Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).
Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.
Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.
Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.
Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.
Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.
Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.
Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.
Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.
Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.
Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.
Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.
Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;
агониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;
егерде науқас нәжісі аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |