Ойыл өзені жайылмасындығы өсімдік бірлестіктерінің орналасу заңдылықтары.
Экологиялық қатарларды зерттеу екі көзқарастан практикалық қызығушылық танытады. Біріншіден, ылғалдылықтың, минералды қоректерінің, аэрацияның деңгейін біле тұра , осы немесе кері қорытындылар жасауға болады, яғни осы бірлестіктер есебінен, бұл жерде тіршілік жағдайларын қандай екенін анықтауға болады.
Екіншіден адамның әсерінен қоршаған орта факторлары өзгеруінің потенциалды мүмкіндіктерінің қандай екенін біле тұра, сәйкесінше бірлестіктер құрамының өзгеру барысында болжауға болады. Демек, орнын баса алатын, өсімдіктер алмасуының алғашқы болжамын беру үшін мысалы, лимандық жайылудан кейін, топрақ грунттық суларымен ылғалдануының экологиялық профилі бойынша өсімдік топырақтың өзгеруін білу керек. Көлденең нивелирлеуші профильдер өсімдіктер бірлестіктердің экологиялық қатарынтасқын сулармен басу. Тереңдігі және ұзақтығы көрінетін, эллювиальді және жайылма процестеріне байланысты анықтауға көмектеседі.
Өсімдік бірлестіктерінің алмасуы айтарлықтай қиын, егер жайылма құбылмалы сипатта болса, яғни жердің жоғалауы ойпатпен ауысса. Экологиялық профиль келесі түрмен (арнадан негізгі жағаға дейін) сипатталады:
Өзен арнасы;
Жағалаулы талды – құрақты жолақ;
Өлең – бидайықты, ылғалды;
Айрауық – құрақты және одан кейін дәнді - әртүрлі шөпті көлденеңді көтерілу бойынша;
Дәнді – жусанды көтерілу шыңында;
Террассалы төменгі бөлігінде жыңғылдың жеке топтарымен талды әртүрлі шөпті;
Көлденеңді баурайында жусанды – дәнді
Негізгі жағада жусанды көк шұнақ бетегелі бірлестіртер.
Төменгі жайылымның кішкене учаскелерінде өсімдіктер бірлестігінің ауысуы келесі жүйелікпен жүреді.(өзен арнасынан негізгі жағаға дейін) қоға – құрақты – қамысты – құрақты – айрауық – дәнді – әртүрі шөпті – көк шұнақ бетегелі.
Негізгі өсімдік типтерінің сипаттамасы.
Өзен алқабының өсімдік жамылғысына келесі өсімдіктер бірлестіктер типтерімен сипатталады:
1.Сулы және сулы жағалаулы.
2.Шалғынды.
3. Ағаш бұталы.
1.Сулы және сулы жағалаулы бірлестік.
Сулы бірлестік балдырлы, егеушөп – балдырлы, балдырлы – мүйізжапырақты бірлестіктер аз тұздалған суқоймаларда, және шалаң тұздалған суқоймада кездеседі. Сулы – жағалы бірлестік құрғақты, құрғақты – қоғалы, қоғалы және қамысты бірлестіктермен сипатталады.
2.Шалғынды бірлестік.
Алқаптың жайылма бөлігінде және жайылма үсті шалғынды сор жерлерде жиналған. Түрлішөптесін – дәнді және дәнді шөптесін бірлестіктер кешенімен сипатталады, олар негізінен ірі мүйізді мал мен қой үшін жазғы жайылым және қорек ретінде жүреді. Бұған батпақтанған шалғын, нағыз(жайылма) және дала шалғындары кіреді. Олар ылғалдылығы жағынан жүйелі жоғары экологиялық қатарды көрсетеді.
А) Батпақтанған шалғын. Барлық бірлестіктер көбінесе таза түйнек қамысын (Bolboschoenus maritimus), қияқпен (Carex melamostachуa), шабындықпен (Juncus gerardu) жәнебалшықшөп (Eleocharis oxуleрis) көрінеді
Мелиоративті шараларды жүргізбейбатпақтанған шалғындар қоректік құндылығые көрсетпейді және шөпке шабылмайды.
Б)Ойыл өзенінің нағыз шалғындардары негізінен лимандық тип болып табылады, яғни өзен ағысынан кейін ұсталып қалған сумен суландырлады. Шалғының сипатын, оның экологиясын және оған кіретін өсімдік топтарының әртүрлілігін мына факторлармен анықтайды : ағыстың әсері (жайылма суларының тұру биіктігі және олардың ұзақтығы) және грунттық суларның минералдану деңгейі седиментация сипаттамасы.
Топырақ қарашірікпен бай және борпылдақ. Кең таралған шалғындар:дәнді, дәнді – шөптесін, түрлі шөптесінді және шабындықтан тұратын шалғындықтар болып табылады.
Дәнді шабындықтардың ішінде құрақты, бидайықты, түлкіқұйрық, айрауық және арпабас бірлестіктер кең таралған.Әртүрлі шөптер аз мөлшерде кездеседі.шөптің биіктігі бұл шалғында өте қалың, орташа, биіктік 80см. Пішенің өнімі айтарлықтай жоғары және орташа алғанда жыл бойынша 15 – 20 – дан 32 – 45 ц/га аралығында өзгереді. Мұндай шалғындарды жүйесіз суару кезінде жиі топырақтың батпақтануы және сортаңдануы жүреді, дәнді өсімдіктер шірейдіжәне шөптің бітіктігіне маңызды рольде қоректік құндылықта төмендетіндігін, қияқ алады.
Дәнді – әртүрлі шөптесін шалғын. Дәнді фракцияның жиынтық құрамымен және жалаң сулымен эстрагон жусанымен нағыз қызылбояушөп, дала шырмауығымен сипатталады. Бұл шалғындардың бітіктігі айтарлықтай қалың және өнімділігі 40 – 45 ц/га құрайды.
Әртүрлі шөптесін шалғын жайылмада ылғалдылығы бойынша орташа деңгейді алады. Қалың биіктігі 60 – 80 см шөптесін жамылғысындабатпақты қалден, шалғындық әйкен, тергүл, үлкен жолжелкен және т.б. кездеседі. Дәнді өсімдіктерден бидайық, қоңырбас, құрақ кездеседі. Құрғақ жерлеріне шоғырланғанда, дала тікенқурай, пішенің құндылығын қатты төмендететін жалпақ жапырақты көкбас сияқты өсімдіктер түрлерінен тұратын, әртүрлісор шөптер кездеседі. Бұл шалғындардың өнімділігі 20 - 30 ц/га – ға тең.
В) Дала шалғындары. Негізінен тарақбидай қияқжәне дәнді – жусанды бірлестіктермен сипатталады. Негізгі жүйесіз жайылымнан кейін ақмияғ сүттіген, миямен басылған. Көбінесе бұларды шапайды, сондықтан шалғындардың бұдан әрі ластануына әкеледі.
3.Ағашты бұталы өсімдіктер.
Оңтүстік өзенге тән, нағыз «тоғай» ойыл өзенінің алқабында жоқ, бірақ ағаштар тобынан көп ұзын бағанды талдар кездеседі. Бұлар Ембі және Орал өзенінің алқабына тән дала уремами болып табылады. Олар үлкен алаңдарды құрамайды және Саралжын және Берсиев ауылдарының маңында аз ғана көлемде кездеседі. Ойыл өзенінің Қиыл өзені сағасына құйылысында, кең жайылымда ағаш тоғайларының негізінде Саралжын орман шаруашылығы (1504га), ал ауданның орталықтан 5 -8 км Ойыл өзенінің төмен ағысында Екпетал орман шаруашылығы 19085га құрылған. Орман алқаптары теректің, талдардың, қайыңдардың, шегіршендердің жасанды егулерінің есебінен кеңейген. Негізгі терек учаскелерінің орман түзуші жынысы, бальзам иісті ақ терек болып табылады. Сонымен бірге ұшты жемісті жиденің және бесаталықты талдардың жеке учаскелерін кездестіруге болады. Шөп жамылғысы түрлерімен өте бай және шалғынды сипатқа ие. Тал бірлестіктерімен өзен арнасынң учаскелерінде немесе жайылмаларының төменгі террассаларында аз ғана куртинкімен кездесуге болады. Олардың көп бөлігі бұтақшықтар каспийлік үш аталықты тал болып табылады. Шөп жамылғысы анық емес флоралық құрылымға ие. Кейде талдардың ішінде тобымен жыңғылдар кездеседі. Ауданы үлкен емес бірақ олар көбінесе шілденің басында, гүлдену кезінде, өзіндік ландшафт құрайды.
Негізгі бірлестіктердің сипаты бізге экологиялық принципте беріледі, себебі олар грунттық суларын және олардың минералдану режиміне бағына отырып, шалғындар зональді климаттық жағдайларға аз тәуелді.
Жайылманың ең әдеттегі және тұрақты бірлестіртеріне жататын, 45 геоботаникалық сипаттар келтірілген.
ІІ.2. Барқын құмы топырағындағы ластаушы заттар
ІІ.2.1 Барқын құмының санитарлық жағдайы
Жалпы топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштер негізінде бағаланады, солардың ішінде:
санитарлық саны (азот белогының жалпы органикалық қосылыстарға қатынасы);
ішек таяқшаларының болуы (коли-титр);
шыбын личинкалары;
гельминттер жұмыртқалары.
Осылардың негізінде топырақтың санитарлық жағдайының кешенді гигиеналық көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады.
Осындай берілген көрсеткіштер кешені арқылы топырақты таза немесе лас деп бағалайды.
Барқын құмы топырағының санитарлық жағдайын таза деп бағалауға болады, себебі құмды топырақта ішек таяқшалары, шыбын личинкалары, гельминттердің жұмыртқалары жоқ, сонымен қатар санитарлық саны-0,99 болып келеді.
ІІ.2.2 Барқын құмындағы ластаушы химиялық заттар
Топыраққа экзогенді химиялық заттардың түсуін әрқашан халық денсаулығы және қоршаған орта үшін қатерлі деп қарау қажет. Топырақтағы ластаушы заттар екі көрсеткіш бойынша: шектеулі рұқсат етілген (ШМК-ПДК) және уақытша рұқсат етілген мөлшерлермен (УШМК-ВДКп) нормаланады.
Барқын құмының құмды топырағында осы көрестілген химиялық заттар мүлдем жоқ немесе өте аз мөлшерде, бұл осы құмды алқап орналасқан аймақта өндіріс орындарының, жол тораптарының, ауыл шаруашылығы мен кешенді мал шаруашылығының және елді мекендердің жоқтығымен түсіндіріледі.
Қорытынды
Барқын құмы-аудан өңірінде ерекше қорғауға алынған жер болып табылады. Оның аймағы 17232 га жерді алып жатыр. Құмының ұзындығы 18 км, ені 7 км аумақты алып жатыр. Шығысында «Қуырдақты» өзені, батысында Ойыл өзені ағады.
Барқын құмы көшпелі құм санатына жатады. Көшпелі құмды тоқтату мақсатында 1896 жылдан бастап қарағай, терек, қараағаш, қайың, тал тәрізді ағаштар отырғызылған. Сонымен қатар ағаш отырғызылмаған бос жерлерінде, жусан, изен, кәдімгі адыраспан, жыңғыл секілді өсімді түрлері өссе, құмның негізгі өзен жүйесі-Ойыл өзені аңғарының маңында, сулы, сулы-батпақты, бұталы өсімдіктер өседі. Жалпы Барқын құмында ҚР Қызыл кітабына енген емдік шөптер көптеп кездеседі. Бірнеше жеуге жарамды түрлі саңырауқұлақтарда бар.
Барқын құмының релефі дөңесті және дөңесті тізбекті, кейде барханды кейбір учаскелер жазықтық рельефпен сипатталады. Абсолюттік биіктік 100 – 130 м биіктікте ауытқиды. Құмның сумен қамтамасыз етілуі әлсіз, бірақ грунт 3 – 8 метр тереңдікте кездеседі. Соған қарамастан жерасты суының қоры шектеулі, дегенмен оған қарағанда тереңдегі грунт суларының қоры көбірек, ол құмның әр түрлі бөліктерінде сақталған. Олардың көбісі өте тұзды және ауыз су ретінде пайдалануға қолайсыз болып келеді.
Барқын құмы топырағының санитарлық жағдайын таза деп бағалауға болады, себебі құмды топырақта ішек таяқшалары, шыбын личинкалары, гельминттердің жұмыртқалары жоқ, сонымен қатар санитарлық саны-0,99 болып келеді.
Барқын құмының құмды топырағында осы көрестілген химиялық заттар мүлдем жоқ немесе өте аз мөлшерде, бұл осы құмды алқап орналасқан аймақта өндіріс орындарының, жол тораптарының, ауыл шаруашылығы мен кешенді мал шаруашылығының және елді мекендердің жоқтығымен түсіндіріледі.
Барқын құмының құмды массивтері аллювиалды – құмды шөгінділермен ерекшеленеді. Топырақ түзуші жыныстар ретінде қатпарлы құмдақ болып саналады. Топырақ беті ашық каштанды құмдақ топырақ пен сипатталады.
Құмда ылғалдылықтың төмен болуына байланысты мұндағы климаттық жағдайлар ауылшаруашылық дақылдарды өсіруге қолайлы емес, сонымен қатар мұнда топырақтың ылғалдылығы өте аз болуымен бірге органикалық заттарға өте кедей болып келеді. Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 170 – 220 мм, құрайды, ал жылдық ауа температурасы 4,2º. Жылдың жаз мезгіліндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 27 % жетеді. Табиғи шаруашылық қарым – қатнасында, бұл зона топырағы мал шаруашылығына жайлы. Себебі, ашық каштанды топырақтар жайлымға пайдаланады.
Барқын құмының баурайы жанға сая,ауасы,құмы өте пайдалы.Жазда Барқынның әсем табиғатында балалар демалып,салауатты өмір салтын ұстанып,асыр салып шынығады.С Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінің Ойыл селосындағы «Көкжар-Барқын» балаларды суықтыру кешені жыл сайын қызмет етеді.Сондай ақ, Сәкен Займулдиннің ұйымдастыруы мен демалыс лагері жұмыс жасап келеді.Балалар Барқын құмында денсаулыққа шипа ретінде пайдаланып,қыздырынып табиғи байлығын мақтан етіп демалады.
Және де Барқын құмына жергілікті аудан тұрғындары емделу мақсатында келіп-кетіп жатады. Құм әсері бел ауруы, ревматизм, қол тамырларыныі ісінуі, буын аурулаынан емдеп жазады. Жылына 700-1000 адам осы құмды емге пайдаланады. Аудан орталығы Ойыл селосындағы және Қаратал селосының тұрғындары осы Барқын құмына ас қорыту мүшесін, созылмалы гастрит, аш ішек ауруларын, бүйректің және өт пен дәрет жолдарының созылмалы аурулурын, зат алмасу, жеңіл түрдегі қант ауруларын емдеуге өте пайдалы деп есептейді. Міне, осындай жоғарыда көрсетілген көптеген қасиеттерді бойына жинаған «Барқынның» таң ғажайып сұлулығын тамашалауға барша жұртты шақырамыз!
Жалпы Барқын құмының ішкі табиғи потенциалы жоғары, экологиялық жағдайы қанағаттанарлық деп бағалауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Қазақстан Республикасының 2008 – 2010 жылдарға арналған Қоршаған Ортаны қорғау» бағдарламасы. Астана – 2007
http // www.aktobe info. кz \\ т Решение экологических проблем Актюбинской области не терпит отлагательства, 01.04.2007
Ақтөбе облысының географиялық даму мәселелері Ақтөбе 2006
Ақтөбе энциклопедиясы – Ақтөбе 2001ж
Ақтөбе қаласының бас жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 350 Қаулысы.
Бозшатаева Г. С. Оспанова Г. Т. Экология Алматы 2002
7. Минц А.А. Экономическая оценка естесственных ресурсов. М., Наука, 1972;
8. Лесное хозяйство и защитное лесоразведение. М.,59 Под общей ред. В.И.Бовина;
9. Н.Н.Падий, «Краткий определитель вредителей леса», «Лесная промышленность»М 72;
10. Д.Д.Минин. «Сбор и хранение семян древесных, и кустарниковых пород» Гослесбумиздат. М.72;
11. Орман шаруашылығы терминдерінің орысша-қазақша түсүндірме сөздігі, Алматы «Қаржы қаражат» 94;
12.Орысша-қазақша оқушыларға студенттерге арналған сөздігі «3000 слов», Алматы «Аруана» баспасы ;
13.Жасыл орман ел дәулеті құрастырған Н.Төлепбергенов. Алматы 84;
14.А.Н.Протасов, «Типя лесных культур Казахстана», Алматы «Қайнар» 65;
15. М.Т.Гончар, «Биологические взаимосвязи древесных пород в лесу»;
17.М.А.Бикмуханбетов и А.Ф.Родомонино краткая характеристека почв и земельных ресурсов Актюбинский област. Алма - ата - 1964
18.А.Г.Новикова, Д.М.Сторженко, А.Н.Тюрменко почвы казахской ССР выпуск .11.Алма – ата -1968
19.Агелеуов Е.А. Телеуов А.Н.Легкие нашей землей. Актюбе 1992
20.От Урала до Арала 25.07.86г
21.А.А.Чибилев река Урал Ленинград Гидрометеоиздат 1987.
Қосымша материалдар
Барқын құмының жалпы бейнесі
Достарыңызбен бөлісу: |