Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет56/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116
Байланысты:
350093 2

Шарттың кез-келген ережесі бұзылған жағдайда жауапкершілік туындауы мүмкін.
Жауапкершіліктің нысаны:

  1. Айыппұл төлеу.

  2. Келтірілген шығынды өтеу.

Сатылған мүліктің сапасы немесе саны шартқа сәйкес келмесе жәбірленуші тарапқа заң бойынша қосымша құқықтар берілген. Ол құқықтар Азам. Код. 419-428 б/да.
Егер сатылған тауардың сапасы шартқа сәйкес келмесе, сатып алушы өз қалауынша сатушыдан:

  • сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді;

  • қисынды мерзімде тауардың жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеуді;

  • сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен алмастыруды;

  • шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатушының негізгі міндеті:

  • сатылған мүлікті сатып алушының иелігіне беру;

  • сатып алушының меншік құқының пайда болуын қамтамасыз ету;

  • сатылған тауарды сақтауды қамтамасыз ету.

Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір тауарды, басқа тауарға айырбасқа беруге міндеттенеді.
Айырбас шартына сатып-алу, сату шартының жалпы ережелері қолданылады, бірақ айырбас шартының сатып алу, сату шартына қарағанда мынандай ерекшеліктері бар:

  1. Айырбас шартында екі тарап та бір мезгілде сатушы да сатып алушы да болып есептеледі.

  2. Әр тарап айырбас шартында, ақша емес, тауар алады.

Шарттың тараптары: азаматтар, заңды тұлғалар. Шарт тараптарының арнайы ата жоқ.
Айырбас шарты бойынша әр тараптың меншік құқығы тауарды беру міндеттемесі орындалған кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана пайда болады.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушінің) меншігіне мүлік береді. Ал рента төлеуші, алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе өзге бір нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттенеді.
Рента шартының түрлері:

  1. Тұрақты рента.

  2. Ғұмырлық рента.

Ғұмырлық рента азаматты өмір-бойы асырауда ұстау жағдайында белгіленуі мүмкін.
Рента шартының нысаны. Рента шартын нотариус куәләндыруы тиіс, ал рентаны төлеу үшін қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру көзделетін шарт, мемлекеттін тіркеуден өтуі тиіс.
Тұрақты рента. Тек қана, азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар тұрақты рентаны алушылар болып есептеледі. Тұрақты рента, шартта белгіленген бойынша, шартта көрсетілген мөлшерде, ақшалай төленеді. Кейбір жағдайда ақшаның орына заттар беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету қарастырылуы мүмкін.
Тұрақты рентаның төлеу мерзімдері. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін төленеді.
Төленетін рентаның мөлшері. Заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сай өзгертіледі.
Тұрақты рента төлеуші, рентаны сатып алу жолымен оны одан әрі төлеуден, бас тартуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет