Экономикалық рента – жерді және басқа қатаң шектеулі ресурстарды қолданғаны үшін төлем.
Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.
Биржа- ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды (астық, мақта, кофе, түсті металл т.б.) көтерме нарықта сату, мұнда бағалы қағаздар да (акция, облигация, вексель), шетелдік валюта да сатылады.
Брокер –бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.
Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.
Валюта – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі бірлігі (теңге, доллар евро, йена т.б.)