Атомдық спектрлер. Спектр деп дене шығаратын электр магниттік сәуле жиліктерінің жиыны деп аталады. Қыздырылған қатты денелер , сұйықтар, тығыз газдар тұтас спектр шығарады.
Өзара бірімен бірі әсерлеспейтін, еркін атомдардың спектрі жеке толқын ұзындықтардан, яғни жеке спектрлік сызықтардың белгілі жиынтықтарынан тұратын сызықтық спектр болады. Молекулалар жолақ спектр шығарады-белгілі жолақтар немесе тығыз орналасқан сызықтар топтарын шығарады.
Әрбір химиялық элемент атомының және әрбір зат молекуласының тек өзіне тән спектрі болады.
Элементтердің көпшілігінің атомдық спектрлері өте күрделі екенін өту керек. Мысалы, темір спектрінде 5 мыңнан астам сызық бар. Атомдар спектрлерін талдап зерттеу үшін спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтары мен I интенсивтіліктерін өте мұқият өлшеу керек. Спектрлік сызықтардың орналасуында, интенсивтіліктерінің өзгеруінде белгілі заңдылық бар. Мұндай заңдылықтар құрылысы қарапайым спектрден айқын көрінеді.