Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет22/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе

D) 15 үй, 10 шатыр; E) 9 үй, 16 шатыр.
24. Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды?
A) 24; B) 26; C) 28; D) 30; E) 32.
25. Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?
A) 12; B) 15; C) 18; D) 21; E) 24.
26. Ағаш кесушілердің үш бригадасының жұмысына 36 мың теңге төленді. Бірінші және үшінші бригадаларға төленген ақша екінші бригадаға төленген ақшадан 2 есе артық, ал екінші және үшінші бригадаларға төленген ақша бірінші бригадаға төленгеннен 3 есе артық болса, осы бригадалардың әрқайсысына қанша ақша төленді?
A) 8; 13; 15 мың; B) 9; 13; 14 мың; C) 9; 12; 15 мың; D) 8; 12; 16 мың;
E) 7; 10; 12 мың.
27. Төрт жәшікке бірдей мөлшерде шай салынған. Әр жәшіктен 9 кг-нан шай алынды. Сонда барлық жәшіктердегі қалған шайды қосып есептегенде, алғашында бір жәшікке салынған шайдың мөлшеріндей болып шықты. Әрбір жәшікте неше кг-нан шай болды?
A) 11 кг; B) 12 кг; C) 14 кг; D) 16 кг; E) 18 кг.
28. Үйден мектепке дейін 400 м. Жоғары сынып оқушысы төменгі сынып оқушысына қарағанда бұл жолға 300 адым аз жұмсайды, себебі оның адымы төменгі сынып оқушысына қарағанда 30 см үлкен. Әрбір баланың адымының ұзындығын табыңыз.
A) 0,2м және 0,5м; B) 0,3м және 0,6м; C) 0,4м және 0,7м;
D) 0,5м және 0,8м; E) 0,6м және 0,9м.
29. Екі бидонда 70 литр сүт бар. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 12,5% сүт құйсақ, онда екі бидондағы сүт бірдей болады. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?
A) 25 л; B) 30 л; C) 35 л; D) 40 л; E) 45 л.
30. Бассейндегі су екі құбыр арқылы толтырылады. Бірінші құбырдың бір өзі бассейнді 12 сағатта, ал екіншісі – 20 сағатта толтырады. Екі құбырды қатар ағытқанда бассейн қанша сағатта толады?
A) 6,5сағ; B) 7,5сағ; C) 8,5сағ; D) 9,5сағ; E) 10,5сағ.
31. Екі трубамен су жібергенде бассейн 12 сағ-та толады. Екінші трубаға қарағанда, бірінші трубаның жеке өзі бассейнді 18 сағ бұрын толтырады. Бассейнді екінші труба неше сағатта толтырады?
A) 30сағ; B) 32сағ; C) 35сағ; D) 36сағ; E) 38сағ.
32. Екі комбайн белгілі бір жердің астығын 6 сағатта жинайды. Бірінші комбайн жеке өзі осы жердің астығын 15 сағатта жинаса, екінші комбайн жеке өзі неше сағатта жинар еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет