Тәжірибе барысы: Көлемі 100-150мл стақанға 20-50мл сусабын (шампунь) ерітіндісін (кез-келген кір жуғыш ұнтақты немесе сабынды алуға болады) құямыз. Резеңке алмұрттың (груша) немесе шыны таяқшаның көмегімен стақанда шамалы көбік түзілгенге дейін араластырамыз.
Сосын стақандағы ерітіндіге түтік арқылы жанғыш газды (сутек, метан, этилен, ацетилен) жуғыш құралдың көбігімен толғанша жібереді және газөткізгіш түтікті алып тастайды. Стақандағы газ қоспасына шыраны апарғанда жалын пайда болады.
Жоқтан пайда болған көбік
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
стақан
шыны ыдыс
сұйық сабын
калий перманганаты
сірке қышқылы
сутек асқын тотығы
су
Тәжірибе барысы: Е ң алдымен шамалы сұйық сабынды стақанға құямыз. Оның үстіне алдын ала дайындалып қойған калий перманганатының ерітіндісін қосып араластырамыз. Содан кейін бұл ерітіндінің үстіне сірке қышқылының ерітіндісін, одан кейін сутек асқын тотығының ерітіндісін құямыз. Сол кезде стақандағы ерітінді көбікке айналады. Көбіктің көлемі тез арада ұлғайып, стақанның сыртына төгіледі.