Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.
Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).
Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.
Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.