Идеалистік сенсуализм – түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).
Қарапайым реализм – адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».
Сезімдік таным формалары:
түйсік – заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;
қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;
елестету – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.
ә) Танымның рационалдық формасы.
Рационализм (лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).
Достарыңызбен бөлісу: |