ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.
Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.
Дайындаңыз: 20-50 мл кең мойынды құргақ, таза шыны ыдысты (пенициллин флаконы), судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.
Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.
Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.
Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |