Пәнаралық
байланыс
|
Математикалық амалдар, ағылшын, орыс тілінде сөздер
қолданылады.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Мәліметтер қорымен жұмыс.
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Қосымша ресурстар
|
Басталуы
3 мин
6 мин
|
Ой сергіту жаттығуы
«Бір - екі - үш - төрт - бес» әдісі Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха - ха», «Хи - хи» деп айтуға да болады.
Үй тапсырмасы
Оқушылар орындаған жоба жұмыстарын топта талдайды, бағалайды.
|
Компьютер
|
Негізгі бөлім
2 мин
10 мин
|
Миға шабуыл сұрақтары
Деректер базасымен жұмыс жасауда алған білімдеріңді күнделікті өмірде (үйде, мектепте және т.б. ) қалай қолдануға болады деп ойласың? Нақты ұсыныстар, дәлелді мысалдар келтір.
Жоба тапсырмалары:
«Сыныптың үлгерімін есептеу (сынып жетекшісіне көмек)» жобасы
Сынып жетекшісінің өз сыныбы бойынша атқаратын жұмыстарының ауқымы өте үлкен. Сондай жұмыстардың бірі – әр тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылардың үлгерімін есептеу. Мұндай жұмысты сынып жетекшілердің көпшілігі әлі де қағазға жазып калькулятор көмегімен есептейді. Бұл, әрине, сынып жетекшісінің көп уақытын алады.
Тапсырма: Сынып үлгерімін есептеуге арналған тәжірибелік жоба жұмысын орында. Жобада төмендегі жағдайлар қарастырылуы керек.
Жазбаларда (Запись) оқушылардың аты-жөні жазылуы керек. Өрістерде сыныптың сол тоқсандағы оқыған пән атаулары жазылуы тиіс. Жобаның деректер қорын құрауда Форма батырмасын қолдан.
Жоба пішіні тартымды, деректерді оқу ыңғайлы, маңызды тұстары түстермен ерекшеленген болуы керек.
Ең соңғы жазбаларда (қатарларда) сыныптың пәндер бойынша орта бағасы, үлгерім пайызы болу керек болса, соңғы өрістерде (баған) жеке оқушының тоқсандағы орта бағасы,
|
Оқулық
Компьютер
|
9 мин
|
білім сапасының пайыздық көрсеткіші берілуі керек.
Сұрыптау көмегімен сыныптағы оқушылардың білім сапасының кемуі бойынша ретте.
Қарапайым сүзгі арқылы жекелеген пәндерді тек үздік оқыған оқушыларды анықтау.
Кеңейтілген сүзгі арқылы тек жаратылыстану пәндері бойынша немесе тек гуманитарлық пәндер бойынша «4» және «5» бағаға оқыған оқушылардың, барлық пәндер бойынша үздік оқыған сынып үздіктерінің тізімін іріктеу мүмкіндігі болсын.
Топтық жұмыс: «Пікірталас»
«Деректер базасын қолданудың артықшылығы мен кемшілігі» Дескриптор
Деректер базасын қолданудың артықшылығы мен кемшілігін салыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |