Зерттеу көздері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Зерттеу мәселесі бойынша
отандық және шетел ғалымдарының философиялық, педагогикалық,
психологиялық еңбектері, педагогикалық зерттеулер, оқу бағдарламалары,
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқу құралдары,
мерзімдік
ғылыми-әдістемелік
ақпараттар,
мектептердің
іс-тәжірибе
жұмыстары, озат педагогикалық тәжірибелер, автордың жеке педагогикалық іс-
тәжірибесі алынды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Бірінші кезеңде
(2017-2018 ж.ж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар
жинақталды, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау
жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге
келтірілді. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың
әдіснамалық тұғырлары айқындалып, зерттеудің ғылыми аппараты құрылды.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың теориялық-
әдіснамалық
негіздері
айқындалды.
Теориялық
зерделеудегі
негізгі
категориялардың құрылымы және мазмұндық сипаты түзілді.
Екінші кезеңде
(2018-2019 ж.ж.) бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыдан оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, компоненттері,
өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері, педагогикалық шарттары анықталды.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған метапәндік тапсырмалар жүйесі
жасалды. Студенттерге арнап «Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме»
атты арнайы курс бағдарламасы құрастырылып, тәжірибеге енгізілді.
Анықтаушы, қалыптастыру
және бақылау тәжірибелік-эксперимент жұмысы
жүргізілді.
Үшінші кезеңде
(2019-2020 ж.ж.) Бастауыш сынып оқушыларының
метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған метапәндік тапсырмалар
жүйесі мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш білім
беру пәндерін оқытудың метапәндік тәсілдемесі» атты арнайы курс
тәжірибеден өткізілді. Қалыптастыру және бақылау тәжірибелік-эксперимент
жұмысы жүзеге асып, нәтижелері математикалық-статистикалық өңдеуден өтті,
ұсыныстар әзірленді. Ғылыми-зерттеу жұмысы қорытындыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |