«әд-дә’уәту-ссаләфийә»
сериясынан
17-бөлім
Қиссашылардың
(қуссас)
Исламдағы үкімі,
және қиссалар
(қысас)
негізінде діңге шақыру туралы
Бірінші басылым
Сайтының редакциясы дайындаған
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………….……………...…………….3
«Әл-қысас», «әт-тазкир» және «әл-уа’з» деген не……………….............................5
Исламдағы «қысас» пен «қуссас» үкімі………………………………….............….5
Сахабалардың және олардың ізбасарлары мен имамдардың қуссастар мен қысасқа деген қатына………………….……………...…………….…........…7
Қысас пен қуссас туралы қазіргі заман ғалымдардың айтқан сөздері…………..11
Қысас пен қуссастарды сөгудегі себеп пен даналық……………………..15
Кейбір күмәнді дәйектерге жауаптар…………………………….…..18
Дағуатта қысасты қолдануға рұқсат беретін шарттар………………..20 Қорытынды…………………………………….……………...…………….…….21
Әдебиет………………………………….……………...…………….…….......23
Аллаһ Тағала былай деді:
«Менің азабымнан қорқатындарға
Құран арқылы үгіт бер» (Қаф 50: 45).
Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен!
Кіріспе
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Содан соң:
Аллаһ Тағала адамдарға өнеге насихат жеткізу үшін және оларды ақиқат жолына шақыру үшін елшілерді жіберді және Кітаптарын түсірді. Мысалы, Мусаға (Аллаһтың оған сәлемі болсын) түсірілген Таурат туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Мусаға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын!» (әл-А’раф 7: 145).
‘Иса пайғамбардың (Аллаһтың оған сәлемі болсын) Інжілі туралы Аллаһ былай деп айтты: «Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәрйям ұлы ‘Исаны жібердік. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші, сондай-ақ, сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік». (әл-Мәидә 5: 46).
Соңғы пайғамбар және елші Мухаммадқа (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) түсірілген Өзінің соңғы уахиі – Құран туралы Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһтың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насихаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті түсініңдер». (әл-Бәқара 2: 231).
Бұл аятта Аллаһ Тағала Құранмен бірқатарда «даналықты» атап өтеді, ал оны көп тәпсіршілер Пайғамбардың (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) Сүннеті деп түсіндідіреді. Және Аллаһтың Елшісі (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) өзі де өзінің Сүннеті туралы: «Ақиқатында маған Құран және оған ұқсас бір нәрсе сый етілді!» – деген. Әбу Дауд 4604, әт-Тахауи 2/321. Хадис сахих. Қараңыз “әс-Силсилә әс-сахиха” 2870.
Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарына (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп айтты: «Менің жолым осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел негізінде шақырамыз», – деп айт». (Юсуф 12: 108).
Имам әш-Шаукани бұл аят жөнінде: «Яғни анық дәлелге сүйеніп шақырамыз. Мұндағы «әл-басыйра» – ақиқат пен жалғанды ажырататын түсінік (ұғым), білім!» – деген. “Фатхул-Қадир” 1/298
Шейх Ибн Қасим былай дейді: «Аллаһқа шақыруда (дағуатта) екі шарттың болуы қажет: біріншісі – шақыру тек Аллаһ үшін орындалу керек; екіншісі – шақыру Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек. Бірінші шартты бұзған адам – мүшрик болды, ал екінші шартты бұзған адам – дінге жаңалық еңгізудің жақтаушысы (бидғатшы) болды!» Қараңыз “Хашия Китаб ат-таухид” 55.
Біздің үмметіміздің салиқалы алдыңғы буын өкілдері дағуатта (дінге шақыруда) даналық танытып, адамдарды біліммен қосақталған дәл Аллаһтың соңғы Кітабының және Оның Пайғамбарының (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) кіршіксіз Сүннетінің негізінде насихаттады, дағуаттады (шақырды) және оқытты. Және осыда оларға бұл үмметтің танылған имамдары да ілесті.
Алайда, олардан кейін, өздері айтатын нәрселерін істемейтін, және өздеріне әмір етілмеген нәрселерді істейтін адамдар пайда болды. Олар насихат пен өнеге айтудың көптеген, бұл үмметтің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің (саләфтар) ұстанғанына сәйкес келмейтін, және өздері олармен Құран және Сүннеттің насихаттауын ауыстырып жіберген өнеге мен насихат айтудың жаңа формаларын ойлап тапты, және өзінің әдістерін біздің заманымызда тиімдірек және пайдалырақ деп есептеуде. Олардың кей біреулері сопылық нашидтер түріндегі әндермен, кей біреулері аңыз-хикаялармен және өлең-поэмалармен, ал кей біреулері көбісі көбінесе сенімді болмаған түрлі әңгімелер және қиссалармен насихат айтып, діңге шақырып жүр. Және осының барлығы осы күндерге дейін жалғасын тауып келуде, және біз сондай-ақ, адамдардың ислам дағуатын жетілдіреміз деп, оған «жәмәат» деп аталатын сан алуан түрлі партиялар құруды, өздері «ислами» деп атап алған нашидтерді, ислами сахналық қойылымдарды, немесе көркем филмдерді, әр-түрлі әңгімелер мен қисса-хикаяларды еңгізіп қойғанын өз көзімізбен көріп жүрміз.
Бұл еңбекте Аллаһтың рұқсат етуімен осы күндері көптеген дін уағыздаушылары және дағуатшылар (діңге шақырушылар) қолданып жүрген қисса (қисас) деген дағуаттың (діңге шақырудың) әдісі туралы және қиссашы-әңгімешілердің өздері (қуссас) туралы айтылады. Және біздің бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі – қисса-әңгімелерді (қисас) діңге шақыруда қолданудың рұқсат етілгендігі не етілмегендігі жөніндегі мәселе көп мұсылмандар арасында тартыстар және өзара түсініспеушіліктер туғызып жатқаны болды. Және олардың арасында, осы мәселені дұрыс түсінбегендіктен, тіпті имамдардың өмірінен кейбір мысалдарды келтіруді де айыпталатын әңгіме-қиссалар санатына жатқызып, айыпты деп есептеп жүргендер де бар. Тіпті осыған, оның қатарына тәубе қылу, тақуалық жасау, тәуекел ету, зуһд т.с.с. қосуға болатын рухани тәрбиедей насихаттау әдісін қосып жататындар да бар. Ал, енді бұл мәселеде жоғарыда аталған пікірлерге қарама-қайшы жағынан шектен шығушылыққа шалынып, Исламнан алыс болған адамдарға Құран мен Сүннеттің көмегімен насихат айту тиімді емес деп айтып жүргендер де бар, өйткені, олардың ойынша, сондай адамдарға таухид (бірқұдайшылық) т.б. туралы дәрістерді тыңдау ауыр келеді, және оларға сол арқылы өздері тәубеге келіп, діңге оралатын түрлі әңгіме-қиссаларды тыңдау оңай.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және көптеген орыс тілді мұсылмандардың өтініші бойынша біз Исламдағы қуссас және қисас үкіміне арналған еңбек құрастыруды жөн көрдік. Осы орайда, біз осы мәселеге арналған және оны егжей-тегжейлі қарастыратын ертедегі имамдардың және қазіргі заман ғалымдарының танылған еңбектеріне сүйендік. Өйткені, біздің кезімізде көп мұсылмандар бұл мәселеге лайықты мән бермеуіне қарамастан, ол едәуір маңызды болып табылады, өйткені онымен мұсылман қауымының көптеген салмақты мәселелері байланысты! Көптеген атақты имамдар өздерінің хадистер жинақтарында қисас пен қуссастар мәселесіне жеке баптарды арнады.
Сондай-ақ, бұл жөнінде ертеде өмір сүрген көптеген имамдардың бидғаттарды сөгу туралы кітаптарында да айтылған, мысалы: имам Ибн Уәддәхтың «әл-Бида’ уәл-хауәдис», немесе имам әт-Туртушидің «әл-Хауәдис уәл-бида’» деген кітаптары. Сондай-ақ, көп имамдар қуссас пен қисас мәселесіне арнап жеке еңбектер жинақтады, мысалы: имам Ибн Әбу ‘Асымның «әл-Музәккир уә-ттәзкир уә-ззикр», имам Ибн әл-Джәузидің «әл-Қуссас уәл-музәккирин», хафиз әл-‘Ирақидың «әл-Бә’ис ‘алә әл-халәс мин хауадис әл-қуссас», немесе имам әс-Суютыдың «Тахзир әл-хаууәс мин аказиб әл-қуссас» деген кітаптары.
Мұның барлығы – біздің кезіміздің көптеген мұсылмандары қажетті маңыз бермей жүрген бұл мәселенің маңызды екеніне нұсқайды!
Бұл еңбекте ақиқат болғанның барлығы – Аллаһтан. Және біз Одан бұл шағын ғана еңбекті игі етуін және барлық мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз!
«Әл-қисса», «әт-тазкир» және «әл-уа’з» деген не
«Қасс» сөзі өзінің тілдік мағынасында: реттілік, ізден ізге өту дегенді білдіреді. Терминологиялық мағынада бұл сөз адамдарды қисса-әңгімелер (қисас) арқылы үгіттеу дегенді білдіреді.
Имам Ибн әл-Джәузи, «қас» бұл – бұрын болып өткен әңгімені баяндап және оған түсіндірме бере отырып, оған сүйенетін (адам).
«Әт-тәзкир» сөзі: адамдарға Аллаһ Тағаланың оларға берген нығметтерін түсіндіруді, оларды осы үшін Оған шүкір етуге талпындыруды және мойынсынбаудан сақтандыруды білдіреді.
«Әл-уа’з» сөзі, (қазақшада көбіне «уағыз» деп жазылып жүр) Аллаһтың құлдарын одан жүректер жұмсаратындай етіп қорқыту дегенді білдіреді.
«Қас» (қиссашы-әңгімелеуші) терминіне келер болсақ, ол өзіне үгіттеудің осы үш түрін де қамти алады. Қараңыз “әл-Қуссас уәл-музаккирин” 157-159, “Тарих әл-қуссас” 13.
Исламдағы «қисас» пен «қуссас» үкімі
Әл-Хаббәб ибн әл-Араттан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Исраил ұрпақтары опат қылынғанда, олар қисса-әңгімелер айтуды бастаған еді». Әбу Ну’айм в “әл-Хиля” 1681, әт-Табәрани в “әл-Кәбир” 3705. Имам әл-Бәззар, имам әд-Дыя әл-Мақдиси и шейх әл-Әлбәни хадистің иснадын жақсы деді.
Шейх әл-Әлбәни бұл хадиске қатысты мыналарды айтты: “«Ән-Нихая» (Ибн әл-Асирдің) кітабында: «Яғни олар (Исраил ұрпақтары) амалдарды тастап, тек сөздерге ғана сенім артатын болды, міне осы олардың опат етілуінің себебі болды. Немесе керісінше, олар амалдардарды тастау себебінен опат етілген кезде,қисса-әңгімелерге беріліп кетті», - деп айтылады. Мен (әл-Әлбәни): Олардың опат болуының себебі – олардың уағыздаушы-үгіттеушілері адамға оның дінін тануға көмектесетін және игі амалдарды жасауға талпындыратын фиқх және пайдалы ілімді үйренуге емес, әңгімелерге және қиссаларға елігіп кетуі болды деп айтамын. Сөздері исраилияттардың (Исраил ұрпақтарынан жеткен хабарлар), әңгімелердің және сопылық қиссалардың төңірегінде айналып жүрген біздің кезіміздің көптеген қиссашы-әңгімешілердің (қуссас) үкімі (жағдайы) осындай! ” “әс-Силсилә әс-сахиха” 4/247-248.
‘Ауф ибн Маликтен, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдарға қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан, немесе өзін өзі (мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!» – деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 6661, Әбу Дауд 3665, Ибн Мәжжәһ 3753. Хадистің сахихтығын әл-Хайсами, хафиз әл-‘Ирақи, имам әс-Суюты, шейх Әхмәд Шәкир, шейх әл-Әлбәни және шейх Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Имам әл-Мунауи былай деп айтты: “«Адамдарға…ешкім қиссаларды айтпайды» деген сөздер: ешкім адамдарға жолдап үгіт-насихат айтпайды және оларға пәтуа бермейді дегенді білдіреді. Ат-Тыби айтатын: «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «үгіт-насихат айтпайды» деген сөзі тыйымға нұсқамайды, ал осы аталған адамдардан өзге кімде-кім осылай жасайтынын жоққа шығарылатындғына нұсқау болады».”. “Фәйдул-Қадир” 6/587.
Бұл хадистің басқа нұсқасы Аллаһтың елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, осы сөздерінің мағынасын керемет түсіндіреді: Кәсир ибн Муррадан бірде ‘Ауф ибн Малик Хумс мешітіне онда адамдар бір адамның төңірегіне көп болып жиналған тұста кіргені туралы жеткізіледі. Ол (сонда): «Бұл не жәмәат?» – деп сұрады. Оған: “Ка’б (ибн ‘Ийяд) қиссалар айтуда”, – деп жауап қайтарылды. Сонда ‘Ауф: “Қасірет оған! Ол не, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдарға қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан, немесе өзін өзі (мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!» – деген сөзін естімеген ба», – деді. Және бұл сөз Ка’бқа жеткенде, ол осыдан кейін қисас айтқанын ешкім көрмеді”. Әхмәд 4/233. Хафиз әл-Хайсами хадистің иснадын хасан деді. “Маджма’у-ззауаид” 1/190.
Әл-А’маш былай деп баяндайтын: «Бірде Басра тұрғындары қисасқа қатысты өзара келіспеушілікке түсті, және Әнәс келгенде олар одан: “Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қисас айтты ма?!” – деп сұрады. Ол: “Жоқ!” – деп жауап берді». әл-Байхақи “әш-Шу’аб әл-иман” 409, әз-Захаби в “әс-Сияр” 9/424. Иснады хасан.
Ибн ‘Умар айтатын: “Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де, Әбу Бакрдың кезінде де, ‘Умардың кезінде де, ‘Усманның кезінде де қисса айтылмаушы еді. Қисса-әңгімелер алғаш болып бүлік (фитна) орын алған кезде пайда болды«. Ибн Әбу Шәйбә 5/290, Әбу Ну’айм 164. Хафиз әс-Суюты және шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады. “Тахзир әл-хаууәс” 60, “Сахих әл-Мәуәрид” 97-111.
Имам Ибн Әбу ‘Асым былай деп айтты: “Ибн ‘Умардың: «Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бакрдің, ‘Умардың және ‘Усманның, оларға Аллаһ разы болсын, кезінде қисса айтылмады» деген сөздері мұның – олардан кейін пайда болған жаңадан ойлап табылған амал екендігіне дәлел болады, ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жаңадан ойлап табылған амалдардан сақ болыңдар! Ақиқатында, әрбір жаңадан ойлап табылған амал – бидғат болып табылады!» – деп айтатын”. “әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр” 46.
Ал Ибн ‘Умар айтатын – одан кейін Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметтінде қисастар пайда болған бүлікке (фитнаға) келер болсақ, бұл жерде исламдағы алғашқы секта және олардың пайда болуы барлық адасушылықтардың пайда болуына себеп болған хауариждер туралы айтылуда! Мухаммад ибн Сириннен қисас туралы туралы сұрағанда, ол: “Қисас бұл – хауариждер еңгізген бидғат!” – деп жауап берді. Ибн Әбу Шәйба. Қараңыз “Тахзир әл-хәууәс” 83.
Имам Ибн әл-Джәузи айтатын: “Хауриждер қисас қолдануды бастаған және оларға жиі жүгінген кезде, оларға осыда ұқсау харам болды”. “әл-Қуссас уәл-музаккирин” 177.
Сахабалардың және олардың ізбасарлары мен имамдардың қуссастар мен қисасқа деген қатынасы
Харис ибн Му’ауия әл-Кинди, бірде ол ‘Умар ибн әл-Хаттәбқа, одан кейбір нәрселер туралы сұрау үшін келгенін баяндайды. Өзгелердің арасында ол одан мынаны да сұрады: “Және мен сенен қиссалар (қисас) туралы сұрағым келеді, өйткені адамдар қиссаларды қалайды”. ‘Умар: “Қалауың білсін” – деп, оған мұны тыйым салғысы келмегендей болып жауап берді. (Сонда) Харис: «Мен сен қалай деп айтсаң, солай істегім келеді!» – деді. Ал ‘Умар былай деп айтты: «Мен сен үшін: егер де сен қисас айта бастасаң, олардан нәпсіңмен жоғарылайсың деп қорқамын. Кейін сен қисасты, олар сені өзіңді жұлдыздарға жетекендей сезінетіндей етіп көтермелегенше айтасың, алайда кейін Ақыретте осының себебімен Аллаһ сені олардың табандарының астына қояды!» Әхмәд 1/18. Хафиз әс-Суюты, шейх Әхмәд Шәкир и Шу’айб әл-Арнаут сахихтығын растады.
‘Амр ибн Динар былай деп баяндайтын: “Бірде Тамим ад-Дари ‘Умар ибн әл-Хаттабтан адамдардың алдына қисас айтып шығуға рұқсат сұрады. Алайда, ‘Умар рұқсат бермеді. Кейін ол тағы да одан рұқсат сұрады, бірақ ‘Умар тағы оған рұқсат бермеді. Ал ол одан үшінші рет рұқсат сұрағанда, ол оған қарап: «Қаласаң», – деді де, қолымен өзінің тамағынан жүргізді”. әт-Табәрани “әл-Кәбир” 2/49, әт-Туртуши «әл-Хауәдис уәл-бида’» 109. Хафиз әл-Хайсами, бұл хабардың жеткізушілері әл-Бухари мен Муслимнің жеткізушілері болып табылады деп айтады, ал имам әс-Суюты оның иснадын күшті деді. “Маджма’у-ззауәид” 1/189, “Тахзир әл-хаууәс” 60.
Хафиз әл-‘Ирақи былай деп айтты: “Әрбірі лайықты және шыншыл болған сахабалардың қатарына жататын бұл адамға ‘Умардың тыйым салу әрекетіне назар аудар! Бірақ, Тамим сияқтылар табиғиндердің және олардан кейінгілердің арасында бар ма?!” Қараңыз “Тахзир әл-хаууәс” 223.
Ал, Тамим ақиқатында да орын алғаннан өзге қисса-әңгімелер айтпағандығын ескерсек, біздің күнімізде Тамим сияқтылар қайда! Және хафиз әл-‘Ирақи біздің кезіміздің қуссастарының көптеген және таңғаларлық қиссалары мен әңгімелерін естісе, олар туралы не айтар еді?! Мысалы, кейбір қазіргі заман уағызшыларының, өлген адамды жуушылар оның ішінен шығып жатқан ыссы отты сезгендігі, немесе намаз оқымаған өлген біреуді ұсқынсыз зақымданған түрде қазып алғандығы, немесе бір жылан бір күнәхардың қабіріне кіріп алғандығы туралы кең тараған әңгімелер. Және мұның барлығы күнәхарларды қорқыту ретінде айтылады және баяндалып жатқандардың соңының жаман болғандығының белгісі ретінде көрсетіледі.
Біріншіден, осы қуссастардың ешқайсысы осындай әңгіме-қиссаларының сахих көздерін ешқашан ұсынбады. Ал екіншіден, осы нәрселердің негізінде ғайып туралы сөйлеуге болады ма?! Оның үстіне, көптеген қуссастар үшін олардың әңгімелерінің қайнар көзі – кәпірлер ойлап тауып, интернет кеңістігіне жариялап жатқан, Құранды жыртып тастаған бір әйел қорқынышты мақлұққа айналып кеткендігі және басқа да сол сияқты нәрселер болып жатқандығына жеттік. Ал, іс жүзінде бұлар – кәдімгі фотомонтаж, алайда кейбір қуссастар оларды интернет кеңістігінен тауып алып, ғажайыптар және Аллаһтың белгілеріне жатқызып, өзінің кезектегі әңгіме-қиссасына сюжет ретінде қолданады. Ал бұл кезде кәпірлер оларға өздері сұқпалап жіберген осы «знамениелер» үстінен келемеждеп, күледі!
Және осы аталғандарға интернет кеңістегіндегі, газет, журнал, кітаптардағы, телевидение және радиодағы, ел ауызындағы т.б. күмәнді көздерден алынған кез-келген әңгіме-қиссаларды және хабарларды жатқызуға болады.
‘Абдуллаһ ас-Сәлми былай деп баяндайтын: “Бірде ‘Али ибн Әбу Талиб қисса-әңгімелер айтып отырған адамды көріп, одан: «Сен үкімін жоюшы (нәсих) мен үкімі жойылғанды (мәнсух) ажырата білесің бе?!» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп жауап берді. ‘Али (сонда) былай деп айтты: “Онда сен өзіңді және өзгелерді опат етіп жатсың!” Әбу Хайсама “Китаб әл-‘илм” 130, әл-Байхақи “Мифтах әл-джәннә” 45. Шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады.
Имам Ибн Әбу ‘Асым былай деп айтты: “Осыда қиссашының білімін тексеруге рұқсат етілгендігіне нұсқау бар”. “әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр” 36.
Әбу ‘Амир әл-Хузани мынаны баяндаған: “Бірде мен Му’ауия ибн Аби Суфянмен бірге қажылық жасауға бардым, ал біз Меккеге келгенде оған Бану махзум тайпасынан болған бір қиссашы Меккенің тұрғындарына қисса-әңгімелер айтып жүр деген хабар жеткізілді. Му’ауия оны алып келуді бұйырды да, ол келтірілген кезде ол одан: «Саған мұны істеу бұйырылып еді ма?!» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Му’ауия: «Онда менің рұқсатымсыз адамдарға сөйлеуге сені не итермеледі?» – деді. Ал ол: «Біз өзімізге Аллаһ үйреткен білімді таратып жүрміз», – деді. Сонда Му’ауия былай деп айтты: «Егер мен бұл жерге бұрын келгенімде, онда сенің денеңнің бір бөлігін кесіп тастар едім!” әл-Хаким “әл-Мустадрак” 1/128, Ибн Нәср в “әс-Суннә” 51. Иснады хасан.
‘Амр ибн Зарара былай деп баяндайтын: “Бірде Ибн Мас’уд мен қиссалар айтып отырған кезімде менің төбемнен келіп тұрып алды да: «Әй, ‘Амр! Ақиқатында, сен адасушы бидғат ойлап таптың! Не сен Мухаммад және оның сахабаларынан да дұрысрақ жолмен жүрудесің!» – деді. Және содан соң олар мені тастап кетті, және мен өзім отырған жерде ешкім қалмағанын көрдім”. әт-Табәрани “әл-Кәбир”. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады. “Сахих ат-тарғиб” 57.
Салим былай деп баяндайдайды: «Бірде Ибн ‘Умардың мешіттен шығып баратып: «Мені мешіттен мына сендердің қиссашы-әңгімелушілеріңнің дауысынан өзге ешнәрсе шығармады», – дегенін көрдім». әл-Мәруази в “Китаб әл-‘илм”. “Тахзир әл-хаууәс” 71.
Бірде қала тұрғындары Салмән әл-Фәрисидің мешітте отырғандығы жөнінде естігенде, олар оның алдына келіп, мыңға жуықтағанша дейін жинала бергендігі жайлы жеткізіледі. Салмән оларға қарап: “Отырыңдар, отырыңдар”, – деді. Адамдар отырып болған соң, Салмән Юсуф сүресін ашып, оны оқи бастады. Адамдар тарала бастады, олардан жүз шақтысы қалғанша. Сонда Салмән ашуланып, оларға қарап: «Сендерге сәнді етіп көрсетілген сөздер үшін жиналдыңдар, ал мен сендерге Аллаһтың Кітабын оқи бастағанымда, таралдыңдар?!» – деді”. Әбу Ну’айм в “әл-Хиля” 1/203.
Сондай-ақ, осы күндерде де көптеген мұсылмандар өздеріне кәдімгі бір нәрсе болып көрінетін Құранның ұлықтығы туралы ұмытып, әртүрлі қиссаларға және әңгімелерге қалауы ауады, және адамдарға олар Құраннан ықпалдырақ болады есептейді.
Әл-Хакам ибн ‘Утайбә мынаны баяндайды: “Мен Ибн Әбу Ләйләдан қисас туралы сұрадым және ол былай деп жауап берді: «Мен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларын олар бір-бірімен отыратынын және олардың әрқайсысы (пайғамбардан) естігенін айтатынын көріп үлгердім. Бірақ, олардың біреуі уағызшы сияқты отырғаны, ондай болмады!»” Ибн Уәдах «әл-Бида’» 85.
Әңгіме дінге үйретушіні тыңдап отыру туралы емес, дәл қисас түріндегі уағыздап-үгіттеу туралы болып тұр, бұл туралы шейх Салих әл-Хидджи Ибн Уадахтың «әл-Бида’» кітабына жазған шархында айтатындай, өйткені саләфтар жиі мәжіліс құрвп отырып адамдарға дін үйрететін, мысалы, мұны Му’аз Шамда істеген, немесе мұны Мәдинаның ғалымдары т.б. істеген. Мәймун ибн Михран айтатын: “Қиссашы (қасс) Аллаһтың өшпенділігін күтуде болады!” Ибн әл-Мубарак “аз-Зухд” 84.
‘Асым ибн Бахдалә былай деп баяндайтын: “Біз жастық шағымызда ‘Абдур-Рахман ас-Сәлмиге келетінбіз, және ол бізге былай дейтін: «Қуссастармен бірге отырмаңдар! Және олармен бірге отырушылар бізбен бірге отырмасын! Қуссастардан сақтаныңдар!»” Әбу Ну’айм “әл-Хиля” 4/193.
Әбу Идрис әл-Хауләни айтатын: “Мешітте лаулаған отты көру – мен үшін қисас айтушы қуссасты көруден сүйіктірек!” Әбу Ну’айм в “әл-Хиля” 5/124.
Әд-Даххақ: “Мен ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиздің құссастарды және олармен бірге отырушыларды түрмеге отырғызатынын көрдім», – деп баяндайтын. Ибн Уадах в «әл-Бида’» 87.
‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз түрмеге ғалымдарды және білім иелерін жаппағандығы, және мұны адасқандарға қатысты жасағандығы айқын. Және осыда шынайы ғалымдар мен қарапайым адамдар оларды ғалым деп есептейтін қисашы-әңгімешілердің арасында үлкен айырмашылық бар екендігіне нұсқау бар!
‘Абдул-Мәлик ибн Мәруаннан қисас туралы сұрағанда, ол: “Бұл – сендердің істеп жатқан нәрселерің сияқты, бидғат және пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер ел бидғат енгізсе, онда олар сол бидғатқа тең болған Сүннетті жоғалтады!», – деп айтты”, – деді. “Тахзир әл-хаууәс” 73.
Му’ауия ибн Қурра айтатын: “Біз қисса айтып жүрген адамды көрген кезімізде: «Ол – бидғатшы!» – дейтінбіз”. Ибн Уәддәх «әл-Бида’» 48.
Шу’ба: “Ақиқатында, біз қуссастарға хадис айтпаймыз!” – деп айтатын. Одан: «Не үшін, йә, Әбу Бистам?!» – деп сұрады. Ол: «Өйткені олар бізден бір қарыс хадис алады да, оны бір шынтақ етеді», – деп жауап берді. “әл-Джәми’ әл-ахләқ әр-рауи” 2/165.
Хаммәм ибн Харис былай деп баяндайтын: “Ибраһим әт-Тайми қиссалар айтуды бастаған кезде, оның әкесі: «Сен не ойлап таптың?!» – деп, оны үйінен қуып жіберді?!” Ибн Уаддах «әл-Бида’» 51.
Әбу Қиляба айтатын: “Қуссастардан өзге ешкім дінді өлтірген жоқ! Адам қуссастармен бірге бір жыл болып, пайдалы ешнәрсе алмауы мүмкін, ал білім ортасында отыруы да мүмкін, және ол пайдалы нәрсе алмай тұрмайды!” Әбу Ну’айм в “әл-Хиля” 2/287.
Бұл ұлы имамның сөзі нендей дұрыс, өйткені қуссастарды тыңдаушылардың жағдайы бүгіңгі күні де тура осындай, олар бірнеше жыл өтседе де, ешбір шариғат ілімдерін алмай жүре береді!
Имам Мәлик быдай деп айтатын: “Мен мешіттегі қисса-әңгімелерге (қисас) сөгіс айтамын, және қиссашылармен отыру рұқсат етілген деп есептемеймін! Ақиқатында, қисас бұл – бидғат! Адамдар оларға хатыбқа (құтпа айтушыға) ұмтылғандай ұмтылмауы керек. Және Ибн әл-Мусайиб және басқалар қиссашыларды олар қисас айтып жатқан кезде тастап кететін». “әл-Мадхәл” 2/144.
Яхя ибн Яхя әл-Ләйси мынаны баяндады: “Бірде, біз Тарабилистан Мәдинаға қарай жолға шыққанда, бізбен бірге бір жас жігіт шықты. Және біз қай жерде тоқтасақ та, ол бізге Мәдинаға жеткенше уағыз айтып барды. Және біз осыған таң қалатынбыз. Ал біз Мәдинаға жеткенімізде, ол оның тұрғындарының арасында біздің арамызда істеген нәрсесін істегісі келді. Және мен оның орнынан тұрғанын және тұрған бойында бір-нәрселерді баяндап жатқанын көрдім. Алайда, Мәдинаның тұрғындары оның қасынан кетіп қалды, ал балалар оған тас лақтырып: «Үніңді өшір, йә, надан (джәхил)!», – деп айтты. Мен көргеніме таң қалдым! Біз Мәликке кіргенімізде, сәлемдескенімізден кейін одан ең бірінші сұрағанымыз, әлгі жігітпен орын алған жағдай болды. Малик: «Адамдар, оны тастап кеткен кезде, дұрыс істеді, және балалар да, өтірігі үшін оған сөгіс айтқан кезде, дұрыс істеді!» – деп айтты”. “әл-Мәдхәл” 2/145.
Әл-Фадл ибн Михран былай деп баяндайтын: “Мен Яхя ибн Мә’инға: «Менің бауырым қуссастардың алдында отырады», – дедім. Ол: «Оған тыйым сал!» – деді. Мен: «Ол тыңдамайды», – дедім. Ибн Мә’ин: «Оған насихатта», – деп айтты. Мен: «Ол қабылдамайды», – дедім. Сонда ол: «Одан өзіңді шеттет», – деді. Мен: «Жақсы», – дедім. Содан соң мен Әхмәд ибн Ханбәлға келіп, оған тура осыны қайталап баяндап бердім, ол маған: «Бауырыңа айт, ол Құран оқысын, Аллаһ Тағаланы зікір етсін және Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін үйренсін», – деді. Мен: «Ал егер ол (мұны) істемесе ше?» – деп сұрадым. Ол: «Істейді ин ша-Аллаһ», – деді. Мен: «Ал егер істемесе, мен одан өзімді шеттетейін бе?» – дедім. Бұған Әхмәд күлімдеді де, ешнәрсе айтпай қойды”. “әл-Мадхәл” 2/149.
Бірде имам Әбу Зур’адан өз кезінің танымал қиссашысы болған Харисә әл-Мухасаб және оның кітаптары туралы сұрады және ол: “Бұл кітаптардан сақ бол! Бұл кітаптар – бидғат және адасушылық болып табылады! Саляфтардан жеткен хабарларға ілес, ақиқатында, оларда осы кітаптарға жүгінбеу үшін жетіп асатын нәрселер бар!” – деді. Оған: “Бірақ, бұл кітаптарда ғибрат бар ғой!” – деп айтылды. Бұған Әбу Зур’а: “Аллаһтың Кітабында ғибрат болмағанға, ол ішін бұл кітаптарда да ғибрат болмайды», – деді. Содан кейін ол былай деп айтты: “Адамдар бидғатқа нендей тез ұмтылып жатыр!” “әс-Сияр” 13/99, “әл-Ансаб” 4/99.
Имам Әбу Зур’аның шыншыл, уағызшы болған және зұхыдқа арналған, сондай-ақ рафидилер мен му’тазиләлар сияқты адасқандардың пікірін жоққа шығаратын көптеген кітаптар жазған әл-Мухасабиден сақтандыруы осындай еді. “әл-Мизан” 2/165.
Ибрахим әл-Харби айтатын: “Егер осыда (қисас) игілік болғанда, онда бұл нәрседе бізден Суфян әс-Саури, Уәқи’ ибн әл-Джәррах, Әхмәд бин Ханбәл жене Бишр ибн әл-Харис озар еді!” “Тарих әл-Бағдад” 9/253.
Әл-Джунәйд былай деп баяндайтын: “Мен салих, білгір және зұһд болған он шақты шейхтардаң, қисас – бидғат екендігі жөніндегі бірауызды келісімде болғанын естідім!” әл-Бағдади в “әт-Тарих”. “Тахзир әл-хаууас” 70.
Мухаммад ибн Ибрахим әл-Кафани мынаны баяндады: “Мен қажылық жасаған кезде, ол кезде оны сондай-ақ Әбул-Қасим ибн Мухаммад әл-Бағауи және Әбул-Адами әл-Қари да жасап жатқан еді. Біз Мәдинаға жеткен кезде, маған Әбул-Қасым әл-Бағауи келіп, былай деді: «Йә, Әбу Бәкр, осы жерде бір зағип адам бар, ол Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде өз айналасына адамдарды жинап алып, оларға қиссалар және жалған хадистер айтып отыр. Біз оған сөгіс білдірсек, сен ол туралы не ойлайсың?!» Мен оған: «Йә, Әбул Қасым, Біздің сөзіміз мұндай үлкен қауым мен жиналысқа әсер етуі екі талай, өйткені біз біздің мәртебеміз бен ықпалымызды білетін Бағдатта емеспіз ғой. Сондықтан, бұл жерде өзгеше жағдай», – дедім. Содан соң мен Әбу Бәкр әл-Әдәмиге бұрылдым да, оған: «Құран оқуға дайындал!», – деп айттым. Біраз уақыт өтер-өтпес ол Құран оқи бастады, содан соң олардың мәжілісі азайа бастады, және барлық адамдар Әбу Бәкрдің қираатын тыңдап бізге қосылды да, бұл соқырды жалғыз тастады”. “Тарих әл-Бағдад” 2/147, “Тахзир әл-хаууәс” 267.
Бұл оқиғада қанша даналық және пайда бар екендігіне назар бұрыңдаршы, йә, мұсылмандар! Қараңдаршы, қандай даналықпен және нәтижемен, пайда мен зиянды өлшеген түрде, бұл имамдар жаман нәрсені өзгертті!
Имам Ибн әл-Джаузи былай деп айтты: «Қуссастардың айыпталуының себебі олардың атауында емес, өйткені Аллаһ тағала: «Біз саған ең жақсы қиссаларды (қасас) баян етеміз», – дейді. Алайда, қуссастар, олардың көбі пайдалы білімдерді айтпай, қиссаларға салынып жүргендігі себептен айыпталады. Сондай-ақ, олардың көбі өздері риуаят етіп жатқан нәрселерінде жаңылысады және көбінесе қисынсыз нәрселерге сүйенеді». “Тәлбис иблис” 150.
Имам Ибн әл-Хәдж айтатын: “Білім мажілісі бұл – харам, халәл және саләфтарға ілесу туралы айтылатын мәжіліс, алайда ол қуссастар мен уағызшылардың мәжілісі емес, өйткені бұл – бидғат!” “әл-Мәдхәл” 2/144.
Хафиз әл-‘Ирақи айтатын: “Тіпті егер олардың (қуссастардың) кейбіреулері кейбір тәфсирлерге сүйенсе де, оған олардан риуаят етуге рұқсат етілмейді, өйткені тәфсир кітаптарында сахих хабарлар да, қайтарылатындары да бар! Ал сенімді мен сенімсізді ажырата білмейтін адамға келер болсақ, оған кітаптарға жүгінуге рұқсат етілмейді!” “Тахзир әл-хаууәс” 64.
Сондай-ақ әл-‘Ирақи айтатын: “Қуссастардың проблемаларының қатарына олар көп қарапайым адамдарға олардың ақыл-санасына жетпейтін нәрселерді айтып, соның себебінен олар адасушылық сенімге түсетіні де жатады. Және бұл – тіпті сенімді нәрсе айтылғанда осылай болады, ал сол кезде баяндалып жатқан қисса-әңгіме жалған болса, онда тіпті не айтуға болады?! Ибн Мас’уд айтатын: «Егер сен адамдарға олардың ақыл-санасына жеткізе алмай бір нәрсе туралы баяндап берсең, ол міндетті түрде олардың кейбіреулері үшін фитна болады!» Муслим 1/27”. “Тахзир әл-хаууәс” 64.
Және өзінің қуссастарды сөгуге арналған кітабын аяқтай отырып, хафиз әл-‘Ирақи былай деп айтты: “Мұсылман әмірлеріне олардың (қуссастардың) адамдардың алдына шығып сөйлеуіне тыйым салу міндетті болып табылады!”
Имама әш-Шәтыбиден: «Бас мешіттерде (бірігіп) кітап оқу – Аллаһты зікір ету мәжілісі болып саналады ма?» – деп сұрақ қойылғанда, ол: «Бұл зікір ету мәжілісі болып табылмайды, бұл қисас үшін мәжіліс болып табылады, ал бұл саләфтарда айыпталушы еді!” “Фәтәуә әш-Шәтыби” 211.
Қазіргі заман ғалымдарының қисас пен қуссас туралы айтқан сөздері
Шейх Ибн Базға жерленген адамдармен болған уқиғалар туралы айтылып жүрген әңгімелерді қолдануға болады ма деп сұрақ қойылғанда, ол: «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде келген нәрселермен (дінге) шақыру жетіп асады. Адамдарды Аллаһқа бағынуға талпындыру және оларды күнәлардан Аллаһтың Елшісіндей (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларындай етіп сақтандыру маңызды. Ал түрлі шын және өтірік болуы мүмкін болған әңгімелер мен қиссаларға келер болсақ, оларды тастаған жақсы болады»”. “Фәтәуә Ибн Баз” 13/348.
Шейх әл-Әлбәни айтатын: “Иман келтірген және ақылды адам қазіргі кездегі көптеген мұсылмандардың жағдайына қарасын, олардан алдыңғылар тап болған нәрселер олардың да бастарына түсті! Ақиқатында, олардың уағыздаушылары пайдалы білімнен және игі амалдардан қашықтап, қисас әңгімелеуге салынып, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер міндетті түрде сендерден бұрын өткендердің (Кітап иелерінің) ізімен ілесесіндер», – деп ескерткенін растап жатыр”. «әл-Джәми’» 1/410.
Шейх Ибн ‘Усаймин айтатын: “Кім тура басшылықты (жолды) қаласа, оны көктерден түскен Кітаптан іздесін, және оны монахтардың, зухыттардың, фәлсәфашылардың және солар сияқтылардың аңыз әңгімелерінен және қиссаларынан іздемесін. Керісінше, басшылықты тек көктен түскен Кітаптан ғана іздеу керек! Және осы себептен, біз кейбір зұхыттар мен құлшылық қылушылар туралы әңгіме-уағыздар жинақталған кітаптардың авторларына және оқырмандарына мынаны айтамыз: «Адамдарға Құдыретті Аллаһ Тағаланың Кітабын және Оның Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахих (сенімді) түрде жеткен деректерді ұсыну сендер үшін жақсы болады. Осыны (Құран мен Сүннетті) баяндаңдар, осыны түсіндіріңдер, бұдан жаратылыстарға пайда келу үшін (олардың ішінен) түсінуге тиісті болған нәрселерін (жеткізіңдер). Өйткені, (тура) басшылыққа (жолға) Аллаһ Тағаладан түскеннен өзге нәрсе арқылы жол жоқ!»
Сондай-ақ шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтты: “Мухаммадтан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), жеткен білімде, мейлі ол Құран және Сүннет болсын, жеткіліктік және шипа бар. Және бізге Құран мен Сүннетсіз жүректерді жұмсартатын уағыздаушыны іздеудің қажеті жоқ! Керісінше, біз мұндай нәрсеге қажеттілігіміз жоқ, өйткені Мухаммадтан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мирас етілген білімде иман мен білім мәселесіндегі барлық науқастарға шипа болатын барлық нәрселер жетіп асады!” “Тафсир сура әл-Бақара” 1/184.
Шейх Салих әл-Фәузанға: «Саләфтар қиссашы-әңгімешілер (қуссас) туралы жиі айтатын және олардың әдісін сөгетін. Олардың әдісі қандай және біздің оларға деген қатынасымыз қандай болу керек?» – деген сұрақ қойылды.
Шейх былай жауап берді: “Саләфтар, Аллаһ оларды рақым етсін, қуссастардан сақтандырып ескертетін, өйткені олар басым жағдайларда өз сөздерінде адамдарға әсер ететін сенімді болмаған қисса-әңгімелер мен хабарларға сүйенеді. Олар сенімді дәлелдерге сүйенбейді және адамдарды олардың дінінің заңдарымен ережелеріне және сенім мәселелеріне үйретпейді, өйткені, оларда дін туралы түсінік жоқ. Бүгіңгі күні бұл адамдарға (қуссастарға) таблиғ жәмәғатын ұқсатуға болады, олардың сопылық және бұрмаушылығы болған белгілі мәнһажімен. Олар сондай-ақ, негізінен тек қорқытатын мәтіндерге сүйенеді, соларымен адамдар Аллаһ Тағаланың рахметінен күдер үзуіне себеп болады”. “әл-Аджуиба әл-муфида” 109.
Сондай-ақ, шейх әл-Фәузанға: «(Діңге) шақыруда қисас қолдану, мейлі олар қандай болса да, саләфтардың (алдыңғы ізгі буын өкілдерінің) мәнхаджына жата ма? Немесе адам Құран мен Сүннетте келген қиссалармен шектелгені абзал ма?» – деген сұрақ қойылды.
Шейх былай жауап берді: “Ия, адам уағыз-насихаттауда Құранда баяндалған бұрыңғы халықтардың тарихынан келген нәрселермен, сондай-ақ Сүннетте Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен бұрыңғы өткен қауымдар туралы қиссалармен шектелуі керек. Және адам Құран мен Сүннетте бекітілмеген нәрселермен айналыспауы керек! Мұнымен өзінің де, тыңдаушылардың да зейінін алмау керек!” “әл-Иджабат әл-мухимма” 183.
Сондай-ақ, шейх әл-Фәузанға: «Кейбір уағыздаушылар бұл кездері жастарды шақырудың бір әдісін таңдап алған. Олар жастардың тобының алдында наркомандар, түрлі пасық-бұзақылар және ата-аналарын тыңдамайтын адамдар туралы әртүрлі қиссалар айтады, осы олардың тәубеге келуіне себеп болсын деп. Осындай амал рұқсат етілген ба? Ізгі алдынғы буын өкілдері осылай істеген ба?» – деп сұрақ қойылды.
Шейх былай деп жауап берді: “Осы – бұзықтық таратудың қатарынан деп қорқамын! Егер сөз наркомандар және ата-анасына мойынсынбаушылар жөнінде болып жатса, онда ата-аналарға мойынсынбауға тыйым салатын (Құран мен Сүннеттен) қорқытушы мәтіндерді келтіру жеткілікті болып табылады. Сондай-ақ, мас қылушы заттарды қолдануға тыйым салынатындығы туралы дәлелдерді және осылай істеушілерге деген қорқытуларды келтірумен де. Ал есірткі мас қылатын заттардан да жаман…Құран мен Сүннеттен дәйектер, әртүрлі сенімсіз де болуы мүмкін болған, немесе іс жүзінде орын алған болса да, бұзықтық таратудың қатарынан болатын қиссалар мен уақиғаларға жүгінбеу үшін, жеткілікті! ” “әл-Әджуибә әл-мухиммә” 146.
Шейх Әхмәд ән-Нәджмиге: «Құрметті шейх! Саләфтар қуссастармен бірге отыруға тыйым салатын, мұнымен не меңзеледі? Және саләфтар сөгіс білдірген нәрселелерге Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Құран мен Сүннетте баяндаған қиссаларды еске салу жатады ма?» – деген сұрақ қойылды.
Шейх былай деп жауап берді: “«Қуссас» немесе «қассасун» дегенде өзінің уағыз-насихаттарында қисса-әңгімелерге сүйенетіндер меңзеледі. Бұл қазір бар және біздің айналамызда орын алуда. (Олар) – қисасқа сүйенуші қуссастар болып табылатын біздің кезіміздің уағыздаушылары! Бұл – қазіргі заманның көптеген уағыздаушыларының жолы. Сен олардың тек қана түрлі қисса-әңгімелер айтумен айналысып жүргенін көресің. Олар адамдарды ақидаға, немесе парыз намаз, оны орындау тәртібі және онымен байланысты мәселелер сияқты шариғаттың ереже-қағидаларына үйретуге ұмтылмайды. Алайда олар, мен айтқандай, қиссалар мен әңгімелер айтумен айналыса береді. Ал Аллаһ баяндаған, бұрыңғы өткен қауымдарды атап өту сияқты, Құранның қисастарына келер болсақ, олардың саләфтар сөгетін қисастарға ешқандай қатысы жоқ! Сол сияқты Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) баяндаған қиссалар да, мысалы: соқыр, алапес және таз туралы т.б.с.с. қиссалар. Ал харам болып табылатыны бұл – қисастарды жиі қолдану. Және егер Аллаһқа шақырудағы негіз – Құран және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен насихаттау болса, ал барлық басқа нәрсе орын алса да, егер ол әр кезде ғана және азғантай ғана мөлшерде болса, бұда проблема жоқ. Ақиқатында, қиссаларды жиі айтуға тыйым салынған!” “Фәтәуә әл-джәлия”,
Шейх ‘Убайд әл-Джәбри айтатын: “Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның халифаларының және қалған сахабаларының, сондай-ақ білім имамдарының және оларға ілескендердің жолы бұл – діннің негіздерін және оның заң ережелерін түсіндіру, таухидке (бірқудайшылыққа) бірте-бірте, тарау-тараумен талпындыру және ширкке (көпқұдайшылыққа) үммет одан сақ болуы үшін, оның түрлерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тыйым салу! Сондай-ақ, олар дінде міндетті болған нәрселерге шақыратын және харам мен халал мәселелерін түсіндіретін. Сондай-ақ, олар барлық күнәлі істерге және діндегі бидғаттарға тыйым салатын. Олардың сөздерінде және құтпаларында уағыз-насихаттан қорқыту мен талпындыру сияқты нәрселер болуы мүмкін еді. Және осыдан біз уағыз-насихаттаушылар екі түрлі болады деп айтамыз:
Бірінші түрі бұл – олар туралы жоғарыда айтылғандар, олар дәлелдерге сүйеніп діннің негіздерін түсіндіреді, және олардың уағыз-насихаттарында қорқыту мен талпындыру мәселелерін атап өтуден, өлім туралы ескерту, Жәннәтқа ұмтылу және Тозақтан құтылу сияқты нәрселер бар. Алайда, бұл діннің ережелері мен негіздерінің негізінде жасалады!
Насихаттаушылардың екінші түрі бұл – жоғарыда аталған негіздер туралы ойланбайтындар, таухидке және ширк мәселелеріне көңіл бөлмейтіндер. Олардың діні, немесе оның басым бөлігі бұл – адамдардың назарын қаратуға негізделген қиссалар. Міне осылар – қуссастар болып табылады, және олардың кассеталарын тыңдау бұл – уақытты босқа жұмсау және Пайғамбарымыз Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әкелген шариғат білімін іздеуден басқа жақа ауытқу болып табылады!
Өйткені, тура осы білім бұл дүниеде де, Ақыретте де толыққанды игіліктің жолы болып табылады, ал хадисте былай деп айтылған: «Кімге Аллаһ игілік қаласа, Ол Оны дінде фәқих (түсінуші) қылады!» Мұсылмандар бұл қуссастардың кітаптары мен кассеталарынан сақ болуы керек және өзгелерді де сақтандырып ескертуі керек, өйткені оларға салыну және олардан ләззәт алу надандықтан өзге ешнәрсеге алып келмейді! Бұл – білімсіз жүректерді жұмсарту, ал Аллаһ Тағала уағыздаушыларды олар жәй осылай болғандары үшін мақтамаған жоқ, ал дәл нақ білімді және оны алып жүрушілерді мақтады, және бұл жөнінде былай деп айтты: «Аллаһ, періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді». (Әли ‘Имран 3: 18). Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Аллаһ сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым берілгендердің дәрежелерін көтереді». (әл-Муджәдәлә 58: 11). Және сондай-ақ былай деп айтты: «Шын мәнінде қүлдарынан ғалымдары Аллаһтан қорқады!» (Фатыр 35: 28) Сондықтан, мұндай уағыз-насихатшылардан, қиссашылардан, көңіл көтерушілерден, сондай-ақ қиссалардың өзінен және шариғаттық біліммен басқарылмайтын қызықтырушы әдістерден де сақтандыру керек, өйткені олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының, олардың ізбасарларының (таби’ун) және оларға ілескен имамдардың жолында емес!”
Сондай-ақ, шейх әл-Джәбри былай деп айтты: “Ғалым (‘алим) – ол адамдарды Аллаһтың дініне Аллаһтың Кітабынан және Елшінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен үйретуші, сондай-ақ ізгі саләфтардың түсінігін оларға үйретуші! Ал адамдарды түрлі әңгіме-қиссалармен уағыздауға келетінге қатысты айтар болсақ, ол – ғалым емес!” “Шәрх Усул әс-ситта” 76.
Доктор Мухаммад әс-Саббағ өзінің «Тарих әл-қуссас» (Қиссашылар тарихы) кітабында «әл-Музаккир уа-ттазкир уа-ззикр» кітабының зерттеушісі Халид әр-Раддадидің сөздерін қысқартылған түрде береді, ал ол былай деп айтады: “Кей біреу қазір қуссастардан келер қауіп жоқ, және бұл жұмыс – біздің заманымызға қатысы жоқ тек тарихи зерттеу деп ойлауы мүмкін. Бұл жорамал қате және дұрыс болудан өте алшақ болып табылады! Мұның себебі, өкінішке орай, бұл қуссастардың барлық кезде болуы болып тұр. Олар басқа аттармен аталып жер бетінде бұзақылық таратты. Егер бұрын айлакерлер және өтірікшілер «қуссас» деген атаумен белгілі болған болса, біздің заманымызда олар «уағызшылар», «дағуатшылар», «насихатшылар», «тәрбиелеушілер», «ұстаздар», «жазушылар», «ойшылдар» және басқа да сол сияқты бөспе атаулармен танылып жүр. Көп адамдар мұндай адамдардың шынайы жағдайы туралы сол бойы түсінбеді, және осындай надандарды шынайы және шыншыл шақырушылармен шатастырып жүр. Қазіргі заман қуссастарының кей бірі Аллаһтың жолына шақырумен бүркеніп жүр, алайда өздері қарапайым халықтың арасында жалғанды және бидғаттарды таратып жүр. Қуссастардың сөздерінің көпшілігі бұл – әңгіме-қиссалар және зердесіз орынсыз мысалдарды келтіру және соларға тіпті олар аят-хадис болатындай маңыз беру. Олар артықшылықтар және зухыттық туралы баяндайды, алайда дұрыс негізге сүйенбейді. Және сен солардың қатарынан өзінің өтірік сөздерін қорғау үшін Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрмалайтындарды көресің. Құссастардың ішінде расында да адамдарды зухыттыққа және түнгі намаздарды орындауға үгіттейтіндердері де бар, және бұл – өте жақсы. Алайда олар адамдарға осының барлығының мәнін түсіндірмейді. Және адам тәубеге келуі де мүмкін, алайда сонымен бір мезгілде өзі бидғатқа және адасушылыққа бет бұрып кетті. Қуссастардың арасында діңге шақыру мақсатымен қаладан қалаға саяхаттауды шақсы көретіндері де бар, және бұл – олардың мәнхаджына сәйкес, олардың тобының әрбір мүшесіне олар рухының тазалығын алмайынша міндетті болып табылады (джама’ат таблиг). Олар өздерін Аллаһқа тәуекел етушілер деп жариялайды, ал іс жүзінде бұл – тәуекел емес, өйткені олар соған сәйкес болған себептерді алуды тастады. Және олардың ішінде өз семясын тиынсыз қалдырып, оған қамқорлық жасауды қойғандары қанша?! Және олардың ішінде өз семясын күйретуге алып келгендері қанша?! Және сен олардың арасынан адамдарды таухидке (бірқұдайшылыққа) және Аллаһты құлшылықта жалғыз етуге жетелеушілерді таба алмайсың, көпқудайшылықтан және бидғаттан сақтандырып ескертушілерді таба алмайсың. Және барлық айтылғандарға қарамастан, біз кейбір білім иелерінің оларға сөгіс айтпайтынын көре аламыз. Тіпті олардың кейбіреулері оларға адасушылықтарында ұнатушылық танытады, ал осынысы бұл адасушылардың шақыруы адамдардың арасында таралуына ықпал етті!” “Тахқиқ әл-Музаккир” 30-31 (қысқартылған).
Қисас пен қуссастарды сөгудегі себеп пен даналық
Имам Ибн әл-Джәузи өзінің «әл-Қуссас уәл-музаккирин» кітабының бас жағында саләфтар қуссастарды сөгуінің себептерін тізіп айтып, мыналарды атайды:
1. Саләфтар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде болмаған нәрсені көрсе, олар оны сөгетін және бидғат деп санайтын!
2. Бұрын өмір сүріп өткен адамдармен болған нәрселер суреттелетін қиссалар сирек шындық болады.
3. Бұл қиссалар (қисас) олардан маңызды болып табылатын Құранды оқып-зерттеуден хадистер туралы ойланудан, дінді оқып-үйренуден адамның көңілін бұрады!
4. Кұран мен Сүннетте сенімділігі күмәнді болған нәрселерге жүгіну қажеттілігінен құтқаратын қиссалар жетіп асады.
5. Қуссастар өздерінің қиссаларына қарапайым халықтың жүректерін бұзатын нәрселерді енгізеді.
6. Қуссастар өздері баяндап жатқан нәрселері дұрыс және сахих (сенімді) болуына бас қатырмайды. “Тахзир әл-хаууәс” 82-83.
Сондай-ақ, имам Ибн әл-Джәузи былай деп айтты: “Проблема – қуссастардың қарапайым халықтан болған, жағдайы естіген нәрсесіне сөгіс айтпайтын жануарлар сияқты надандарға қарап сөйлеуінде. Олар қуссастардан шығып: «Ғалым (‘алим) айтты!» – дейді. Өйткені қарапайым халық үшін ғалым ол – мінберге шығып сөйлеуші!” “Тахзир әл-хаууәс” 85.
Осыны айтқан Ибн әл-Джәузи, 900 жыл бұрын өмір сүрді, және таң қаларлығы – бүгіңгі күні де шынайы ғалымды ойшылдан, уағызшыны қиссашыдан ажырата алмайтын көптеген адамдар тура осыны айтып жүр, және біреудің білімділігінің дәлелі ретінде оның кітап жазатындығын, елдің алдында сөйлейтіндігін т.б. келтіреді.
Және үлкен ғалымдардың сабақтарында тек он шақты адамды көруге болатындығы, ал қуссастардың дәрістерінде жүздеген және тіпті мыңдаған адамдарды, солардың ішінде барлық жастағы ерлерді де, әйелдерді де көруге болатындығы – бұған мысал болады.
Сондай-ақ, әңгіме-қиссаларға және қиссашыларға есіктерді ашу қауіпті болатынының себебі – осы нәрсе белгілілікке және даңқтылыққа ие болатын, және осы себепті өзіне ілесушілердің көптігіне алданып, шектен тыс мадақталатын, алайда осымен бірге білімге ие болмай өзіне ілесушілерді адасушылыққа жетелеп кететін қуссастардың өздерінің опат болуына әкелетіндігінде де.
Шейх Шәмсул-Хакқ ‘Азым Абәди айтатын: “Және қуссастар мен уағыз-насихатшыларға мұсылмандардың әмірлерінің рұқсатынсыз қисас айтуға және уағыз-насихат жүргізуге болмайтығы жөнінде айтылған еді, әйтпесе олар тәкапарлыққа түседі. Және сондай-ақ, тыйымның себебі – әмір адамдарға пайдалы нәрселер туралы жақсырақ білетіндігінде, және мұны (адамдарды уағыз-насихаттауды) пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіретінге тапсырмайтығында. Өзін осы үшін (адамдарды уағыздап-насихаттау) өзі ұсынған адамның ісі өзгеше, және одан пайдаға қарағанда көбірек зиян келуі мүмкін болғандықтан, және ол мұны тәкапарлығынан және рия (көз бояушылық) танытып істеуі мүмкін болғандықтан, оның қауіпінен сақтану керек!” «‘Аунул-Мә’буд» 10/101.
Сондай-ақ, саләфтар қуссастарды, оларың көбісі көп жағдайда хадистерді ойдан тоқитындығынынан, ал орташалары хадистерді ойдан шығармаса да, олардың сахихтығында түсінігі болмай, хадис деп аталатынның барлығын келтіре беретіндігінен сөккен болатын. Сондықтан көптеген имамдар қуссастардың себебімен ел ауызында таралған хадистердің әлсіздігін және жалғандығын түсіндіретін жеке еңбектер құрастыратын. Сондай еңбектердің ішінде шейхул-Ислам Ибн Таймияның «Әхадис әл-қуссас» (қиссашылардың хадистері) еңбегін атауға болады.
Имам Ибн әл-Джаузи айтатын: “Ойдан шығарылған хадистермен байланысты бәлелелердің көбісіне қуссастардың қатысы бар!” “әл-Мәуду’ат” 1/44.
Хафиз әл-‘Ирақи: “Кейін, ақиқатында, олар (қуссастар) Елшіден (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистер келтіреді, (алайда) олардың сахих (сенімді) және әлсіз екендігін ұғынбайды”, – деп айтатын. “Тахзир әл-хаууәс” 35.
Имам Ибн Қутайба: “Ақиқатында, қуссастар қарапайым адамдардың жүздерін өздеріне қаратады, және олар солардан қайтарылатын және жалған хадистерді таратады. Өйткені, қарапайым халықтың әрекеттерінен болып табылатыны – олардың қуссастардың алдында (оларды тыңдап) отыруы, өйткені олардың хадистері өте оғаш және қызық, немесе олар жүректерді жұмсартып, көзге жас келтіреді”. “Тауил мухталиф әл-хадис” 357.
Киссашылардың надандығының және өзін пайдасыз нәрселерге бағыштауының мысалы ретінде өз заманының Әбу Ка’б деген атақты қиссашысы бірде: «Юсуфты жеп қойған қасқырдың аты – Хаджун!» – деп айтқанын келтіруге болады. Ал оған: «Ақиқатында Юсуфты қасқыр жемеді!» – деп айтқанда, ол: «Бәрібір, бұл Юсуфты жемеген қасқырдың аты», – депті. “Ахбәрул-хамқа” 116.
Аллаһтың Кітабын дұрыс білмеген, соның себебімен болмысқа қайшы келетін нәрсені ойдан шығарған бұл қиссашының надандығына және білімсіздігіне назар аударыңыз!
Және қуссастар көбінесе түрлі уақиғаларды және тіпті хадистерді ойдан шығаратындығының себебінен имам Әхмәд былай дейтін: “Адамдардың ең өтірікшілері бұл – қуссастар мен қайыршылар!” әт-Туртуши “әл-Хауәдис” 112.
Және қуссастар фитнаға және уәс-уәске ең алдымен өздерін ұшырататыны бізге айқын болады. Өйткені, шайтан тыңдаушыларының аудиториясы үлкен болған уағызшыны уәс-уәстайды, және ол енді тоқтай алмайды және уағыздарын әртүрлі қиссалармен толықтырып одан сайын қызық етеді, өйткені оған тек Құран және Сүннетпен осындай аудиторияны сақтап қалу мүмкін емес болып көрінеді, және ол өзін тыңдаушылардың саны азаюынан қорқады. Шайтан оған егер ол адамдарға Құран аяттарын және Құрандағы қиссаларды оқыса, олар Құранды өздері-ақ оқи алатындығын айтады, және осыдан кейін оларға оның уағызы қызық болмай қалады деп сыбырлайды. Сүннетпен де сол сияқты жағдай, оны мұндай уағызшы жеткіліксіз деп есептейді, сондықтан адамдарды қызықтыру үшін ол естімеген қиссаларға жүгінеді.
Сондай-ақ, бізге қисас көмегімен уағыздауға деген құштарлық-әуес пайдалы ілімнен, Құран мен Сүннетті зерттеуден алыстататыны айқын болды! Имам әш-Шәфи’и айтатын: “Бидғаттарды жақтаушылар дінге «тағбир» (өлеңнің түрі) деген бидғат енгізді. Осының көмегімен олар Құраннан бет бұрғызады”. Әбу Ну’айм 9/136.
Және қуссастар да – тура солай, өздерінің қиссаларымен дінді түсіну, харам мен халәл мәселелері, ақидамен және ғибадат рәсімдерімен байланысты мәселелер сияқты пайдалы білімнен алшақтатады.
Діндегі шынайы білім еңбекпен алынатынын және оларда оңайлық жоқ екендігін ұғып алу қажет. Және адамдардың көпшілігінің болмысы сондай – олар өздерін шариғат білімін алумен қинағысы келмейді. Адамдар сағаттап қиссалар тыңдауы мүмкін, және бұл оларды зеріктірмейді, ал шынайы білім алу үшін тырысу керек, және бұл білімдер адамнан жәй таң қалудан да, әуестенуден де, көз жастан да және т.с.с. көбірек болған нәрселерді талап етеді. Олар адамнан сезім мен эмоциялардың негізіндегі емес, білімнің және бекем сенімнің негізіндегі мойынсынуды және ғибадатты талап етеді.
Сондай-ақ, қазіргі заман қуссастары жиі жағдайларда мұсылман үмметіне қатысты маңызды саяси мәселелерді қозғайды, өзінің қиссаларымен бірге өздері айтпауға және оны адамдарға шығармауға тиісті болған қандай да бір уақиғалар туралы айтады. Өйткені Аллаһ Тағала мұны мұсылмандарға харам етіп, былай деді: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға, не мұсылмандардың іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді». (ән-Нисә 4: 83).
Аллаһ үмметтің маңызды мәселелерін шешуді сеніп тапсырып қойған «мұсылмандардың іс басындағыларына» келер болсақ, олар – ғалымдар және мұсылмандардың әмірлері! “Тәфсир Ибн Аби Хатим” 5688, “Тәфсир әл-Бәғауи” 2/255, “Тәфсир Ибн ‘Адил” 6/522, “Тәфсир Ибн ‘Атыйя” 2/85.
Бірақ, өкінішке орай, біздің уақытымызда жалпыға қатысты істерді мұсылмандардың әмірлері мен ғалымдар емес, қуссастар шешіп жүр!
Және ең соңында айтылатын дәйек – қисас пайдалану сияқты діңге шақырудағы әдіс Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары тұрған (ұстанған) нәрсеге (жолға) қарама-қайшы болып табылады!
Достарыңызбен бөлісу: |