3.4. Жұлдыздар
3.4.1. Қалыпты жұлдыздар
Жұлдыздар Ғаламдағы ең көп таралған объектілер. Космос затының 98%-і осы газды шарлардан құралған. Жұлдыздардың негізгі қасиеттері оның массасы, жарқырауы және радиусымен анықталады. Жұлдыздармен алғашқы танысу олардың түстерінің әртүрлілігіне бірден назар аудартады. Ал олардың спектрін қарастыра келе бұл алшақтықтың одан да күштірек екеніне көзіміз жетеді. Әдетте жұлдыздардың спектрі үздіксіз болып келеді.Спектрлердегі негізгі айырмашылық бақыланатын спектрлік сызықтардың саны мен интенсивтілігінде. Спектрлік классификацияның бұл принципі алғаш рет Гарвард обсерваториясында қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |