Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары



бет7/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

      34. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге:


      1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
      2) тұрғын жай беру, оның ішінде бір балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он сегіз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
      3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, емдік еңбек қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйретуге арналған жићазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
      4) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істеуге болатын мүгедектерге және он сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
      5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бейімделген орынжайлар мен айлабұйымдар ұсыну;
      6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
      7) отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
      8) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
      9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
      10) осы стандартқа 6-қосымшада көзделген көлемнен кем емес жұмсақ мүкәммал беру;
      11) тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау);
      12) қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
      13) емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
      14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
      15) әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету;
      16) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
      35. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
      Тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;
      Барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет алушыларға олардың талаптары бойынша көрсетіледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
      Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етіледі;
      2) стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының кабинеттері қажетті жићазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
      әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
      3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жићаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
      4) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жићаз бен төсек-орын жабдықтары қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;
      5) қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
      6) ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
      Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
      7) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
      8) шаштараз қызметін көрсету санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып арнайы жабдықталған кабинеттерде жүзеге асырылады;
      9) созылмалы дамушы аурулар жағдайындағы немесе терминалды (соңғы) даму сатысындағы он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектерді, қарттарды үздіксіз бақылау мақсатында паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері) құрылады;
      10) өзіне дене зақымын келтіруі мүмкін және (немесе) айналасындағыларға қауіп тудыруы мүмкін және осы себептермен қосымша күтімге, күшейтілген бақылауға және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін дағдарыс палаталары (бөлімшелері) құрылады;
      11) жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қол шеберлігі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қызмет алушылардың ауруының және/немесе мүгедектігінің сипаты, физикалық жай-күйі ескеріліп, тиісті жағдай жасалады және тәрбиелеу мен оқыту процесінде оларға қажетті жайлылықты қамтамасыз етеді;
      12) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау (ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, бөлмені/орынжайды күту және өзге де дағдылар) негіздеріне үйрету үшін қажетті тұрмыстық техникамен және жићазбен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлы кабинеттер құрылады;
      13) қызмет алушыларды емдеу, оқыту, мәдени іс-шараларға қатысу үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің  талаптары сақталады;
      14) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді;
      15) діни ғұрыптарды орындау үшін жағдай жасау кезінде қызмет алушылардың діни наным-сенімі, жасы, жынысы, физикалық жай-күйі, әртүрлі концессияларда қабылданған діни салттардың ерекшелігі қатаң түрде ескеріледі;
      16) жерлеу қызметін ұйымдастыру қайтыс болған қызмет алушының діни наным-сенімі ескеріліп жүзеге асырылады.
      36. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге:
      1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
      2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
      3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
      4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
      5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      7) қызмет алушыларға техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
      8) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
      9) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
      10) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
      11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
      12) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
      13) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
      14) денсаулық жағдайына байланысты қызмет алушылардың күтімін қамтамасыз ету;
      15) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
      16) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
      17) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
      18) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерінде ұйымдастыру;
      19) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес терапия қызметін жүргізу;
      20) диспансеризациядан өтуін ұйымдастыру;
      21) емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
      22) медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
      23) балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, қарттар мен мүгедектерге паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
      24) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек қызметтерін көрсету жатады.
      37. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақтылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп стационарлық үлгідегі ұйымдарда күтуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулық жағдайын күнделікті бақылау (дене ыстығын, артериалдық қысымын өлшеу және т.б.), емдеуші дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, қызмет алушының қозғалуына (қажет болғанда) және басқа да әрекетіне көмектесу сияқты қызметтерді қамтиды;
      4) медициналық рәсімдерді (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету), сондай-ақ денсаулыққа байланысты өзге рәсімдерді (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
      5) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы жүргізіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
      6) психотерапевтік көмек қызмет алушылардың өмірлік қиындықтары мен жеке бас шиеленістерінің негізінде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмірі мен тұрмысының өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әлеуметтік бейімделу сияқты және басқа да проблемаларды тиімді шешуіне жәрдемдеседі;
      7) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйін, оның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;
      8) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу, сондай-ақ балаларға, қарттар мен мүгедектерге оларды емдеу-алдын алу мекемелеріне немесе санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу жедел, уақтылы жүргізілуге тиіс және қатаң түрде медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады;
      9) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және онда бірге баруды әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және (немесе) жетекші дәрігер жүзеге асырады;
      10) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және т.б.) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
      11) стационарлық үлгідегі ұйымдарда паллиативті көмек және мейірбике күтімі қызметтері қажет болған сәттен бастап өмірінің соңғы күніне дейін көрсетіледі.
      Паллиативті көмек палаталарында (бөлімшелерінде) дәрігердің ұйғарымы бойынша медициналық персоналдың (мейірбике) тәулік бойы бақылауы белгіленеді, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер тағайындалады, дәрі-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен науқасы ауыр қызмет алушыны оңалту және күту құралдарына қажеттілік айқындалады.
      Денсаулық сақтау ұйымдарымен паллиативті көмек көрсету және мейірбике күтімі мәселелері жөніндегі өзара іс-әрекетті әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен жетекші дәрігер жүзеге асырады;
      12) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен белгіленген тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
      13) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушылардың денсаулық жағдайына қарай жүзеге асырылады, әлеуметтік-орта бағдарына және әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге және т.б. бағытталған өзі үшін қолайлы медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді;
      14) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
      15) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру денсаулық жағдайын тереңдетіп және жан-жақты тексеру үшін қызмет алушылардың барлық ұйғарылған маман дәрігерлерге баруын қамтамасыз етеді;
      16) медициналық-әлеуметтік тексеруді, білікті консультация беруді ұйымдастыру, бастапқы медициналық тексеруді және бастапқы санитарлық тазалауды жүргізу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      17) протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
      18) техникалық (орнын толтырушы) көмекші құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
      19) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
      20) медициналық көрсеткіштер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен олардың денсаулық жағдайларына қарай жүзеге асырылады;
      21) дәрігерлердің ұйғарымдары бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының уақтылы алдын алуға және жоюға ықпал етеді;
      22) арнайы мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызмет алушыларға бастапқы диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
      38. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
      1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
      2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
      3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
      4) психологиялық консультация беру;
      5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
      6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
      7) психологиялық тренингтер;
      8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
      9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
      39. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
      2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет  негізінде жүзеге асырылады.
      Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат беруге тиіс;
      3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
      4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
      5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
      8) психологиялық алдын алу жұмысы мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;
      9) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
      40. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
      2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
      3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
      4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
      5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
      6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық диагностика жүргізу және тексеру;
      7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзету;
      8) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оларды оқытуды ұйымдастыру;
      9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-аналары мен басқа да мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;
      10) ымдау тіліне аудару қызметтері жатады.
      41. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      2) адамды педагогикалық диагностикалау және тексеру заманауи аспаптарды, аппаратураны, тестілерді пайдалана отырып жүргізіледі және дағдарыс немесе шиеленіс жағдайына тап болған қызмет алушыға белгіленген диагнозына сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету үшін, балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын айқындау, олардың бейімділіктерін зерттеу және т.б. үшін балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеу негізінде оның жай-күйінің шынайы бағасын береді;
      3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, қозғалу, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтерге де жол беріледі.
      Авторлық бағдарламалар (үлгілер) қандай да бір қызмет алушының тәрбие дағдыларын немесе оқу материалын қабылдау және меңгеруге қабілеттігін ескере отырып құрылады;
      4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін әлеуметтік дағдылары мен когнитивтік дамуын ескеріп, (үш жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажеттігіне қарай одан үлкен) топтарға, оларды кейіннен толықтыра отырып бөлу жүргізіледі:
      өзіне-өзі қызмет көрсетудің және жеке гигиенаның қарапайым дағдылары болмаған жағдайда (өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздігінен тамақтана алмайтын), үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж алты адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған жағдайда, үнемі бөгде адамның бақылауына мұқтаж сегіз адамнан асырмай;
      қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда он адамнан асырмай;
      қалыптасқан қолымен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда он екі адамнан асырмай (еңбек бағдары бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді) бөлінеді.
      Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, оқытуды ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
      5) тұрмыстық бағдар негіздеріне оқыту көрнекі және тиімді болып табылады, нәтижесінде қызмет алушылар ас әзірлеу, киімді ұсақ жөндеу, тұрғын орынжайды күту, аумақты тазалау және жайластыру және т.б. сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде үйренеді;
      6) ымдау тілін игеруге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер қызмет алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымның мамандарымен өзара қарым-қатынасын орнатуға жәрдемдеседі.
      42. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
      1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
      3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
      4) мүгедектерді кәсіптік оңалту;
      5) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
      6) қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      7) қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер жатады.
      43. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
      2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
      3) он сегіз жастан асқан адамдар мен мүгедектерде шамасы келетін еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша фронтальді және жеке сабақтар ұйымдастырылады;
      4) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
      5) мүгедектерді кәсіптік оңалту олардың кәсіптік дағдыларын барынша ықтимал қалпына келтіруге және жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік береді;
      6) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
      7) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
      44. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
      1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
      2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.
      45. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
      2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
      3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына жәрдемдеседі;
      4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру стационарлық үлгідегі ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
      46. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
      47. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:
      қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      48. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
      1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
      2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
      4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды,  әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
      5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
      6) құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;
      7) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері жөнінде құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді қоса алғанда, заңгерлік консультация беру жатады.
      49. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
      2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және т.б.) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
      4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасы тәрбиесінің басқа нысандарына алуға, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға және т.б. қажетті) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді;
      5) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу әрбір кәмелетке толмаған баланың жеке іс-қағазына оның кейіннен орналасуы үшін қажетті құжаттарды дайындау және ресімдеуді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет