Құқық негіздерінің қайнар көздері


Қазақстан Республикаының сайлау жүйесі



бет20/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116
Байланысты:
350093 2

Қазақстан Республикаының сайлау жүйесі

Қазақстан Республикасының сайлау құқығы Республика Президентінің, Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Сайлау құқығы Республика азаматтарының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделе отырып, келесі қағидаларға негізделе жүзеге асырылады.
Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.
Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау, жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. 
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. 
Тең сайлау құқығына сәйкес сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.
Төте сайлау құқығы - бұл Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауы.
Ал, жанама сайлау құқығы бұл Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысуы. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.
Жасырын дауыс беру бұл - Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын түрде дауыс беруі және сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмеуі.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйелері мажоритарлық және пропорциялық болып екі түрге бөлінеді.
Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

  • 1-турда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі; 

  • 2-турда, яғни қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет