тарататын антенналар аса биiк етiп жасалады. Мысалы, Алматыдағы Көктөбедегi орналасқан телемұнараның биiктiгi 378 м. Хабарларды тiкелей көрiнбейтiн аймақтарға тарату үшiн қайта тарату
Өз бетінше шығаруға есептер
1-есеп.Толқынның жиілігі 100 Гц, ал таралу жылдамдығы 5000м/с болса, бірдей фазада қозғалып тұрған жақын екі нүктенің ара қашықтығы қандай болады?
2-есеп.Егер обьектіден шағылған радиосигнал 200 мкс-тан кейін қайта қайтаты болса, обьект радиолокатордың антеннасынан қандай қашықтықта болғаны?
3-есеп.Радиолакатордан 30 км жердегі нысананы барлаған кезде оның 1 с ішінде шығаратын импульстерінің максимум саны қандай болуы мүмкін?
4-есеп.Радиолакатордың электронды-сәулелік түтікшесінің горизонталь уақыт жаймасы 2 мс. Ең үлкен барлау тереңдігін табыңдар.