39
жеңуде оқушыларды ПМПК қорытындысы бойынша оқытудың кез келген
кезеңінде жаппай түрдегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру
қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық даму тежеліс түрі көрсетілген
жағдайда негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында білім
беруді жалғастыру мүмкіндігі бар. Неігізгі мектептердің арнайы сынып
түлектері ТжКБ мекемелерінде оқуын жалғастыра алады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері,
олардың мектептік оқуға дайындығының төмендігі оқу жоспарларын,
бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын қайта бөлуді және оны өту
қарқынын өзгертуді қажет етеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды
оқыту арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне
арналған арнайы бағдарламаларға, түзету пәндері бағдарламаларына сәйкес,
арнайы сынып жағдайында іске асады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1
жылға артуына байланысты жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны
оқушылардың ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бөлінеді және бейімделеді.
Оқу процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар, арнайы
әзірленген дидактикалық материалдар (жұмыс дәптерлері), АКТ және
оқушылардың
танымдық
мүмкіндігі
ескерілген
т.б.
материалдар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: