132
ИМАНИ ГҮЛ
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына
деректер келтірілген еді: «Жер бетіндегі құрлықтар ша-
мамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя
атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша-
мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді.
Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың
бірі – Африка, Австралия, Антарктикада және Үндістанды
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Аме-
рика және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия бола-
тын.
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пай-
да болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше
сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады».
Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе –
Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты
«жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың
бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала-
нып жүрген термині ағылшын тілінде
«co
ntinental drift»,
яғни
«құрлықтық жылжу».
Достарыңызбен бөлісу: