«Білімдар оқушы — 2010″ интеллектуалды ойыны
«Білімдар оқушы — 2010″ интеллектуалды ойыны
6-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
кезінде өткізілген сыныптан тыс шара
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: «Білімдар оқушы — 2010″ интеллектуалды ойыны. Презентация
Өткізілген күні: 23 ақпан 2010 жыл
Мақсаты:
a) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту,озық ойлы оқушыны анықтау
ә) оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру
б) өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу
Көрнекіліктер: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» «Оқу-білім азығы, білім- өмір азығы»
Сайыс бөлімдері:
1-кезең ”Жыр кейіпкерлері қонақта”
2-кезең “Бұл кім екенін білесің бе?”
3-кезең “Сөзстанға саяхат”
4-кезең “Полиглот”
5-кезең “Жас қалам”
Кіріспе сөз.
-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие-тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,-дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
1.Шоңаев Асылан
2.Тұрақбаева Алина
3.Қасымова Алина
4.Дулатов Дастан
5.Хамзина Назерке
6.Есболаев Асылбек
7.Төлембаева Аян
8.Үбішов Нұрлан
9.Асылбеков Ғанибек
10.Мүталлапова Жұлдыз
I.”Жыр кейіпкерлері қонақта”
Бөлімде батырлық жырларға байланысты сауалдар беріледі.
Ұпай саны – 10
1.Қобыланды дүниеге келгенде әкесі Тоқтарбайдың жасы нешеде?
2.Бақан басында ілулі тұрған теңгені атып түсірген жас батыр Қобыландыны көріп, ғашық болған ханның қызы кім?
3.Қобыландының пырағының аты кім?
4.Ноғайлы жерін,Қырлы,Сырлы қалаларын Қызылбастан азат етуге аттанғанда Қобыландының қасына ерген ер,қырық мың үйлі қияттан шыққан батыр кім?
5.“Алпамыс батыр” жырындағы Байбөрі байдың “асыранды” баласының аты кім?
6.Өзін шабуға келе жатқан Алпамысты түсінде көріп шошып оянған қалмақ ханын ата?
7.Қызы Гүлбаршынды “күйеу баласы” Алпамысқа жалғыз деп бергісі келмей қашыш кеткен бай кім?
8.Жырда айтылатын Алпамыстың жеті жасар баласы кім еді?
9.IV-VII ғасырларда тасқа қашап жазылған көне түркілік ерлік жыр-дастаны.
10.”Бүкіл түркі халқы үшін,
Түн ұйқымды төрт бөлдім.
Жанып-күйіп өрт болдым”-деп жырлаған түркі халқының қаһаны,інісі Күлтегін өлгенде жыр-жоқтау шығарып,басына ескерткіш қойған батырдың ағасы кім?
11.Маңғыстаулық жырау Мұрын Сеңгірбекұлының айтуымен бүгінге жеткен бірнеше батыр ұрпақтарының ерлігін жырлайтын ұзақ циклды жырды ата?
12.Қырғыз халқының батырлық эпосын кім атайды?
II.Бұл кім екенін білесің бе?
Әдебиет марғасқалары, ел ағалары…
Шарты — әр оқушыға 1 сұрақ беріледі,ең аз ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан кетеді.
ұпай- 10
1.“Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта,оны біл.
Талаптан да,
Білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,өнерсіз болады ақын тұл”
Бұл кімнің қай өлеңінен ?
Жауап – Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
2.“Қырық мысал” жинағына енген “Егіннің бастары”, “Өзіз бен бақа”, “Қара бұлт” мысал өлеңдердің авторы,аудармашы,
ақын,тіл білімінің атасы кім?
Жауап- Ахмет Байтұрсынұлы
3.“Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.”
бұл кімнің,қай өлеңінен үзінді?
Жауап-Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»
4. “Әкесі баласының атын кім қоям десе де өз еркінде емес пе,өзіне ұнаған есімін қояды.Шығарма да жазушының баласы тәрізді.Дегенмен басты кейіпкердің атын Қожа қоюымның тағы бір себебі: біздің мектепте Қожа атты бір бала болды.Оны да “қара Қожа” дейтінбіз.Шығарма жазу барысында мектептес досымның осы есімі көкейден кетпей,тілге оралады да тұрады.Бірақ ол өте жуас,қой аузынан шөп алмас момын бала болатұғын.Неге екенін сол баланың атын басты,әрі тентек кейіпкерге бергенді жөн көрдім.” Бұл кімнің сөзі?
Жауап – Бердібек Соқпақбаев
5.“Абай жолы” романынан алынған “Ақын қонақтар”, “Біржан сал Абай аулында” үзінді әңгімелердің авторы,академик жазушы кім?
Жауап-Мұхтар Әуезов
6.Бұл қаламгер “Амангелді”,“Қазақ солдаты”пьесасы, “Ұлпан” “Кездеспей кеткен бір бейне” поэмасын жазды.“Автобиографиялық әңгіме”, “Жапон балладалары” очерктерінің авторы.Ұстазы –қазақтың белгілі ұстаз-ақыны Бекет Өтетілеуов.Бұл қай жазушы?
Жауап-Ғабит Мүсірепов
7. Жүген-құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген.
Алты жасар асауды,
Ұстап міндім далада.
Ақырды асау-
Жаңғырды дала.
Тулады,орғыды асау-
Дүбірлеп күңіренді дала,
Қиырсыз дала…
Бұл кімнің өлеңі?
Жауап-Сәкен Сейфуллин «Далада»
8.Арыстанмын,айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын , маған қарсы кім тұрар.
Көкте – бұлт,жерде-желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Бұл кімнің қай өлеңінен алынған?
Жауап-Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»
9. Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Бұл кімнің қай өлеңінен алынған?
Жауап-Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
10. Кешегі елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты.
Бізді жалмамақ болған ажалды,
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз кеудесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Кімнің қай өлеңінен ?
Жауап-Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны»
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан кетеді.
ІV. “Сөзстанға ” саяхат
Сайыс шарты — әр ұяшықта үш тарауға байланысты сұрақтар берілген.
Қай сұраққа жауап берсе, сол ұпайды иеленеді.
Фонетика
10 — Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (Жауап – 42 әріп)
20 — Қазақ тілінің төл дыбыстары нешеу? (9 – ғ,ң,ө,ұ,ү,һ,ә,қ,і)
30 — “Білім” сөзін буынға бөл,буын түрлеріне ажырат. (бі-лім а.б-б.б)
40 — “Я” әрпіне дыбыстық талдау жаса. (й +а – үнді дауыссыз, дауысты,жуан,ашық,езулік)
50 - “Көп пала” ықпалдың қай түрі? (ілгерінді ықпал)
Лексика
10 – Бірнеше сөзден тұратын,бір сұраққа жауап беретін,бір мағынаны білдіріп,бір сөйлем мүшесі болатын,құрамындағы сөздерді басқа сөздермен ауыстыруға болмайтын сөздер тобы. (тұрақты тіркес)
20 — “Қасқыр” сөзіне мәндес сөзді тап (ұлыма, ит-құс, бөрі)
30 – “Арыстан еді-ау Исатай!” асты сызылған сөз қандай мағынада қолданылып тұр? (батыл,өжет)
40 – “Т” әрпінен басталатын қазақ тілі терминдерін ата. (тұйық етістік, тарихи сөз, табу, толықтауыш)
50 – “Аран” сөзінің (көнерген сөз) мағынасы (1.аң аулау үшін кең әрі терең етіп қазылған ор.Аранға аң түсті. Ауыспалы мағына.ауыз,көмей,,құлқын. Тәбеті ашылу. 2.Кірпіш пен істік темірден жасалған темір қоршау. 3.Аран – көкнәр тұқымдас 1 жылдық өсімдік.
Арандау – байқаусызда бір затқа ұрыну,бейнет шегу.Арандай –далиған кең мағынасы да бар)
Морфология
10 – 3-ші сөз табын ата? (сын есім)
20 –“Кәсіби” сөзінің түбірі қайсы? (кәсіп)
30 – Етістіктің түрлерін ата ? (салт,сабақты, өздік,өзгелік,ортақ,ырықсыз етістер,көсемше,есімше,тұйық етістіктер)
40 - “Шақты,жуық,таяу…” сөздері арқылы жасалатын сан есім (болжалдық сан есім)
50 – “Биыл” үстеуі қалай жасалған? (бұл жыл)
IV.Полиглот
Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ғылым біл » дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс,ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Қар-снег-snow
2. Сөзі дана,үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
Кітап-книга-book
3. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
Сағат-часы-clok
4. Ұшып-қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
Доп-мяч-.bool
5. Қаптап жүрген малым бар,
Қане, санап алыңдар.
Түнде ғана жаямын,
Күндіз қамап қоямын
Жұлдыз-звезда-star.
6. Қалың әскер бағып жүр,
Сансыз найза тағып жүр
Кірпі-ежик-hedgehog.
7. Қанатым бар ұшпаймын,
Көл астында қыстаймын
Балық – рыба -fish
8. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан
Сәбіз-морковь-carrot.
9. Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтт
Қарбыз-арбуз-watermalon
10.Тысыр шықса тұрмайды,
Артқа мойын бұрмайды Қоян – заяц-rabbit
(Бұл кезеңде аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.)
Жанкүйерлерге сұрақ
.1 жұрнақ 2 етіске ортақ..Ол қай етістік ?
2.”Орынбасар сөз” деп аталатын сөз табы
3.Өз құрамында 3 буын, 7 әріп бар.Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан 6 есе көп.
4.Фонетикалық 2 ұғым, бірі мен бірі сыбайлас,
бірі-айтылады да естіледі, екіншісі – жазылады да көрінеді.
5. “Жеті” санымен шектелетін сан есім
6. “Қимыл есімі” деп аталатын етістік
7. “Еш” сөзінің қатысынсыз жасалатын болымсыздық есімдігі
8.Алғашқы 3 сөз табының атауларына ортақ сөз
9.Жинақтық сан есіммен тұлғалас есімдік
10.Үш.жеті,тоғыз сан есімдеріне қатысты ырым-тыйым, салт-дәстүр білесің бе?
11.Шешеңнің апасының баласы кім болады саған?
12.Жездеңнің балдызы кім болады саған?
13. Бір шымшым ,бір қайнатым,бір асым,бір ұрттам, бір ауыз,бір жайым,бір шөкім,(су,бұлт,тұз,өлең,қамыр,ет,шай)
14.Бірініші буыны — дауысты езулік,
екінші буыны – болады есімдік
Екеуін қосқанда ол ағаш тым биік.
15.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі?
16Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанар)
17.Бір қазанға сыймайтын қандай бастар? (Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды)
18.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)
19.Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне тары кіреді)
20.Ер неше рет өледі,қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет,қорқақ мың ре өледі)
V. Жыр толғау…
Қызыл парақ
… … ғажап едің,
… … жазар едім.
… … …
… … қазақ елім.
Көк парақ
… …. баласын,
… … данасың.
… … …,
… … анашым.
Сары парақ
… … ер жеттім,
… … тербеттің.
… … …,
… … сөйлеттің.
Мұғалім сөзі:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Бүгінгі шара өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыны тыңдау үшін сөз қазылар алқасында.
Достарыңызбен бөлісу: |