Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.
Науқастың бас жағын 45-600 бұрышпен көтеріңіз (900 – жоғарғы Фаулер қалпы, 300 – төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).
Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкіжәне алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдын әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.
Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).
Наукастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).
Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).
Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).
Аяқ басын ұстау үшін 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.