Оқытудың міндеттері: Өсімдік жасушасының пластидасының жасуша бойынша қызметтерін оқып-білу.
Өсімдік жасушасының тургорын және өсімдік жасушасының осмостық қасиеттерін анықтап үйрену.
Пияз қабығындыағы лейкопласты және бидай дәніндегі эндоспермді оқып-білу.
Өткізілу түрі: Тақырып бойынша консультация. Оқытушы студенттермен сабақ тақырыбын талқылайды. Анатомиялық суреттің безендірілуін және дәптердегі жұмыстардың дұрыстығын тексереді, қателерді түзейді, оқып жатқан материалдардың дәйектілігіне көңіл бөледі.
Тақырып бойынша тапсырма: Қызылша корешогын алдымен суға, содан кейін тұз ерітіндісіне салып, көлденең қимасын алу. Боялған вакуольдің азаюына байланысты плазмолизді бақылау
Пияз қабығындағы және бидай дәнінің эндоспермасындағы лейкопластарды оқу. Пияз қабығынан уақытша препарат дайындау. Лейкопласттарды ядро айналасында және басқа да жасушаның бөліктерінде жылтыр дән түрінде бақылау, сұлы зерновкасының лейкопластарында қордағы крахмалдың дәндері түзіледі. Суретте дәннің біреуін салып, алейрон қабатын, лейкопласты және крахмалдың қабатын көрсету.
Қызанақ немесе итмұрын жемістерінің жұмсақ етінің жасушаларындағы хромопласттарды бақылау. Жетілген жемістерде мацерация құбылысын бақылау. Жеміс мякотынан уақытша препарат дайындау. Жасушаларды жабыстыратын пектин суда еріп, жасушалар бір-бірінен айырылады. Табиғатта ол жетілген жемістерде жүреді. Оны табиғи мацерация деп атайды. 1-2 жасушаларын таңдаңыз, суретін салыңыз. Суретте қабығын, цитоплазманы, хромопласты, вакуольды көрсетіңіз.