Сезім түйсігі арқылы санау. Балаларға түймелер тағылған және бет орамалмен жабылған карточка ұсынылады. Балалар түймелерді орамал сыртынан сипалап тауып санайды да олардың жалпы санын аныктайды. Мұнда балаларға түймелерді карточканың бір шетінен екіншісіне қарай санап шығу тәсілін көрсету ғана қажет. Алғашқы кезде санағанда сандарды сыбырлап атауға, сонан соң ішінен санауға көшуге болады.
Оқу іс-әрекетінін басқа варианты. Балаларға беті орамалмен жабылған бірыңғай ұсак заттар (мысалы, кішкене кубиктер) беріп, олардан қажетінше санап алуды ұсынуга болады. Мұнда шешу тәсілі біршама өзгеше болады: кубиктерді бала орамалдардың астынан сол қолына қарай бір - бірлеп жылжытып, әр кубикті жылжытып қойған кезде сан есімді атайды. Тапсырмада айтылған санға сәйкестеп кубиктерді санап алып, бала барлық кубиктерді бірден орамалдың астынан сырғытып шығарады. Шақырылған екінші бала тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеру үшін кубиктерді санайды. Алдымен сезім түйсігі арқылы санап алу үлгі бойынша орындалады: бала заттардың карточкадағы суреттерін санап алып, солардың санына сәйкестеп кубиктерди немесе орамалдың астындағы басқа ойыншықтарды сезім түйсігі арқылы санап алады, заттардың суреттері салынған карточка бала үшін көру арқылы қабылданатын жиынның моделі болады дерлік. Кейінірек ауызша аталған сан бойынша да тапсырма беруге болады.
Есту арқылы санау. Барабанды, үстелді, шыныны, сылдырмақты т.б. заттарды тықылдатып қағу арқылы тірбиешінің шығарған дыбыстарын балаларға санап шығу тапсырылады. Дыбыстар сипаты жөнінен алуан түрлі, сондықтан да оларды дұрыс санап шығу үшін, айқын дифферепциялай ( айыра ) білу керек.
Екінші сабақта санау мен санап алуды біріктіруге болады: балалар дыбыстарды санайды, ал санын соған сәйкестеп заттарды сезу түйсігі арқылы санап алады. "Менің неше рет тықылдатып қаққанымды сана да орамалдың астынан сонша кубиктерди санап ал",- дейді тәрбиеші.
Үш жастағы кішкентайлар да дыбыстарды қабылдап әрі санын соған сәйкестеп дыбыстарды қайталай алатын, бірақ олар сезім арқылы ғана қабылдайтын еді, төрт жастағы балалар болса, жиынды оның элементтерін санап қабылдайды және қайталайды, яғни сезім арқылы қабылдағанын дыбыстар жиыны элементтерін қорытынды санмен жинақтап, сан есім - сөзбен атап отырады.
Қимыл - қозғалыстарды санау. Үш жастағы кішкентайлардың өздері - ақ кез келген жиынды өимыл - қозғалыспен қайталап отыратын, мысалы, әр қуыршаққа қолдарын бір шапалақтайтын ( бір рет соғатын ) немесе үстелді тәрбиеші неше рет тақылдатса, оған еліктеп, олар да сонша рет тықылдататын еді. Бұл топта болса балалар үлгіде берілген заттардың санына сәйкес, сонан соң олардың аталған сан есім - сөзіне сәйкестеп тақылдата алады. Қимыл - қозғалыс сипаты да жыл бойына күрделене беруі мүмкін, балаларға допты үш рет жоғары лақтыру немесе көрсетілген карточкада неше үшбұрыш болса, еденге допты сонша рет соғу ұсынылады. Барлық қимыл - қозғалыстарды бала ең алғаш қатты дауыстап санап, бара - бара ішінен санап орындайды.
Жиындарды қабылдау мен қайталауда және оларды санауда әр түрлі анализаторлар: есту мен көру, есту мен қимыл - қозғалыс, кқру мен сезім түйсіктері т.б. үйлесіп отырады.
Санау іс - әрекеті әр жақты сипатқа ие бола бастайды, жиындардың алуан түрлілігі жөніндегі түсініктің өзі де дами береді. Осының бәрі санау іс - әрекетінің өзі мен санның мәнін жиынның қуаттылығының белгілі бір көрсеткіші ретінде түсінуді жетілдіріп қана қоймайды, сондай - ақ сенсориканың дамуына да мүмкіндік туғызады.
Кейде қорытынды санның орнына бала заттарды көпше түрде ғана атай салады. "Біреу, екеу, не бары бірге алғанда саңырауқұлақтар", - дейді бала. Бұл - баланың әлі де болса басқа санау дегеніміздің заттардың дәл санын анықтауға бағытталған іс - әрекет екенін айқын түсіне алмағанының дәлелі. Оның сан есімдері ретімен атап отырып, не үшін санағанын әлі де болса жете білмейтіндігі. Қандай да бір себептермен сан есім - сөздерді пайдаланып санауға дайындығы жоқ балаларда әдетте сондай қате кездесіп отырады: олар жиындарды элементтерінің арасындағы сәйкестікті тағайындау жолымен салыстыруға мүлде жаттықпаған немесе аз жаттыққан балалар. Алдыңғы топқа арналған бағдарлама мен әдістемені пайдаланып, мұндай балалармен жеке - дара сабақтар өткізілген дұрыс.
Балалар көбінесе санауды бір деген сан есімнен бастамай, біреу деген сөзден бастайды. Бұл үйреншікті сөз, әдетте , ата - аналар балаларын санауға үйретпекші болып, оларды сан есімдерді атауға жаттықтыратын семьялардағы балаларда қалыптасып қалады. Балалар ауызекі сөзде қолданылатын мұндай сөзді оңай меңгеріп алады, ал шұын мәнінде санауға үйрену кезінде дұрысына көшу оған қиындық келтіреді. Баланың мұндай қатесіне жол бермеген жөн. "Қалай дұрыс санау керектігін есіңе түсір",- дейді тәрбиеші. Немесе былай деп сұрайды: "Балалар, Назеркенің қатесін кім байқады, қатесін түзетуге оған кім көмектеседі?".
Санау іс - әрекетінің мәнісін түсіндірудің, сан есім - сөздерді жадында сақтау балаларды санауға үйрету емес екенін, санау дегеніміз - күрделі іс - әрекет, оны балалар бірден меңгеріп кете алмайтынын ата - аналарға да түсіндіріп, ескерту керек. Балаларды болса заттарды санауға үйрету қажет. Ал ол үшін ең алдымен жиын элементтерін салыстыра білуге, олардың сан жағынан тең не тең емес екенін айыра білуге үйрету керек.
Кейбір тәрбиешілер тетелес сандармен өрнектелген екі жиынды салыстырудың қандай мәні барын ескере бермейді. Балаларды санап үйреткенде олар тек заттардың бір ғана жиынын, мысалы екі балық алады. Балаларға екі балықты санауға үйретіп, бір балықты қосады да, оларды санағанда бір балық қосылған соң енді үшеу болғанын балалар түсінеді деп ұйғарады. Алайда бала үш деп " сан есімді ) атағанмен, бұрынғыша балық екеу деді. Санауды осы әдіспен үйреткенде бала сол балықтарды енді екеу деуге неліктен болмайтынын түсіне алмайды: алғашқы жиынға бір затты қосу немесе одан бір затты алу қандай роль атқаратынын ол әлі де болса біле қоймайды. Екі жиынды олардың элементтерін жеке - жеке салыстыру негізінде ғана бала түсіне бастайды.
Кейбір педагогтар бір жиынтық көлемінде санауға үйретуде қорытынды санның мәнін балалардың жете түсінбейтінін байқап, сан есімдерді, сондай - ақ бір балық, екі балық, үш балық деп заттардың өздерін қоса атау әдісін ұсынған болатын. Олар сонда: " Қанша?" деген сұраққа тез жауап бере алатын болады деп ұйғарған. Алайда бұл әдіс те санаудың мағынасы мен қорытынды санның мәнін балалардың түсінуін қамтамасыз ете алмаған.
Балалар санағанда сан есімдерді әр затты қолмен көрсете отырып, дұрыс атап, қорытынды санды бөліп айтқанымен, ол санаған заттарын атап айтпайды, бұл да дұрыс емес. Осындай қателіктен де сақ болу керек. Әтештерді санағанда: " Бір, екі, үш - не бары үш",- дейді бала, "Не үшеу?" - "Үш шырша ма?" - "Жоқ, үш әтеш",- " Міне осылай деу керек: санаған заттарыңды міндетті түрде атауың керек, сонда сенің нені санағаның басқалардың бәріне айқын болады",- дейді тәрбиеші. Заттардың атауларын қорытынды санмен ғана байланыстырудың маңызды болатын себебі, оның қорытынды сан мен санау операциясының өзін дифференция - әрекетте оқытып үйретудің дұрыс әдістерін қолданып, тәрбиеші жоғарыда аталған қателерден балаларды алдын ала сақтандырады және оларды әдеттенген қатеден дұрысына қайта үйрету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |