ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.
Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.
Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.
Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.
Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.
Қолғаптарды шешіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |