Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Презентациялар
|
Презентация құру этаптары
|
Программа менюінің командалары
|
Сандық білім беретін ресурстарды құру мекендерінің бірі болып Microsoft PowerPoint презентациялар құратын программасы табылады. Ол қарапайым, меңгеру мен жұмыс істеу оңай, арнайы білімді қажет етпейді.
Презентация – бұл бірінен кейін бірі ауысып тұратын слайдтар тізбегі, яғни бүкіл экранды алатын электронды парақшалар тізбегі.
Слайдта мәтін, сурет, диаграмма, кесте, түріеобөлшек болуы мүмкін, және дыбыстық сүйемелдеу де болады.
|
1.Қолжазбалық нұсқа- идея әзірлеу, материалды таңдау;
2.Шаблонды құру, немесе дайынын пайдалану;
3.Ақпаратты енгізу ;
4.Өңдеу мен безендіру;
5.Құрылымын өзгерту;
6.Жариялауға дайындық;
7.Жариялау.
|
Файл – презентациямен жұмыс командаларының жалпы жиынтығы: ашу, құру, сақтау, басып шығару, т. б.
Жөнге келтіру – презентация мен слайдтарды редакциялау командаларының жиынтығы: қиып алу, көшіру, қою, т. б.
Түрі –программа интерфейсі мен презентацияны көрсету режимін икемдеу: жай, слайдтарды сорттаушы, слайдттарды көрсету, т. б.
Енгізу – слайдтар мен объектілер қою командасы суретті, фильм мен дыбысты, гиперссылканы, диаграмманы және т. б.
Формат – слайд пен объектілер безендіру командалары: қаріп, тізім, интервалдар және т. б.
Сервис – программаны икемдеу мен қосымша мүмкіндіктер командасы.
Слайдтарды көрсету – PowerPoint- қа ғана тән командалар тобы, объектілер анимациясын және презентацияны икемдеу командаларын біріктіреді.
Терезе – терезелермен жұмыс командалары.
Жөнге келтіру – программамен жұмысқа арналған ақпаратты- анықтамалық система.
|
Қорытынды:___________________________________________________________ ______________________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Презентация дегеніміз не?
Презентацияның артықшылықтары қандай?
Слайдта мәтіннен басқа не болады?
Презентацияның қызметі не?
Презентация құру этаптарын ата.
Презентацияны бастау үшін қолданылатын командалар тізбегі қандай?
Программа интерфейсі элементтерін сипатта.
Программа менюіне не кіреді?
Мақсаттар аумағын сипатта.
Құрылым аумағын түсіндір.
Белгілер аумағы мен жағдай жолы қызметін түсіндір.
Жұмыс істеу режиміне мысал келтір.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі суретте бейнеленген экран элементтерінің сәйкес атауларын көрсет.
Керек сөздер: Программа менюі, Құжатты ашу батырмасы, Пішімдеу панелі, Жағдай жолы, Программаны жабу батырмасы, Режимді таңдау батырмасы, Презентация атауы, Структура аумағы, Міндеттер аумағы, Редакцияланатын слайд, Жазбалар аумағы
ІІІ деңгей тапсырмалары
Программа менюінің командаларын бөлшектеп қарастырыңыз.
______________________________________________________________________
Топтық жұмыс.
Сынып 3 топқа бөлінуі тиіс. Әр топ алма - кезек программа интерфейсіндегі элементтерді сипаттайды. Қай топ көп элементтерді айтса, сол жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |