1.Науқаста микроциркуляцияның қандай бұзылысы дамыды? Осы микроциркуляциялық бұзылыстың түрін анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Науқаста шеткері қанайналым бұзылыстарының стаз түрі дамыған. Стаздың қылтамырлық түрі байқалады, бұл кезде қанның тұтқырлығы артады, қанның ағысы баяулайды, тоқтауы мүмкін.
2. Микроциркуляцияның бұзылысының осы түрінің дамуына тағы қандай себептер әкелуі мүмкін? Микроциркуляцияның осы бұзылысы дамуының негізгі механизмдерін көрсетіңіз.
Эритроциттердің тығыз орналасып, шоғырлануы яғни агрегациясы байқалады, тұтқырлығы артады, осының салдарынан қанның ағысы баяулайды, тіпті тоқтауына да әкелуі мүмкін. Эритроциттердің жабысуы олардың бетіндегі электр зарядының азаюынан болады. Бұл қантамырларының өткізгіштігінің көтерілуінен альбуминнің тамыр сыртына шығуы артады.
Микроциркуляция бұзылысының осы түрінің патофизиологиялық салдары қандай?
Стаз нәтижесінде тіндерге қан келуі тоқтайды, бұл дегеніміз тіндерге қажетті қоректік заттар мен оттегінің қамтамасыз етілуі бұзылады, тіпті тін жасушаларының тіршілігін жоюына алып келуі мүмкін.
Коллоквиум № 3 «Заттек алмасуының типтік бұзылыстары» бөлімі
Билет № 9
Тапсырма 1. Науқас Д., 55 жаста, жіңішке ішек резекциясынан соң операциядан кейінгі кезеңде тігістердің дәрменсіздігі, жоғары ішек жыланкөзінің дамуымен асқыну пайда болды.
Объективті: терісі құрғақ, босаңсыған; тері тургоры төмендеген; көз алмаларын басу кезінде жұмсақ; бұлшық ет тонусы төмендеген. АҚ - 80/35 мм сын.бағ., пульсі әлсіз, минутына 100 соққы.
Зертханалық зерттеулер деректері: гематокрит = 59%; плазманың осмоляльдығы 275 = мОсм/кг Н2О; рН = 7,22, РаС02 = 35 мм сын.бағ., BE = - 8,8 ммоль/л. Тәуліктік диурез = 400 мл.
Науқаста заттек алмасуының қандай типтік бұзылысы дамыған? Зертханалық деректерді пайдалана отырып, жауабыңызды дәлелдеңіз. Бұл жағдайда SB және ВВ көрсеткіштері қалай өзгереді? Неліктен?
Н ауқаста дамыған заттек алмасуының типтік бұзылысы қышқылдық сілтілік үйлесімдіктің бұзылысы (КШС) болып табылады.Себебі:Науқастың зертханалық зерттеулеріне сүйене отырып осы бұзылыстын дамығанына көз жеткіздік.Біріншіден науқастың рН = 7,22 төмен,қалыпты жағдайда қан сары суында рН=7,36-7,42 болуы керек.рН қанда 0,1өзгеруінен науқаста клиникалық көріністері қалыпты жағдайдан ауытқыған:терісі құрғап, босаңсыған; тері тургоры төмендеген; көз алмаларын басу кезінде жұмсақ; бұлшық ет тонусы төмендегенпульсі әлсіз, минутына 100 соққы АҚ - 80/35 мм сын.бағ. өте төмен қалыпты жағдайда 55 жастағы ер адамда131/86 болуы қажет бұның барлығы рН тың қалыпты жағдайдан төмендеу салдары болып табылады.
Зертханалық деректерді пайдалана отырып науқаста ацидоз дамығанын анықтадық,яғни пациентте жіңішке ішек резекциясынан соң операциядан кейінгі кезеңде тігістердің дәрменсіздігі, жоғары ішек жыланкөзінің дамуындағы асқынулар салдарынан организімде қышқыл өнімдері жиналып қалған.Қалыпты жағдаймен патологияны салыстырсақ:
рН=7,36-7,42
РаС02=35.8-46.6 мм с.б.
SB=21-25 мэкв/л
BB=44.4мэкв/л
BE=(-2.4)-(+2.3)
Патологияда:
рН = 7,22↓ теңгерілмеген ацидоз яғни –метобализімдік ацидоз
РаС02 = 35 мм сын.бағ ↓
BE = - 8,8 ммоль/л. ↓ Буферлік негіздердің жеткіліксіздігі
гематокрит = 59%↑
плазманың осмоляльдығы 275 = мОсм/кг Н2О ↓ электролиттердің мөлшерінің төмендеуі Тәуліктік диурез = 400 мл↓несеп аз бөлінген.
Осы зерттеулерге сүйене отырып науқаста:Теңгерілмеген газдық емес ацидоз метоболизімдік(бөлінулік бүйректік).Өйткені науқаста отадан кейін денесінде экзогенді жолмен бейорганикалық және органикалық қышқылдар жиналып қалған және де pH төмендеуі теңгерілмеген ацидоз екенін дәлелдейді.Ал көмірқышқыл газының парциальдық қысымы норма,сондықтан бұл газдық ацидоз болуы мүмкін емес.Метоболизімдік ацидоз кезінде (BE) буферлік негіздердің тапшылығы айқын көрінген. Плазманың осмолярлығы элетролиттердің төмен екенін растайды.Ал гидрокарбонаттар элетролиттер әсерімен жұмыс істейді.Ал тәуліктік диурез төмендегені газдық емес ацидоздың бөлінулік түрі екенін дәлелдеп тұр.
SB мен ВВ газдық емес ацидозда мөлшері төмендейді.Себебі бикарбонаттар төмендеуінен ауидоз дамып отыр.Беіншіден гемоглобиннің оттекпен байланысы азаяды да ,оксигемоглобин құрылуы бұзылады тіндерге отегі тасмалдануы қиындап ,Осы анализдерді қорытындылай отырып науқасымызда теңгерілмеген газдық емес немесе метаболизмдік ацидоз дамиды.Ал ол кезде SB BB деңгйлері төмендейді Яғни қышқыл-сілтілік зат алмасуы бұзылған.
Достарыңызбен бөлісу: |