Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы қаралды. Оған 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің айтуынша, еліміздің мемлекеттік балансында 8 мыңнан астам кен орны тіркелген, оның ішінде 317 көмірсутек (мұнай, газ, конденсат), 910 қатты пайдалы қазбалар кен орны, 3 мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбалар және 4 мыңға жуығы жер асты сулары кен орны.