1. Изомерия және номенклатура 1.1. С7Н8О сәйкес барлық фенолдар мен ароматты спирттердің формулаларын жазып, аттарын (тривиалды атауларды) атау керек.
1.2. С8Н10О сәйкес ароматты спирттер формулаларын жазып, аттарын атау керек.
1.3. С8Н10О сәйкес фенолдар формулаларын, бензол сақинасына бір алкил радикалын енгізіп жазып, аттарын атау керек.
1.4. Мына ароматты спирттер формулаларын а)метилфенилкарбинол; б) фенилбензилкарбинол; в) метил-n-нитрофенилкарбинол жазу қажет.
1.5. Мына формулаларды а) м-хлорфенол; б) 2-хлорфенол; в) 1-нитро-2-нафтол; г) 4-хлор-1-нафтол; д) n-бромбензил спиртін жазып, оларға басқа мүмкін бола алатын атауларын жазыңдар.