Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз. Қорытынды жасаңыз. Жауапты түсіндіріңіз



бет135/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

1. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялаңыз. Қорытынды жасаңыз. Жауапты түсіндіріңіз.


Жауабы:
РаO2 = 75 мм сын.бағ. төмен;
SaO2 = 90% төмен;
PvO2 = 15 мм сын.бағ. төмен;
SvO2 = 29% төмен;
О2 бойынша а/в айырмашылық = 9,8көл % жоғары.
Қорытынды: гипобариялық гипоксия.
Бұл гипоксия кезінде оттегінің қандағы деңгейі азаюына (артериялық гипоксемияға) байланысты тыныс алудың жиілеуінен көмірқышқылы газы көптеп организмнен сыртқа шығарылады.
Осыдан оның қандағы деңгейі төмендеп, гипокапния дамиды.
Гипокапнияның нәтижесінде:
♣ оксигемоглобиннің оттегіге үйірлігі артып, одан оттегінің ажырауы және оның тіндерге берілуі тежеледі;
♣ тыныстық алкалоз дамиды. Оттегінің жеткіліксіздігінен, қышқыл өнімдер артық жиналып қалуы болып, ол метаболизмдік ацидозбен ауысады;
♣ жүрек пен мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады; өйткені көмірқышқылы газының белгілі мөлшері ми мен жүрек тамырларының межеқуатын ұстап тұруы үшін қажет.
♣ тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендейді. Содан бастапқы тыныс алудың жиілеуі оның сиреуімен ауысады, брадипноэ дамиды.
2. Қан оксигенациясы көрсеткіштерінің осындай өзгерістерінің дамуына қандай себептер ықпал етуі мүмкін. Науқастағы ісіну дамуының патогенезін ұсыныңыз.
3. Организмнің оттегімен қамтамасыз етілуінің өзгерістеріне түрлік және жас шамалық сезімталдық бар ма? Жауапты түсіндіріңіз.

Организмнің оттегімен қамтамасыз етілуінің өзгерістеріне түрлік және жас шамалық сезімталдық бар.Организмнің гипоксияға төзімділігі көптеген факторлардан, соның ішінде оның жас мөлшеріне, байланысты. Жаңа туған балалар мен жануарлар, ересектерге қарағанда, гипоксияға төзімдірек келеді. Оның негізінде:


● орталық жүйке жүйесінің толық дамымауы;
● тіндерінде көмірсуларының оттегісіз ыдырау мүмкіншіліктерінің әлі басым болуы;
● қандарында гипоксия кезінде оттегіні байланыстыра алатын ұрықтық гемоглобиннің сақталып қалуы - жатады.

Тапсырма 2. Науқас Ф., 45 жаста, жалпы әлсіздікке, басының қатты ауруына, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде: ауыр атопиялық дерматит, сондықтан науқасқа гипоаллергенді ас мәзірі тағайындалған. Бірақ науқас тамақтануын бірден шектеген.
Объективті: салмағы 35 кг, бойы 163 см. жалпы жағдайы ауыр, аузынан ацетон иісі келеді, ТАЖ- 10 мин-1, пульсі - 45 мин-1, АҚ – 85/50 мм сын.бағ.
Зертханалық зерттеулер деректері: веналық қандағы глюкоза - 2,5 ммоль/л; зәрінде кетонды денелер анықталған; тыныстық коэффициент - 0,7.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет