Ph.G.H.Gell и R.Coombsжіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады. Жауаптарды негіздеңіз.
Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз.
Егер бастан кешкен жай-күйінен кейін алғашқы тәулік ішінде аллерген ағзаға қайта түссе, осы аллергиялық реакцияның клиникалық көрінісі,қайта пайда бола ма? Жауапты дәлелдеңіз.
1.Бұл жерде аллергиялық реакцияның анафилаксиялық, яғни реагиндік түрі дамыған. Анафилаксиялық түрі бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге, яғни тұрмыстық шаңдарга, шөп тозаңдарына, дәрі-дәрмектерге, тағамдық заттарға және жәндіктердің шағуынан дамиды. Олар IgE антиденелерінің ағзасындағы өнімнің айқын өсуімен сипатталады, осы IgE реакциясы аллергиялық реакцияның осы түрінің дамуының негізгі буыны болып саналады. Аллергиялық реакцияның анафилаксиялық түрі дереу дамитын жоғары сезімталдылыққа жатады. Олар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірден байқалады және иммундық глобулиндер қатысатын организмнің гуморалдық жүйесі арқылы дамиды.
2. Патогенезіне келетін болсақ, иммундық серпілістер сатысында аллерген мен макрофагтардың әсерленуінен Тх2 жасушалары интерлейкин-4 өндіріп, В-жасушаларын әсерлендіреді. Кейін олар плазмалық жасушаларға айналып, ІgЕ немесе ІgG4 өндіріп шығарады. Бұл иммундық глобулиндерді аллергиялық антиденелер немесе реагиндер дейді. Олар Fс бөлшегімен лаброциттердің және қан базофилдерінің сыртына жабысады. Адамда лаброциттер теріде, шырышты қабықтарда, тегіс салалы ет жасушаларында көптеп орналасады. Сондықтан ІgЕ осы тіндерге жақсы жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол иммундық Е-глобулиннің Ғав-бөлшегімен байланысып, лаброциттердің түйіршіктерін сыртына шығаруына әкеледі.ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда талшықтардың жиырылуларынан лаброциттердің түйіршіксізденуі болады.
Патохимиялық өзгерістер сатысында лаброциттердің түйіршіктерінен аллергияның медиаторлары босайды. Оларға гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан лаброциттердің қабықтарында фосфолипаза ферменті әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі.
Патофизиологиялық бұзылыстар немесе клиникалық көріністер сатысында гистамин мен простагландин F2 тегіс салалы еттердің (бронхиолалардың, ішектердің) тез қатты жиырылуын туындатады, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан бронхоспазм, ісіну, есекжем, терідегі нүктелі бөртпелер, қышыну т. б. байқалады.
3.Иә пайда болады
Жәндіктердің аллергендерімен жиі байланысу немесе жиі шағу анафилактыкалык реакциялар қаупін арттырады
АУыр анафилактикалық реакциялар бар науқастарда келесі шағулар кезіндегі анафилактикалық реакциялардың қаупі анамнездегі шағуға жергілікті реакциялары бар науқастарға қарағанда жоғары. Шағулар арасындағы аралық неғұрлым үлкен болса, анафилактикалық реакция қаупі соғұрлым төмен болады. Шағу арасындағы аралық неғұрлым үлкен болса, анафилактикалық реакция қаупі соғұрлым төмен болады.
Тапсырма 2.Науқас Ж., 7 жаста, мықын аймағының оң тұсы ауыратындығына шағымданып хирургиялық бөлімшеге түсті.
Анамнезінен: алғашында ауру сезімі эпигастральді аймақта басталып, сосын мықын аймағына көшкен. Жүргенде, жөтелгенде ауру сезімі күшейеді. Бір рет құсқан.
Объективті: дене температурасы 37,8О С, ЖЖЖ – 92 мин-1. Тілі ылғал, ақ түсті жабынды жамылған, іші кернеулі, мықын аймағының оң жағы қатты ауыртады, яғни соқыр ішек орналасқан тұсы. Ішпердені тітіркендіру симптомы байқалады.
Қан талдамасында: лейкоциттер саны 15,3 х 109 /л, ЭТЖ – 21 мм/с.