Жер негізгі 3 геосферадан тұрады



бет16/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану

Барсакелмес қорығы.

Сыр елінде, оның ішінде Арал теңізі аумағында етек жайып жатқан Барсакелмес қорығы еліміздегі басқа 10 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі. Барсакелмес қорығы туралы фильм де түсірілді. «Құландар аралы» атты деректі фильм 2004 жылы Ташкентте өткен кинофестивальде 110-нан астам бақ сынаушылар ішінде үшінші орынға ие болды.



  1. Марқакөл қорығы.

Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз теңгейінен 1440 метр биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы Марқакөл шегінде орналасқан Марқакөл қорығы 1976 жылы аймағындағы орман, көл, өзендерді табиғи қалпында сақтап, аң-құстарды қорғау мақсатында құрылды. Қорықтан Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарды өте көп кездестіруге болады. Ал Марқакөл көлінің суы жұмсақтығы және тұщылығымен ерекше. Лосось отбасылығына жататын учкуч балығы көлдің басты байлығы болып табылады. Бұл қорық туралы да тарихта аңыз көп. Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өзі «Ақбілек» романында арқау етіп, таңғажайып сұлулығы мен тамаша табиғатын әсем қылып суреттеген.



  1. Үстірт қорығы.

Көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтитын Үстірт қорығы еліміздегі ең жас қорықтардың бірі. Соның өзінде оның 35 жылдық тарихы бар. Қорықтың маңайында көптеген тарихи орындарды кезіктіруге болады. Қарамая, Көкесем шатқалдары ондағы тау табиғатын ажарландырып тұр. Балуанияз, Көкесем қорымы, сондай-ақ әлі зерттеле қоймаған Табан-Ата деп аталып жүрген қорымдарды ерекше атап өтуге болады. Үстір қорығы жайлы қызық мәлімет: қорық Маңғыстау облысы бойынша ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы мәртебесіне лайық бірден-бір үміткер. Әр қорықтың өз өзгешелігі бар.



  1. Батыс Алтай.

Кенді Алтайдың сотүстік-батыс бөлігінде орналасқан бұл қорық 1992 жылы ұйымдастырылды. Физикалық-географиялық сипаттамасы: Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан.

Онда қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары сақталған. Батыс Алтай қорығында тайгалық жануарлар мекен етеді. Олар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, суыр, шұбар тышқан және әртүрлі кеміргіштер. Құстар әлемінің 100-ден аса түрлерін кездестіруге болады. Қызыл кітапқа енгізілгендері: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет