б﴿ жұмыс орындарына қойылатын талап-өндірісте істейтін адамдардың ғимарат ішінде қозғалып жүруіне (өтуіне) қолайлы болуы тиіс.Бұл жағдайда ғимараттың жалпы өндірістік көлемі қолданыстағы өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларына –(СН 245-71) сәйкес бір жұмыс істеушіге шаққанда 15 кв.метрден кем болмауы,ал алаңы кемінде 4,5 м куб адым болуы тиіс.Бұдан басқа ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуы жағдайында технологиялық іс-әрекеттердің де жетілдіріліп отыратындығын ескерген абзал.
в﴿Әуелік (ауа ортасы) ортаға қойылатын талап- адамдардың еңбегіне, өндірілетін өнім сапасына немесе технологиялық жабдықтардың сақталуына кері әсерін тигізетін ауаның температурасын, оның ылғалдылығын, зиянды заттар бөлініп шығуын болдырмайтындай салауатты әуелік орта қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |