Қыстың қамын жаз ойла » демекші бүкіл өмірдің жо-
басы жас кезде жасалады. Оны дұрыс арнаға
бұру осы балауса жастық уақыттың еншісін-
де. Жоғарыда аталған індеттердің шыққан
жерін іздейтін болсақ, оның рухани азғын-
дықтан туындайтынын байқаймыз. Рухани
бай адам бұл құлдыраулардың қайсібіріне
болмасын еш қиындықсыз төтеп бере ала-
ды. Сондықтан шынайы мықты адам деп
өзінің жанын да, тәнін де дұрыс жетілдіріп,
азықтандыра білген адам деп нық сеніммен
айта аламыз. Бұл жауапкершілік пен міндет-
ті адам жас кезінде біле бермеуі мүмкін. Ал
олардан ғапыл қалмау үшін ертерек ізденуге,
оқуға, оқығанды ақыл иелегінен өткізіп ойла-
нуға, түйген ойларын жүзеге асыруға кірісу
қажет. Осыған байланысты хакім Абай: