Ыту теориясы мен технологиясы


Қазақтың ою - өрнектері және түрлері



бет59/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
kursovaya, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
2. Қазақтың ою - өрнектері және түрлері
Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұлан да «қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» дейді. Елімізге белгілі этнограф С.Қасиманов қазақ ою-өрнектері үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден, мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден, жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін əртүрлі заттардың сыртқы бейнесін. Оюлар симметрия заңымен қатар, бір немесе бірнеше элементтің қайталау ритмін сақтайды. Мысалы, «қошқар мүйіз» элементінен қошқар мүйізінің бірнеше рет қайталанғанын көреміз. Егер, «қошқар мүйіз» бестен көп, шексіз қайталанса – «шетой» жиекті ою-өрнек деп аталады. Ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа бөлінеді: Зооморфтық (жан-жануарлар). Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз). Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Шетою» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді.«Шетою» е с і кт і ң жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер.
«Түйетабан» ою-өрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар есімдік ол да түйенің табанына ұқсас екі жарты, оны кей жерлерде «табақ» өрнегі деп атайды
«Құсқанат» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.
«Ирек» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп «төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек: бешпент, қамзол, шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет