Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.3-12 жағдаяттық тапсырма



бет26/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

I.3-12 жағдаяттық тапсырма
49 жастағы науқас, Т., ентікпе, әлсіздік, қалшылдауға шағымданып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 2 сағат бұрын кеуде қуысының сол жағында ауырсыну сезімі, мөлдір сұйықтық пен ақ қабыршақтардың үзінділері көптеп шығуымен қабаттасатын жөтел ұстамасы байқалды. Бұрын өзін сау деп санайтын. Зиян әдеттердің ішінде – 30 жыл бойы күніне 20 темекі тартады. Ауруханаға түскен кездегі жағдайы орташа. Сол өкпенің төменгі бөлігінде – перкуссиялық дыбыстың жергілікті әлсіреуі, жайылған ылғал сырылдармен қоса тыныстың нашарлауы. Рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде анықталғаны: сол өкпеде контуры анық, біртегіс және сұйықтықпен жартылай толған, пішіні дөңгелек қуыс тіркелді. Қақырықтың микроскопиясында хитин қабықшаларының үзінділері және алтыілмектік сколекстер табылды. Келесі диагноз қойылды: «Сол өкпенің эхинококкозы». Операциялық ем жүргізілді. Операциядан кейінгі жараның жазылуы баяу, эпителизациясы әлсіз болды. Операциядан кейінгі бесінші күнде науқаста пневмония дамыды.
1. Науқастағы операциядан кейінгі кезеңнің ағымын организм реактивтілігі өзгеруімен байланыстыруға болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Осы мысалда келесі түсініктер «организм реактивтілігі» және «организм резистенттілігі» өзара қандай қатынаста болады – бір бағытта өзгереді ме әлде өзгерістері бірдей емес пе?
3. Зақымдалу кезінде дәнекер тін жасушаларының көбеюін тежейтін гормондарды атаңыз
Жауабы:

  1. Иә, операциядан кейінгі кезеңнің ағымын организм реактивтілігі өзгеруімен байланыстыруға болады. Өйткені, әлсіздік, жөтел ұстамалары, науқастың жасы, өмір салты, яғни 30 жыл бойы күніне 20 дана темекі шегуі, реактивтілікті төмендеткен, сол себепті жараның жазылуы баяу, эпителизациясы әлсіз болған деп айта аламыз.

  2. Берілген мысалда организм реактивтілігі мен резистенттілігі бір бағытта өзгерген. Реактивтілігінің төмендеуінен, ауру тудыратын ықпалға, яғни пневмония қоздырғышы, пневмококктарға организм жауап қайтара алмаған.

  3. Адренокортикотропты гормон, глюкокортикоидтар, қалқанша без гормондары дәнекер тін жасушаларының көбеюін тежесе, тестостерон, соматотропин көбеюін стимулдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет