Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет220/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ағымдарының белгілері енді жаңа 
дәуірдегі көркемдік дамуда кеңестік 
идеологиямен тіл табысып өркендей 
алмайтынын көрсетіп отыр деп ұғу 
керек.
Ж. Аймауытов мақаласында Мағ-
жан өлеңдерінің көркемдік ерек-
шелігін, тілін, түрін, стилін талдай 
отырып, біртуар ұлы ақынның қазақ 
әдебиетіне енгізген жаңалығына, әсі-
ресе, өлең техникасын жетілдіруге 
сіңірген еңбегін баса айтады. «Жаңа 
өлшеулер шығарды», «тіл ұстартты» 
дегенде ақынның суреткерлігін ашу 
мақсатында мынадай пікір білдіреді. 
«...ақындық жүзінде Абайдан соңғы 
әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына 
шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті 
ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абай-
дан соң өлең өлшеулерін түрлен-
дірген тағы да Мағжан. Мағжан 
тыңнан 8-9 жаңа өлшеу туғызды, 
бәрін бірдей санаудың қажеті жоқ. 
«Сап-сары боп», «Біраз Фетше», 
«Шы лым», «Александр Блок», «Мені 
де, өлім, әлдиле», «Күншығыс» тағы 
бас қа өлеңдер Абай өлшеуінде жоқ.
Қазақ әдебиетіне Мағжанның кір-
гізген жаңалығы аз емес, орыстың 
символизмін (бейнешілдігін) қазақ-
қа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) 
айналдырды, дыбыстан сурет ту-
ғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеу-
лер шығарды. Романтизмді кү шейт-
ті, тілді ұстартты», – деп жа зады. 
Мақаладағы әдебиеттің та рихи-
көркемдік дамуының өзіндік заң-
ды лықтарына, көркем шығар маны 
идеялық, жанрлық, стильдік ерек-
шеліктеріне орай зерттеудің айқын 
көрініс табуынан, ұлттық әдебиетта-
ну ғылымының туу дәуіріндегі әде-
би-теориялық ой-пікірдің кемелдене, 
нақтылана, ғылыми-зерттеушілік си-
паты тереңделе түскеніне куә бола-
мыз.
1920 жылдардағы мақалаларды сөз 
еткенде әдеби-теориялық ой-пікір дің 
ізденістері мен іркілістерін осын-
шама саралағанда, бұл кезеңде әдеби-
теориялық білімдер системасының 
жоғары болғанын, күрделі теориялық 
мәселелерге қалам тарта алғанын 
көрсету арқылы А. Байтұрсыновтың 
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің 
тақыр жерде пайда болмағанын 
байқату еді. 20-жылдардың бас кезі-
нен бастап-ақ қазақ әдебиетінің әр са-
лаларына батыл араласып пікір айта 
бастаған сыншылдық және әдеби 
мұра туралы ғылыми-зерттеушілік 
сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-
жазушыны, не болмаса белгілі бір көр-
кем шығарманы сөз ету барысын да 
әдеби-теориялық ой-пікірді жетіл діре 
түскені байқалады. Ұлттың әде биет 
тарихын зерттеп тануға деген әдеби-
тарихи ой-пікірдің құлшынысы, 
қалыптасу кезеңіне қадам басқан 
әдебиет сыны күрес үстінде сапалық 
та, сандық та жағынан көркейе 
бастаған қазақ әдебиеті әдебиеттің 
теориялық мәселелерін ғылыми сөз 
етуді күн тәртібіне шұғыл қойды. Бұл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


238


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет