Жеке еңбек шарты:
белгісіз мерзімге;
белгілі бір мерзімге;
белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Жеке еңбек шарты жазбаша пошымда кемінде екі дана етіп жасалып, оған тараптар қол қояды, ал бір данасы қызметкерге беріледі. Осыдан кейін қызметкердің жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарылады. Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар бола алады.
Қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Сынақ туралы талап шартта көрсетілуі, ал бұл болмаған жағдайда қызметкер жұмыска сынақсыз қабылданды деп есептелінеді.
Жасалған жеке еңбек шартына сәйкес заң қызметкерге жұмыс жайында кепілдік береді және еңбек шарттарының талаптарын тараптар біржақты ретте өзгерте алмайды. Алайда басқа жұмысқа ауыстырғанда еңбек шартының жағдайлары өзгеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |