В деңгейі Дыбысты құжатқа енгізу WordPad редакторында «Шалқан» ертегісінің мәтінін толтырыңдар.
« Тартып-тартып, шығара алмайды» тіркестерін теріп, файлды өз бумаларыңда «Шалқан» деген атаумен сақтаңдар.
Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.
«Шалқан» файлын ерекшелеп, ОК шертіңдер.
Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.
Шалқан
Атай шалқан отырғызды. Шалқан үп-үлкен болып өсіп шықты. Шалқанды жерден тартып шығаратын кез келді. Атай тартып-тартып, шығара алмайды.
Атай әжейді шақырды.
Әжей немересін шақырды.
Немере қыз Ақтөс итін шақырды.
Ақтөс иті мысықты шақырды.
Мысық тышқанды шақырды.
С деңгейі Құжатты дыбысқа енгізу
WordPad редакторында ертегінің мәтінін толтырыңдар.
Әрбір кейіпкер үшін жеке файлға дыбыс жазыңдар да, оны өз бумаларыңда сақтаңдар.
Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар
Тиісті дыбыстық файлды көрсетіп, ОК батырмасын шертіңдер.
Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.