Боялған фигураның көшірмесін жасау керек. Ол үшін: фигураны белгілеп, тышқанның сол жағымен орнын ауыстырып, қоятын кезде тышқанның оң жағын басу қажет.
Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып (162-суретте көрсетілгендей) фигураның жиілік санын көбейтеміз.
Енді дайын болған фитиль мен бомбаны біріктіреміз, Interactive Envelope (Интерактивная оболочка) құрал-сайманының көмегімен біраз майыстырамыз (163-сурет).
Бомбамыз жанып тұрған болғандықтан, оттың суретін салу керек. Ол үшін бізге таныс Star Shapes (Звезды) құрал-сайманын пайдаланамыз. Осындай жұлдыздың екеуін салу қажет.
Салынған жұлдыздың біреуі - үлкен және түсі - сары болу керек, ал екіншісі - кішірек, түсі - қызыл болу қажет және екі жұлдыздың да сыртқы контурын алып тастау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |