Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады



бет7/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады;
3) тіркескен сөздер предикативтік емес қатынаста болады
( анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық).
Жалпы синтаксистік қатынастың негізгі екі түрі бар: предикативтік қатынас, предикативтік емес (бейпредикативтік) қатынас. Предикативтік қатынасты білдіретін тұлғалар-сөйлемнің грамматикалық негізін құрайтын бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы предикативтік қатынасты баяндауыштың жақтық, шақтық, модальдық мағыналары белгілейді. Предикативтік емес қатынастың үш түрі бар. Олар: анықтауыштық (атрибутивтік), толықтауыштық (объектілік), пысықтауыштық (адвербиалдық). Бұлардың әрқайсысы өз ішінде жеке грамматикалық мағыналарды бейнелейді. Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді (үлкен үй, он студент, баланың кітабы). Толықтауыштық қатынас қимылдың немесе сапалық күйдің затқа тікелей немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура және жанама объектілік қатынастарға бөлінеді (тауды бұзу, ағашты жару, қаламмен жазу, оқуға ықыласты болу). Пысықтауыштық қатынас мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, амалдық, сын - мөлшерлік мағыналарды білдіреді ( бүгін келу, теңізде жүзу, қуанғаннан секіру).
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нәтижесінде пайда болады, яғни лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым- қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық мағына пайда болады.
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі деп атайды.
Түркітанушы ғалымдардың бір тобы есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Проф. А.П.Поцелуевский сөз тіркесін жеке сөзге балап, оны былай бөледі:1) детерминативті; 2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын болғанмен, автордың сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады. Н.К.Дмитриев пен Н.А.Баскаков «атрибуттық» топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе сөйлем деп таниды.Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зертеудің нысаны еткен - Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркесінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады, сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан қарастырады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі деген термин 1950 жылдардан бері қарай қолданыла бастады. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» атты кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы - сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қарастырылуы.
Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек. Осы шартпен құралған тіркес еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің құрамындағы сөздер еркін қатынаста өзгеріп, алмасып отырады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, грамматикалық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады. Мысалы: асау жүрек, асау қиял, асау жел, тәтті қылық-метафоралық тіркес болса, жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу-тұрақты тіркестер.
Сөз тіркесі синтаксисінің басты зерттеу нысаны - еркін құрамдағы сөз тіркестері. Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі-сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, негізгі мағынаға ие болатын грамматикалық діңгегі - басыңқы сыңары, екіншісі - басыңқы сыңарды айқындап тұрған, оған қатысты әрі тәуелді бөлігі - бағыныңқы сыңары деп аталады. Мысалы: Қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден-бір нышаны болып саналады деген сөйлемде тектіліктің//нышаны деген сөз тіркесін алатын болсақ, тектіліктің-бағыныңқы, нышаны-басыңқы сыңар.
Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп, ал құрамы үш не одан да көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы, киелі//жер, асыл//қазына деген тіркестер жай тіркес болса, сен үшін//келдім, Ертіс өзеніне//құяды, қас пен көздің арасында// келіп қалды деген тіркестерді күрделі тіркестер деп талдаймыз.
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады:
1) Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне–бірі сатылана байланысады. Мысалы, Асқардың көйлегі су болды.
2) Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Бүгін мен мектептен кеш қайттым.
Сөз тіркесін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше. Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер ( сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, поэзияда керісінше орналасуы мүмкін.
Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр-тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек. Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркестер деп танылып жүр. Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Қасындағы Ходжаевқа көзі түсіп кетіп еді, шықшыты бұлтылдап отыр екен.
Лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес деп атайды. Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобына мыналар жатады:
1) Күрделі етістіктер тобы: оқып жатыр, келе бер, келе беретін болды, көріп отыра бер. Мысалы, үйге//келе бер
2) Есім мен көмекші етістіктер тобы: жұмыс істеу, қонақ болу, уәде беру, ағалық ету.Мысалы, келем деп//уәде бердім.
3) Қосарлы есімдер тобы: бірін-бірі, біріне-бірі, өзімен-өзі, жылдан-жылға, бау-бақша. Мысалы, жылдан-жылға//көркеюде.
4) Күрделі есімдер тобы. Бұған енетін сөздердің 1-сыңары барыс, шығыс, ілік септігіндегі есім болып, 2-сыңары осы жалғауларды керек ететін көмекші есімдер не шылаулар болады. Мысалы, Столдың үстінде// тұр.
5)Тұрақты тіркестер тобы. Тұрақты тіркестер 2 түрлі болады:
а) Идиомалық тіркестер:жауырды жаба тоқу, қой аузынан шөп алмайтын, т.б.
Идиомалық тіркестегі сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.
ә) Фразалық тіркестердің мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Мысалы:құралайды көзге атқан, жаны ашу, көзі жету, бас көтеру т.б. Ол бүгінгі келісілген уәдені есіне салды.
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара берік байланыста болулары керек. Мысалы: Сессияның жұмысында кадрларды даярлау мәселелері үлкен орын алды деген сөйлемде сессия, жұмыс, кадр, даярлау, мәселе, үлкен, орын, алу сияқты 7 сөз бар. Осындағы сөздерді жеке-жеке алып қарастыратын болсақ, онда ол жеке лексиканың немесе морфологияның нысаны деп ойлаған болар едік. Ал бұл жерде біз олардың сөйлемдік дәрежеде қолданылуында өзіндік сатылау үдерісінің бар екенін көруге болады.
Жалпы сөз бен сөздің өзара тіркесіп белгілі грамматикалық мағына тудыруына байланысу тәсілдерінің қызметі ерекше. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдер мыналар: 1.Жалғаулар ( септік, тәуелдік, көптік, жіктік): жолдасымен кездесу. 2. Шылаулар: оқыған сайын білу. 3.Сөздердің орын тәртібі: биік тау, жібек орамал, білімді жігіт.4. Интонация: Айнұр-студент.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері синтетикалық, аналитикалық, аналитикалық-синтетикалық тәсіл деп үшке бөлінеді.
Синтетикалық – грек сөзі. Грек тілінің « тізбек», «құрастыру»- синтездің нәтижесінде жасалған, « біріктіруші» деген сөзінен жасалған термин. Сөз тіркесіндегі сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық тәсіл деп аталады. Мысалы: Осы қаланың өзінде қаншама завод салынады, осы аймақтан қаншама кеніш ашылады.
Аналитикалық деген термин грек тілінің «анализдің нәтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сөзінен жасалған. Демек, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады, яғни көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері арқылы байланысу аналитикалық тәсіл деп аталады.
Сөз бен сөзді байланыстыратын аналитикалық тәсілдің бірі - сөздердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінде белгілі жүйелілік бар. Сөз тіркесінің сыңарлары белгілі тәртіппен мағыналық байланыста тіркеседі. Жалғаусыз тұрған орнына қарай байланысқан сөздердің байланысы өте берік болады. Мысалы: Босағада отырған әйелдер өзара күңкілдесті.
Сөз тіркесінде интонацияның да өзіндік қатысы бар. Оның өзі сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатын сөз тіркесінің кейде ерекше айтылуына байланысты жұмсалады. Мысалы: ағаш отын, бұл бала сияқты анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері орын тәртібі арқылы зат есім мен зат есімнің, есімдік пен зат есімнің тіркесі десек, кейде осындай анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері интонацияның қатысы арқылы енді ағаш-отын, бұл-бала сияқты бастауышпен баяндауыштан құралған қиыса байланысқан сөз тіркестері пайда болып отыр.
Сөз бен сөздің арасын байланыстыруда көмекші сөздердің, атап айтсақ, шылау, модаль сөз, көмекші есім, көмекші етістіктің орны ерекше. Мысалы: Қала сыртында көпір арқылы өтетін жол бар екен.
Кейде сөз бен сөзді байланыстыруда модаль сөздердің де қатысы бар. Модаль сөздер көбіне сөз тіркесінің басыңқы сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай отырып, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Мысалы: Дауылпазды көбінесе аңшылар пайдаланып келген көрінеді.
Көмекші етістіктердің де сөз бен сөзді байланыстыруда өзіндік орны бар. Мысалы, Соңғы кезге дейін халқымыздың музыкалық аспаптарынан небәрі төрт қана түрі мәлім еді.
Аналитикалық тәсілдің де, синтетикалық тәсілдің де элементі бар тіркесу тәсілі аналитикалық-синтетикалық байланысу тәсілі деп аталады. Мысалы: Жұмыскерлер шахтаға дейін ақырын аяңдап келді. Байланысу тәсілдерінің аналитикалық-синтетикалық тәсілін іштей жан-жақты талдай келіп, біз олардың мынадай жасалу жолдарын белгіледік.
Көмекші сөздер арқылы жасалуы:
а) көмекші есімдер арқылы: Терезенің алдына//барды.
ә) шылаулар арқылы: Ауылға қарай//жүрді.
б) көмекші етістік арқылы:оны//айтқан емес.
Сонымен сөз бен сөзді байланыстыруда көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары, орын тәртібі, интонация, көмекші сөздер сияқты дәнекерлер қатысады деп білеміз.
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу амалдары деп атайды. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік байланысу амалдары мыналар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.
Қиысу - синтаксистік байланыстың ең көп қолданылатын түрі. Қиысу- сөйлемдегі бағыныңқы мүше мен басыңқы мүшенің жіктік жалғауында жақ-жағынан жекеше-көпше тұлғада грамматикалық мағынасына қарай байланысуы. Мысалы: Ботагөз үй-үйдің арасымен келе жатты.
Матасу - сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің ілік септік жалғауында, басыңқы сөздің тәуелдік жалғауда тұрған грамматикалық байланысы. Мысалы: арбаның//доңғалақтары, өзеннің//жағасы
Меңгеру - сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін яғни, бағыныңқы сөз табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз – басыңқы сыңар етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған орай меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті, есімді, ортақ меңгеру. Мысалы: хатты//оқыды, Жадырамен келді, досына// қарады.
Қабысу-сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланысатын сөздердің барлығы дерлік тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Мысалы: Ыстық//қайрат, күрең//жылқы
Сөз тіркестері тіркесу жолына қарай тікелей тіркес және сатылы тіркес деп екіге бөлінеді. Осы ерекшелік қабысуға тән. Тікелей қабысуда бағыныңқы сыңардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мысалы: мөлдір таза ауа, ұзын сұлу кірпік. Сатылай қабысуда алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі: бір тонна //көмір, қой көзді//жігіт, қылқан жапырақты //ағаш.
Жанасу-сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы бірде алшақ, бірде іргелес тұрып байланысуы. Мұның қабысудан айырмасы - тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Шарықтап ұшу - шарықтап көкке ұшу; ертең бару - ертең бірге бару. Асқар өмірден тосырқап қалғанын енді сезді. Асқар енді өмірден тосырқап қалғанын сезді. Күн бата Еркебұлан келді. Кешеден бері Отарбайдың мінезі түсініксіз болып кетті. Әлсін-әлсін желкесін қаси берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет