Ыңғайластық жалғаулықтарға: және, мен, бен, пен, менен, тағы, да, де, та, те, әрі жатады, мыс.: Бұл әрі құдыққа мал түсіп кетпеуді, әрі судың таза болуын ойлаған ұқыпты адамдардың ісі екенін көрсетіп тұр. Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет (Әбішев). Жақсылық та, Баршагүл де, Қайырбек те, Мұхит та қуаң қағып, шапшаң бұрылып төңірекке көздерін жіті жүгіртеді (Сланов). Бұл жалғаулықтардың бірыңғай мүшелер арасында қойылуында өзіндік ерекшелік бар. Олар жалпы алғанда, бір топқа жатқанымен (ыңғай-ластық жалғаулықтар болып) әрқайсысының қолданылуында өзгешеліктер болады. Және, мен жалғаулықтары сөйлем шеңберінде қайталамайды. Сөйлемде бірыңғай мүше көп болса, және жалғаулы-ғы оның ең соңғысының алдында ғана келеді, мыс.: Біздің бүгін сатып әкелген заттарымыз мыналар: кітап, қаламсап, қарандаш және қаламұш (Оқу кітабынан).
Тағы(да) жалғаулығы қайталақтанып айтылатын бірыңғай басгау-ыштардың, не баяндауыштардың арасына қойылады.
Да, де, та, те жалғаулығы келгенде, ол әрбір бірыңғай мүшеден
99
кейін қайталанып отырады, мыс.: Ол әлгі әнді де, бұлбұл үнін де, қараңғы түнде қалқыған қалың орманның баяу сыбдырын да түн-шықтыра алмайды (Полевой).
Мен жалғаулығы зат есімдер мен соның орнына жұмсалған есім сөздерден болған бірыңғай мүшелерді байланыстырады. Ал, және жалғаулығы бірыңғай мүше атаулының барлығын дерлік жалғасты-ра береді. Басқаша айтқанда, оның қолданылу өрісі кең. Әрі, да, де, та, те, және, менен жалғаулықтары бірыңғай мүшелер арасында қолданылады да, олардың өз ара тең екендігін білдіреді: Айдос п е-нен Сатыбалды үйге кірді. Мен кітапты стол үстінен алдым д а, жолдасыма бердім.
Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, алайда./Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелер мен сөйлемдердің соңғысы алдыңғысына қарсы қойыла айтылғанда қолданылады. мыс.: Ол Асқарға қайта-қайта қарады, бірақ тани алмады (Мұқанов). Ол алғыр бала, б і р а қ еріншек. Жақып сол қырды таң атқанша іздеді, бірақ таппады (Мұстафин). Дала аласа, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Ән арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып барады (Әуезов).
Қарсылықты жалғаулықтар құрмалас сөйлем аясында да кең түрде қолданылады.
Талғаулықты жалғаулықтар: я, не, не болмаса, немесе, әлде. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің бірі болмаса, бірі болатынын екшеп, талғап көреетеді. Болмаса олардың кезектесш, бірінен кейін бірінің болатынын білдіреді, мыс.: Әрине, бұл бір күннің н е бір ай-дың жұмысы емес (Мүқанов).
Бұлардан басқа тілімізде біресе, бірде, кейде жалғаулықтары да бар. Олар бірыңғай мүшелермен бірге қайталап келіп отырады да, кезектестік мәнін береді, мыс.: Өздерінің бауыры, ағасы, ыстық досы, жандай жақын кәдірлісі болған Әбіштің бұлардан сондайлық алабөтен өзгешеліктеріне кейде кешіріммен, кейде қызығу, мақтанумен, шексіз қошемет құрметпен де қарасады (Әуезов). Толқын біресе жарды с ү з і п, б і р е с е қайтып бұрқанып жатыр екен. Ботакөз біресе көлге, біресе айнаға қарап, көлдің толқынына еліктегендей толқынды бұйра қара шашын бұрынғыдан да жиі желпе түсті (Мұқанов). Мейлі, құй жалғаулықтары бейтарап мәнді білдіреді. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің шеңберін кеңіткені болмаса, оның сыпатын өзгерте алмайды. Басқаша айтқанда, олар қаншалықты мол болғанымен, жай сөйлемді құрмаласқа айналдыра, күрделендіре алмайды. Жай сөйлем сол қалпында қалады.
Баяндауыштың бірыңғай бастауышпен жақтасуы
Бірыңғай бастауыш әр түрлі жақта тұрса, яғни бірінші, екінші, үшінші жақта тұрса, баяндауыш бірінші жақта тұрған сөзбен көпше түрде қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жал-пылауыш сөз қосылады. М е н, с е н, О с п а н ү ш е у м і з кітап магазиніне барамыз.
Сөйлемде бірыңғай екі бастауыш болып, бірі бірінші жақта, бірі екінші жақта келсе, баяндауыш оның бірінші жағымен көпше түрде жақтасады, мыс.: М е н, с е н екеуіміз бүгін катокке б а ра м ы з.
М е н, с е н е к е у м і з ертең мектепке ерте баруға т и і с п і з.
Бірыңғай бастауыштың бірі бірінші жақта, екіншісі үшінші жақта болса, баяндауыш бірінші жақта көпше түрде қиысады, мыс.: Мен,
100
Омар екеуіміз келесі жылы институтқа түсеміз. Бірыңғай екі бастауыштың біреуі екінші жақта, екіншісі үшінші жақта тұрса, ба-яндауыш онымен екінші жақта көпше түрде қиысады. Өйткені жал-пылауыш сөз екінші жақта тұрады, мыс: Сен, Асан екеуің бүгін ма-ған келіңдер!
Бірыңғай бірнеше бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына ғана көптік жалғауы жалғанады, мыс.: Абай, Көкбай, Шұбарлар өзгелерден озыңқырап оңаша әңгімелесіп барады. Абай, Біржан, Е р б о л, Әйгерімдер тысқа шығып, оларды. аттандырып жатыр (Әуезов).
Бірыңғай бастауыштар біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Олардың кейде морфологиялық тұлғасы да бірдей болады. Бірыңғай бастауыштар өздеріне бағынышты сөз ерткен күрделі болып та келеді.
Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы син-таксистік қызметі басым, салмақты болады. Етістіктен болған бірың-ғай баяндауыштар қимылдың үдетпелігін, мезгілдестігін білдіреді. Ондай баяндауыштар тұлғалық жағынан да алуан түрлі болып келеді. Алдыңғылары есімше, көсемшелі тұлғаларда да жиі тұрады.
Бірыңғай баяндауыштарда көмекші етістік оларға жалпы болуы мүмкін. Олар негізгі баяндауыштармен бірге қайта-қайта қайталап отырмайды. Бірыңғай баяндауыштар біркелкі жіктік жалғауын қа-былдап тұрады. Бірыңғай мүшелер морфологиялық тұлғалануы жа-ғынан да алуан түрлі. Тұлғалаушы морфологиялық элементті олар-дың кейде әрқайсысы жеке-жеке, кейде ең соңғысы ғана қабылдауы мүмкін. Жеке-жеке қабылдауы оларға логикалық екпіннің түсуіне байланысты.
Бірыңғай толықтауыштар тұлғалану жағынан екі түрлі болады. Олардың әрқайсысы өзіне тән септік жалғауларын қабылдап тұрады. Кейде септік жалғауын олардың ең соңғысы ғана жалғайды. Алдың- ғылары жалғаусыз тұрады.
Мен (бен, пен) жалғаулығы бірыңғай толықтауыштардың ең соң-ғысына ғана жалғанады.
Бірыңғай анықтауыштар сөйлемдегі бір зат есімді әр жағынан анықтайды. Ал, бірін-бірі анықтап барып тобымен зат есімді анық-тайтын анықтауыштар бірыңғай болмайды. Оларды сатылы анықтауыштар десе де болар еді. Бірыңғай анықтауыштар мағына жағынан да, тұлға жағынан да ұқсас, жақын болады.
Бірыңғай пысықтауыштар да жиі кездеседі. Олар, көбінесе, үс-теулер мен көсемшелерден жасалады. Олар да интонация және жал-ғаулықтар арқылы байланысады.
Бірыңғай мүшелер жалаң, күрделі болып та екі топқа бөлінеді.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдында, не соңында жалпы-лауыш сөздер тұрады. Жаллылауыш сөз бірыңғай мүшелердің мағынасын жинақтап көрсетеді және сол бірыңғай мүшелердің орнына жүре алады. Бірыңғай мүшелер қандай тұлғада тұрып, қандай сұрақ-қа жауап берсе, жалпылауыш сөз де, көбінесе, сондай тұлғада тұрып, сондай сұраққа жауап береді. Кейде оның сұрауы да, тұлғасы да бірыңғай мүшелерден өзгеше болады. Жалпылауыш сөздер мағына жағынан бірыңғай мушелермен салыстырғанда анағұрлым кең. Жалмылауыш сөздер де дара, күрделі күйінде кездесе береді. Жалпылауыш сөз қызметін атқаратындар: сілтеу және жалпылау есімдіктері, сан
101
есімдер, қыстырма мәнді сөздер, көптік жалғаулы етістіктер, мыс.: Оның маңына топталған көркемөнер талапкерлері: әнші, биші, гармоншы, домбырашы, мандалинші (Мұстафин). Алатау, Үлкен Алматы өзені, Есік көлі, Талғар биігі, Іле бойлары сияқты Жеті-судың тамаша табиғат, жаратылыс байлықтары Потанинді қатты қызықтырады («Пионер» жур.). Ертіс өзенінің бойындағы қалалар мыналар: Омск, Павлодар, Семей, Өскемен (Әуезов). Жүрт тарай бастаганда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді (Сланов).
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшені жинақтап, жалпыластырып көрсетеді. Жалпылауыш сөз ретінде қолданылатындар: бәрі, барлы-ғы, ешкім, басқалары, әрқашан, ешқайда, ешбір жерде т. б. Бұл есімдіктер беретін мағынасы жағынан да жалпылауыштар. Ол қазақ тіл білімінде жалпылау есімдіктері деп аталады: Раушанның өкіл болып болысқа баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес ағасы болып сайлануы—осының бәрі де Сәкеннің ризашылығымен болған жұмыс емес (Майлин).
Жалпылауыш сөз қызметінде сияқты сөзі де айтылып қалады, мыс.: Пушкин, Гоголь, Толстой, Чехов, Горький сияқты жазу-шылардың аты дүние жүзіне әйгілі (газет.). Сондай-ақ жалпылауыш сөз ролінде тәрізді, сықылды, сынды есімдері де жиі қолданылады.
ОҚШАУ СӨЗДЕР
Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік
Сөйлем арқылы ойды білдіруде, сөйтіп, бес түрлі мүше қатысатын болды. Бірақ сөйлем — жалаң коммуникативтік акт емес, ол психологиялық-экспрессивтік те акт. Сөйлем белгілерінің бірі — модальдык мәнді білдіруі, яғни сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан қатынасын (күмәнданатындығын, разы екендігін, тамашалайтын-дығын, таңырқайтындығын, қуанатындығын т. б.) қоса білдіруі. Мұндай модальдық реңктерді беру жолдары түрліше. Солардың бірі — сөйлем мүшелеріне жатпайтын басқа сөздермен білдіру, ол сөздер қ ы с т ы р м а, о д а ғ а й л а р болады. Сондай-ақ сөйлеуші айтып отырғанына назар аударту мақсатын да көздей алады, ол үшін де сөйлем мүшелерінен тыс басқа сөздерді — қаратпаларды қолданады. Сол сияқты сөйлеуші айтып отырған ойының желісінде жол-жөнекей бір нәрселерді ескерте кету, айқындай түсу мақсатын да қоюы мүмкін. Ол үшін сөйлем мүшелерінен тыс элементтерді — ескертпе лерді пайдаланады. Осылардың барлығы, яғни қыстырмалар, қаратпалар, одағайлар, ескертпелер, белгілі бес түрлі. сейлем мүшесінің ешқайсысына жатпайды, өйткені олар сөйлем мүшелерінің сұрақтарына жауап бермейді. Егер жасалған сөз табы мен тұлғасына қарай қыстырма сөздердің кейбіреулеріне сұрақ қоюға болатын болса да (мысалы, меніңше — к і м ш е? қысқасы — қ а л а й? сөйтіп — қ а й т і п?), ол сұрақтар бұл қыстырмаларға сөйлемнің белгілі бір мүшесімен байланысты қойылмайды, жалпы сөйлемге, айтылған ойға қойылады. Сондықтан қыстырмаларды, қаратпаларды, одағайларды, ескертпелерді сөйлем мүшелерінен бөлек алып, оқшау сөздер деп атаймыз, «Оқшау сөз» деген термин шартты, өйткені сөйлем мү-шелерінен оқшау тұратын элементтер жалғыз Дара сөздер ғана емес, сөз тіркестері де, сөйлемдер де болып келеді. Сондықтан оларды жалпы атағанда қаратпалар, қыстырмалар, о д а ғ а й л а р, ескертпелер деген қолайлы болады.
102
Оқшау сөздер — сөйлем ішінде басы артық, «жолдан ілесе сал-ған» элементтер емес, «оларды алып тастағаннан сөйлемге ешқандай нұқсан келмейді» деген мектеп грамматикаларының түсіндірмесі ғылми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Оқшау элементтер сөйлем құ-рауға қатысып, оның басты белгілерінің бірі — модальдықты білді-реді.
Қазақ тілінде оқшау сөздер, әдетте, үш топқа бөлініп қаралып жүр: қ ы с т ы р м а сөздер, қ а р а т п а сөздер, о д а ғ а й л а р. Мағынасы мен атқаратын қызметіне қарағанда, одағайлардың бірқатары қыстырмаларға, бірқатары қаратпаларға қосылып кетеді. Орыс тілінің академиялық грамматикасында с ө з-с ө й л е м деп та-нылған конструкцияларды да (амандасқанда, қоштасқанда, алғыс айтқанда, мақұлдағанда, мақұлдамағанда айтылатын, көбінесе қа-лыптасқан амансыз ба, есенсіз бе, хош, рахмет, я, жоқ, қой т. б. сиякты сөздер мен сөйлемдерді) біз оқшау элементтер ретінде қараймыз.
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР
Жалпы мәлімет
Сөйлеуші өз ойын білдіргенде, бір нәрсенің жайын құр баяндап қоймай, оған өзінің қатынасын қоса білдіруі мүмкін. Ол қатынас әр қилы болады: сөйдеуші өз айтқанына күмәнданатындығын немесе сенетіндігін білдіре алады, немесе айтқан ойына байланысты өкіні-шін, ренішін, қуанышын, қуаттайтындығын қоса айтуы мүмкін, сон-дай-ақ ол ойды қорыта айтатындығын немесе оның кімнің тарапы-нан екендігін де білдіре кете алады. Қысқасы, сөйлемге осы сияқты сан алуан мағыналық реңктерді синтаксистік жолмен беру үшін қыстырма элементтер пайдаланылады. Бірақ бұл элементтер сөйлем-нің белгілі бес мүшесінің ешбіреуіне де жатпайды, олармен белгілі синтаксистік тәсілдердің (қиысу, меңгеру, жанасу, қабысу) ешқайсы-сы арқылы байланыспайды, сондықтан сөйлем мүшелерінің бірде-бір сұрағына жауап бермейді. Бірақ қыстырмалар не сөйлемде айтылған тұтас ойға, не оның белгілі бір мүшесіне қатысты болады, сондықтан олар да, сөйлем мүшелері сияқты, айтылатын ойды білдіруге қатысатын қажетті, мәнді элементтер болып саналады.
Сөйтіп, қыстырмалар деп сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан қатынасын білдіретін сөйлем мүшелерімен синтаксистік белгілі тәсілдермен байланыспайтын жеке сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді айтамыз.
Қыстырмалар жеке сөздер ретінде де (мыс: әрине, рас, бірінші-, ден, сірә), сөз тіркестері ретінде де (қорыта келгенде, бір жағынан, өкінішке орай), тіпті жеке сөйлем ретінде де келе береді.
Қыстырма элементтердің қазақ әдеби тілінде қолданылып, белгілі бір жүйеге келуі — тіліміздің совет дәуірінде дамуына, орыс тілі-лің әсеріне де байланысты. Әсіресе, саяси-публицистикалық және ғылми-педагогикалық әдебиетті орыс тілінен аудару үстінде қыс-тырма сөздер мен сөз тіркестерінің жаңа түрлері пайда болып, қалыптасты. Олардың көпшілігі таза калькалар: бақытымызға қарай (к счастью), сөз жоқ (безусловно, бесспорно), қорыта айтқанда (короче говоря) т. б.
Қыстырмалар, әдетте, орын талғамайды, дегенмен қыстырмалар, көбінесе, сөйлемнің басында не соңында келеді, сондай-ақ олардың сөйлем ортасында кездесуі (әсіресе өлеңдерде) ешбір заңдылықты бұзбайды. Сөйлем ішінде келген қыстырмалар басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады.
103
Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына
қарай топталуы
Қыстырмалар адамның объективтік емірге, басқа адамдарға де-ген әр қилы реальдық қатынасын білдіретін болғандықтан, олардың мағыналық қызметтері де әр алуан болады. Осыған қарай қыстыр-малар мынадай топтарға бөлінеді: 1) сөйлеушінің айтылған ойды түрліше эмоциялық тұрғыдан бағалауын білдіретін; 2) айтылған ойға. күмәндылық немесе сенімділікті білдіретін; 3) хабардың кімнің тарапынан екенін көрсететін; 4) тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын; 5) айтылған ойдың желісін, ретін көрсететін қыстыр-малар.
I. Қыстырмалар сөйлеушінің айтылған ойды эмоциялық жағы-нан қалайша бағалағанын, яғни өкінгенін, қуанғанын, т а ң д а н -ғ а н ы н, р а з ы болғанын т. б. білдіреді. Бұл топқа жататын қыстырмалар, негізінен, мыналар: қайтейін, не шара, амал қанша, амал не (амал нешік), өкінішке орай, сорына (сорыма, сорына) қарай, соры қайнағанда, бақытыма (бақытымызға, бақытына) қа-рай, не керек, бәсе.
Балтабек оған іштей қайғырады, бірақ, амалы қанша, істер шара жоқ (Мұқанов). Масқаралап мені тағдыр қылды мазақ, не шара... Досың-ақпын тағдыр араз Толғанамын, қайтемін...; Қазақ~орыс қатыны бір сүлуды Әкеліп ем, қайтейін, оны тағи ал...Әзелде тағдыр иеден қожам сенсің, не к е р е к (Абай). Б ә с е, жігер шығар жұртымнан, осындай ақыл да шығушы еді ғой (Әуезов).
II. Сөйлеуші айтылған хабарға өзінің к ү м ә н д ы-к ү м ә н с ы з-дығын, оны қостайтын-қостамайтындығын қоса білдіреді. Мұны білдіретін қыстырмалар мыналар: сірә, тегі, асылы, зады, әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, шынында, шынын айтқанда (айтса? айтсақ), кім біледі, бәлкім, ұмытпасам, жаңылмасам, мүмкін.
Даусы сенімді шықпады, әрине (Мүсірепов). Рас, Кәлен, кісі мойнында кегін жібермейтін жау (Нұрпейісов). Биені жақында байлаған-ау, з а д ы? — деп ойлады ол. Т е г і, бір үлкен орынга келін боп түскен адаж-ау деймін (Мұқанов). К і м б і л е д і, бүдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Майлин). Мен сені қайтіп, с і -р ә, ұмытармын (Аманжолов). Келмесең егер сен бізге Сау болмас па ем, ә л б е т т е? (Абай).
III. Қыстырмалар айтылған хабардың кімнің тарапынак (айтуы, ойлауы бойынша) екенін көрсетуі мүмкін. Оларға жататындар: меніңше, сеніңше, біздіңше, оларша, оның айтуынша (ойлауынша), пәлен адамның айтуынша (хабарлауынша), әлі есімде.
Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз (Әуезов). Кенжетайдың айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тәкаппар (Мұқанов). Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің бі- луіңш е, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты (Абай). Бұлар, елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Майлин). Рас, [Нүрдәулеттің] атын біле бермес, ал түсін тани-тындар, б і з д і ң ш е, көп табылуға тиіс (Иманжанов).
IV. Бірқатар қыстырмалар тыңдаушының назарын аудару ү ш і н қолданылады. Олардың негізгілері мыналар: айтпақшы айтқандай, әне, міне (мінеки), кәне, мұның үстіне, ол — ол ма, бұл — бұл ма, өздеріңізге мәлім, көріп отырсыз, білем, білесің бе, байқайсың ба, байқаймын т. б.
О л — о л ма, каналдың басы боларлық иін Сырдарияның бұл
104
аралап өткен тұсынан табыла ма, жоқ па? (Мұқанов). О л — о л б о л с ы н, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз! (Әуезов). Азырқан-дың, білемін, ақсақал шал (Абай). Б а й қ а й с ы ң д а р ма, күн бұзылып барады. Байқаймын, менен жасыратын бір сырларың бар секілді (Нұрпейісов). Е, айтпақшы, мынау әлгі конезоводтың бригадирі Оспанқұл ғой! (Әуезов). Айтшы, к ә н е, өз тобыңның алдында (Мүсірепов). Тыңдаңдар, м і н е, қаладан хабар естіп отырмын. Шынында, осы кезде Бөкенші асуының жотасынан бері қарай шапшаң құлдилап келе жатқан қалың шоғыр көрінді (Әуезов). Бенде өлмейді арманнан, мінеки, мен де өлмедім (Абай).
Ә н е, қос қанатты инеліктер ұшып жүр. Оған, міне, екі жыл (Мұқанов).
V. Сөйлеуші айтқалы отырған ойының ретін, желісін қыстырма-лар арқылы көрсете алады, мұндайда сөйлем ішіндегі кейбір ойлар айқындала түседі, немесе ойдың түйінделетіндігі ескертіледі. Қыстырмалардың бұл тобына жататындар: мысалы, қысқасы, негізінен, жалпы алғанда, керісінше, біріншіден, ең алдымен,әуелі, екіншіден, үшіншіден,... демек, сөйтіп, айталық, қайта, бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, бір жағынан,... қорыта келгенде, ақыры, ақырында, жоғарыда айтқандай, жоғарыда көрсетілген-дей, әйтеуір, ендеше, көбінесе т. б.
Абай, бір жағынан, Әбіштей баласының орысша кең, мол тәрбие алғанына қызыға қарайды. Екіншіден, Россияның бар жаңа хабарына ынтығады. Әбішке ана боп отырып, оның ой-ниетін білуінде ешбір өрескелдік жоқ. Қайта, аса орынды, (Әуезов). Өйт-кені, Сағит, бір жағы, ертегішіл, екінші жақтан, бір кеңесті бастап берсе, толық ұғып алуға тырысып, содан көп сұраулар тудырады. (Мұқанов). Былайша айтқанда, Дәмелінің көркемдігі қуаныштың көркемдігі екен (Ерубаев). А қ ы р ы, Раушанды қайда көріп, қалай танысқаным есіме түсті (Иманжанов). Әйтеуір, әді-лет қой іздегенің (Мүсірепов). Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші (Майлин). Жалпы алғанда, қазақ эпостарының көпшілі-гінде-ақ бас қаһарманы — тәңірден тілеп алған жалғыз ұл (Жұмалиев). Сөйтіп, қонақтан Қаражан үйі сейілгенде, өздері оңаша сөйлеспек боп, екі абысын ғана қалды. Соры ма, ырысы ма, ә й т е у і р, тағы бір өзгешелгктері бойынша намысқор кісілер (Әуезов).
Сөйлемнің с ұ р а у л ы қ немесе әр түрлі экспрессивтік мәнін күшейте түсу үшін де қыстырма сөздер қолданылады. Олар көбінесе, не, немене, осы, мына тәрізді есімдіктерден де болады.
Қалай, құлағың ашылды ма? (Әуезов). Қалай, ешкім қашқан жоқ па? (Нұрпейісов). Мен, н е м е н е, ана емес дейсіңдер ме? (Иманжанов). О с ы, үріп ауызға салғандай. Біз, о с ы, қайтеміз? (Майлин). Әй, сен, о с ы, не деп отырсың? (Әуезов). Қалай, дұрыс айттым ба, бала? — деді Нәзір (Мұқанов). Н е м е н е, сорлыны енді мында да тыныш жатқызбайын дедің бе? (Майлин).
Морфологиялық тұлғасы жағынан қыстырма сөздер біркелкі бол~ майды, олар әр түрлі сөз таптарынан жасалып әр алуан тұлғада тұ-рады. Қыстырма сөздердің бірсыпырасы қазіргі әдеби нормада қыс-тырма сөз ретінде қалыптасқан тұлғалар (әрине, сірә, тегі, мысалыг қысқасы т. б.) болса, басым көпшілігі белгілі бір контексте ғана қыс-тырма ретінде келіп, басқа бір контексте сөйлем мүшесі болатын сөздер болады.
Рас, (Нұрдәулеттің) атын жұрт біле бірмес. Мүмкін, ол да шу дегенде байқай алмай, таныстығы қазір ғана есіне түсіп қараған шығар (Иманжанов), Еламан аға, білем, бізге өкпелісің (Ңұрпе-
105
йісов). Бұл сөйлемдерде рас, мүмкін, білем деген сөздер қыстырма ретінде қолданылып тұрса, мына төмендегі сөйлемдерде олар сөйлем мүшесі ретінде қолданылған:
Біздің хал солай екені рас (Әуезов). Ол түгіл, өзіңді де жақсы б і- л е м і н (Мүсірепов). Кешке қарай жаңбыр жаууы мү м к ін.
Қыстырма сөздер морфологиялық құрылымы, тұлғасы жағынан мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Модальдық мәндегі есім тектес сөздер: әрине, рас, мүмкін, бәлкім (бәлки), сірә, әлбетте. Тегі, асылы, мысалы, қыс-қасы, ақыры, шамасы, тәрізі, зады (заты) дегендер III жақтық тәуелдік жалғаулы есім түбірлес қыстырма сөздер. Бұлар жатыс сеп-тігінде де тұрып, қыстырма сөздің қызметін атқарады: расында, те-гінде, ақырында, задында; осы модельде жасалған шынында, шын-дығында, дұрысында сияқты сөздер де есім тұлгалы қыстырмаларға жатады. Әуел баста есім түбірлі болганымен, қазіргі тілімізде бірқа-тар қыстырма сөздер осы қызметте жұмсала келе өзінің белгілі бір затты, құбылысты білдіретін лексикалық мәнінен айрылып, таза мо-дальдық сөздер тобына ауысқан. Оларға сірә, әрине, бәлкім, әлбетте, тегі, асылы, қысқасы, ақыры, зады, сөйтіп, демек, мысалы, біріншіден, екіншіден, үшіншіден... деген сөздер жатады.
2. Модальдық мәндегі етістік түбірлі сөздер: қайтейін, ұмытпасам, жаңылмасам, білем, білесің бе, айтпақшы, айтқандай, байқаймын, байқайсыз ба, демек, сөйтіп, айталық.
а) Мүның ішінде ашық райдан жасалғандары: білем, білесің бе, байқаймын, байқайсың ба. Бұлар үш жақта бірдей, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қыстырма сөз болып қолданылуы мүмкін, бірақ қазіргі әдеби нормада қыстырма сөз ретінде, көбінесе, осы берілген тұлғалары пайдаланылады. Ашық рай тұлғасындағы етіс-тіктердің қыстырма сөз ретінде қолданылуы орыс тілінің әсерінен туып, таза калька жолымен жасалып, қалыптасып келе жатыр.
ә) Шартты рай тұлғасындағы ұмытпасам, жаңылмасам тәрізді сөздер де қыстырма қызметін атқарғанда үш жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қолданыла береді: ұмытпасаң, ұмытпасаңыз, ұмытпасақ т. б. Бұлар да калька жолымен жасалған норма.
б) Бұйрық, қалау райындағы қайтейін, айталық (айтайық) сияқты етістіктер қыстырма сөздің қызметін, көбінесе, осы тұлғалар-да тұрып атқарады.
в) Етістік түбірлі қыстырмалардың ішінде демек, айтпақшы, айт-қандай, сөйтіп дегендері қазіргі күнде таза қыстырма сөздерге айна -лып бара жатқандар.
3. Үстеу тұлғалы қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден,... меніңше, сеніңше... керісінше, алдымен, әуелі, қайта, әйтеуір, ендеше, көбінесе.
4. Есімдік тұлғалы қыстырма сөздер: әне, міне, кәне, не, немене, осы, мына, ана.
Алдыңғы үш сөз әнеки, мінеки, кәнеки түрінде де қыстырма сөз болып келе береді.
Қыстырма сөз тіркестерінің грамматикалық құрылысы
Қыстырма сөз тіркестері де морфологиялық сипаты жағынан есім түбірлі және етістік түбірлі болып келеді.
Есім түбірлілеріне зат есім мен есімдіктің (не шара, амал қанша, амал не, амал нешік, бір жағы, бір жағынан), есім мен шылаудың (бақытымызға қарай, сорыма қарай, өкінішіне орай), есім мен үстеудің (әлі есімде), есім мен бейтарап сөздердің (сөз жоқ, не ке-
106
рек), үстеу мен үстеудің (ең алдымен, ең әуелі), сан есім мен зат есім-нің (бірінші жақтан, екінші жақтан) тіркестерінен жасалған қыстырмалар жатады.
Етістік түбірлілеріне есім (және үстеу) мен етістіктен (кім біледі, соры қайнағанда, шынын айтқанда, жалпы алғанда, бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, жоғарыда айтқандай т. б.) және етістік пен етістіктен (көріп отырсыз, қорыта айтқанда, қорыта келгенде т. б.) жасалған қыстырмалар жатады.
Қыстырма сөз тіркестерінің ішінде бірсыпыра тұрақталған түрлері және жақтық, шақтық, жекеше-көпшелік жағынан қ ұ б ы л м а л ы немесе басқа түсіндірме сөздермен жайылып кете алатын тұрақсыз т і р к е с түрлері болады. Тұрақты қыстырма сөз т і р к е с т е р і н е: сөз жоқ, не шара, амал қанша, амал не, амал нешік, не керек, ең алдымен, ең әуелі тәрізділер жатады. Құбылмалы қыстырма сөз тіркестері: қорыта келсек, (қорытып келгенде, қорыта айтсақ, қорыта айтсам т. б.), сорыма қарай (сорыңа қарай, сорына қарай, сорымызға қарай), оның айтуынша (жұрттың айтуынша, сенің айтуыңша т. т.), өздеріңізге мәлім (бұрыннан өздеріңізге мәлім, өздеріңізге жақсы мәлім, өздеріңізге мәлім болар т. б.), шынын айтқанда (шынымды айтайын, шынын айтсақ, шынын айтса, шынымды айтсам т. т.).
Қыстырма сөйлемдер
Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналық қызметтерін қыстырма сөйлемдер де атқарады, яғни сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан қатынасын білдіретін сөйлем қыстырма ретінде негізгі сөй-лемнің ішіне енгізіледі. Ондай қыстырма сөйлемдер бастауыш, баян-дауышы және, көбінесе, тұрлаусыз мүшелері де бар толымды, то-лымсыз жалаң, жайылма, жақты, жақсыз жай сөйлемдер болып келеді.
С і з білмейсіз ғой, бізбен ағайын, жасы менімен түйдей құрдас Әбдірахман деген болды (Майлин). Тәтті дүние көңілімнен кетті менің, н а н маған (Абай). Шынымды а й т а й ы н, осы адамға деген менде бір ерекше құрмет сақталған (Иманжанов). Амалың бар ма, ақылы жоқ болғасын (Мұқанов).
Сөйлем түріндегі қыстырмалардың бірқатары ықшамдалып то-лымсыз жалаң сөйлем түрінде (тек қана баяндауышы сақталып) ке-леді: сіз байқайсыз ба, сен білесің бе, мен білем, мен байқаймын, сіз көріп отырсыз.
Қыстырмалар жазуда сөйлемнің басқа мүшелерінен үтірмен ажыратылады. Кейде екі мағынаны білдіретін екі түрлі қыстырма қатар келіп қалғанда, олар бір-бірінен де үтір арқылы бөлінеді:
Қ ы с қ а с ы, н е к е р е к, сол науқас турасында мені емдеп жүрген сол доктор маған әзір үйленуге болмайды дейді. Р а с, м е - н і ң байқауымша, сіздің халық — ақын халық (Әуезов).
Қыстырма сөздер сияқты, сөйлем мүшелерімен синтаксистік бел-гілі тәсілдер арқылы байланыспайтын, сөйлем мүшелерінің сұрақта-рына жауап бермейтін оқшау сөздердің тағы бір тобы бар. Олар: 1) қойылған сұрақты тура құптауды немесе айтылған ойға келісуші-лікті білдіретін я (ие, иә), құп, жақсы, жарайды, жөн, мақұл деген сөздер; 2) қойылған сұраққа тура қарсы жауап болып табылатын не-месе келіспеушілікті білдіретін жоқ, қой сөздері; 3) амандасу, қош-тасу, кешірім сұрау, алғыс айтуды білдіретін сөздер: сәламатсыз ба, аман ба, есенсіз бе, қош, қош болыңыз, сау тұрыңыз, қайыр, шүкір; кешіріңіз, ғафу етіңіз, рахмет т. б.
107
Бұлар, көбінесе, көркем әдебиетте, диалогтарда қолданылады да, қыстырма сөздер сияқты, сөйлемнің басқа мүшелеріңен үтір арқылы бөлінеді (бұлар сөйлемнен бөлініп, я өз алдына жеке тұрғанда, жеке сөйлем сияқты нүкте, көп нүкте, леп белгісі қойылады).
Я (ие, иә), құп, жарайды, жақсы, жөн, мақұл деген сөздер қойыл-ған сұрақты тура құптау немесе айтылған ойға келісушілікті біл-діреді.
— Құнанбаев! а-а, әлгі ел бүлдіргіш Құнанбаев сіз бе?
— Я, сол менмін, Ваіие превосходителъство (Әуезов).
— Ж а р а й д ы, ж а р а й д ы, ел қамқоры болган соң, солай болу керек (Майлин).
— Жақсы, мен барайын, — деді ректор (Қабдолов).
— Болады, оқиын! — деп мен уәде бердім (Майлин).
Я (ие, нә) сөзі әрдайым қойылған сұрақты тікелей құптау бола. бермей, айтылған ойды нықтай, беркіте түсу үшін де жиі қолданлады.
— Я, халайық, бұл бір асыл мереке болды, шын қуаныш, қалт-қысы жоқ халық қуанышы (Әуезов).
— Қалашыға, сірә, бер жағы, ғой қиыны.
— И ә, бергі жол ауыр соқты (Нұрпейісов).
Жоқ, қой сөздері қойылған сұраққа тура қарсы жауап болады немесе келіспеушілікті білдіреді де, көбінесе, сөйлемнің басында қолданылады. Осы мағынада жо, жоға, жоға деймін, қойшы әрі (сөйлеу тілінде) сөздері де келуі мүмкін.
— Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?
— Ж о қ, әшейін бір обашық (Майлин).
— Жарайды, Абай аға, қаршыға жайында ма?
— Жоқ, қаршыға емес (Әуезов).
— Ж о, мен нағылайын! Абай ағам өзі бірдеңе етер (Әуезов).
— Қ о й, күдік айтудың не лайығы бар (Мүсірепов).
Жоқ сөзі де, я сияқты, айтылған ойды күшейте түсу үшін де қолданылады, онда да оқшау тұрады:
— Кәдімгі тастан жасаған құман ба?
— Ж оғ а т ә й і р і, — деді Түрке, — шойын құман (Мұқанов).
Амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау т. б. үшін қолда-
нылатын сөздер түрліше болады. Олардың көпшілігі сөз тіркесі болып келеді: сәлем, сәлематсыз ба, есенсіз бе, амансыз ба, күйлісіз бе, қош болыңыз, сау бол, сау тұр, қайыр, қайыр қош, шүкір, кешіріңіз, кешір, ғафу етіңіз, айып етпеңіз, рахмет т. б.
Көркем әдебиетте амандасудың арма, армысың, армысыз, бар бол, жол болсын, жолай болсын, ассалаумағалайкүм, уағалайкүм уәсәлам сияқты түрлері де кездесуі мүмкін.
— Амансың ба, Қарауылдың қыз-жігіті!
— Есенсіз бе, Ақан аға!
— Аманбысың , Ақтоқты! (Мүсірепов).
— Хош к е л і п с і ң, Әбішжан! — деген сан тілеулес жүрек-терден шыққан ыстық сөздер (Әуезов).
Ғ а ф у ет, кетіппін. ғой қиялға еріп. Оқушым, р ұ қ с а т ет,. қиял құсым, шарықтап барып келсін, солай таман (Аманжолов).
— Еліңді қыстан шығардың ба, бала?
— Шүкір, шығардым (Майлин).
— Асығыс ем, рахмет (Мұқанов).
Жантық: Армысыз, жеңеше!
Мақпал: Бар бол, қайным!
Қозы: Жол болсын, құрбым!
108
Баян: Жолдамақ с е н е н б о л с ы н, жас ноян! (Мүсірепов).
— Ассалаумәликім, Абай аға! (Әуезов).
Е с к е р т у. Амандасқанда айтылатын сұраулы сөйлемдердің оқшау сөздерден айырмашылығы сол — олар белгілі бір жауап беруді тілейді. Сондықтан олар «оқшау сөз емес, кәдімгі сұраулы сөйлемдер болып табылады.
— Әбіш аға, д е н і ң і з с а у ма? А м а н-с а у ж е т т і ң і з б е? Т ү с і ң і з н е г е ж ү д е у?
— Д е н і м с а у, Кәкітай (Әуезов).
— Аман-есен о р а л д ы ң б а?
— Өз үй ішіңіз де есен бе түгел?
— Т е г і с е с е н...
— Өзіңіздің жүрген жерлеріңіз аманшылық п а ес к е н?
— Ш ү к і р, Жұмеке, шүкір, К ө п е й бәйбішенің д е н і -қ а р н ы сау м а? (Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: |