Диалогтік
ұстанымның біздің зерттеуімізде орны ерекше.
Диалог
термині
сөздіктерде түрліше түсіндіріледі, мысалы: Тіл білімі сөздігінде: «диалог
(сұхбат) (гр.
Dialogos)
–
әнгіме, сұхбат. Диалогтік сөйлеу – (сұхбаттасу) өзара
тілдесу негізінде ауызша сөйлеу формасы. «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде»: «Диалог – екі немесе бірнеше адам арасындағы әңгіме» делінген.
Қазақ тілі энциклопедиясында: «Диалог (гр.
Dialogos
– сөйлесу, әңгімелесу) –
екі адамның тіл қатысуы», – деп көрсетілген [162].
Диалог – адамды қалыптастыратын құрал ғана емес, танытатын да құрал.
М.М.Бахтин: «Тек қарым-қатынаста, өзара әрекетте адамдағы «адам» ашылады.
Қазіргі педагогикалық технологиялар өзара әрекеттестікке негізделген,
сондықтан оларды екі адамның тіл қатысуы» [162,б. 98] – деп атайды.
Диалог – екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы.
Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогті демократиялық
қоғамдағы қарым-қатынастың басты нысаны деп атауға тұрарлық. Ал
демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде туындаған қандай да болмасын
проблеманы терезесі тең тұлғалардың қарым-қатынасында талқылауға дайын
болып, өзінің конструктивтік көзқарасын басқаларға білдіруге және жеткізуге
ұмтылады. Бұл қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда
болып, басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан
жасалады.
Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогті
әрбір адам өзімен де жасайды. Атақты структуралист Ю. Лотман қарым-
қатынастың (коммуникацияның) схемасын екі түрде былайша көрсеткен:
«Мен
– Ол»
және
«Мен – Мен»
. Бірінші сызбада адамның басқамен жасалған
диалогі, қарым-қатынасы (бөтен адамдар, ақпарат, кітап, табиғат, бүкіл Әлем)
көрсетілсе, екіншіде оның өзімен-өзі жасаған диалог тұр.
XIX ғасырдың 70-жылдары педагогикада пайда болған
Достарыңызбен бөлісу: |